Тілін кеспек болған: Павлодарлық бала бұл оқиғаны ойдан шығарған болып шықты
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті баланың соққыға жығылғаны туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық іс шеңберінде полиция қызметкерлері аталған ауданда кешенді шаралар жүргізді.
"Көршілерді сұрастыру, оқиға орнын қарау және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдау нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың соққыға жығылғаны туралы деректер расталмады", - деп жазылған хабарламада.
Бала аулада ойнап жүріп, қызық көріп ерні мен тілін металға өзі тигізгені анықталды. Қан көрген соң қорқып, әкесінің назарын аударту мақсатында оқиғаны ойдан шығарған.
Баламен анасының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкіліне мектеп психологының консультациясына жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар бала сауыққаннан кейін оның және заңды өкілінің әрекеттері Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.
Еске сала кетейік, 2018 жылы туған баланың анасы 10 жас шамасындағы екі бала ұлын ұрып-соғып, тілін кеспек болғанын хабарлаған еді. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтау және оларды ұстауға бағытталған қажетті шаралар жүргізуге кіріскен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 21:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















