Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

Басым міндеттер айқындалды

Басым міндеттер айқындалды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ел игілігі үшін ең маңызды құжат

Олжас Бектенов еліміздің одан әрі дамуы үшін Негізгі заңның ерекше маңызын атап өтті. «Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын ай­қын­­дайтын негізгі құжат. Ата заңның қабыл­­дануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жап­пай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көр­сеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік инсти­туционалдық негізін қалып­тастырады. Президент жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалып­тастыратын белсенді қатысушыға айналуымыз керек екенін атап өтуде», деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын атап өтті. Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің бар­лығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайық­ты деңгейде қамтамасыз ету, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ отандастарымыздың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалып­тастыруға бағытталған. 

18 заңға түзету енгізіліп жатыр

Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет бас­шысының жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Ол жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтар – әділдік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық жауапкершілік – бүгінгі елі­міздің ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да бас­ты негізі екенін атап өтті.

«Біз үшін айрықша маңызды өзге­рістердің бірі – мәдениет, ғылым мен білімнің мемлекеттің стратегиялық басымдықтары деңгейіне көтерілуі. Конституцияда алғаш рет ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамыту мемлекеттің тікелей міндеті ретінде бекітілді. Бұл – мәдениеттің енді рухани құнды­лық қана емес, қоғамдық тұтастық пен елдің ұзақмерзімді дамуының негізгі фактор­ларының бірі ретінде танылғанын білдіреді», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Аида Балаева Конституция талаптарына сәйкес келтіру мақсатында тағы 18 заңға түзетулер жасалып жатқанын айтты. Атап айтқанда, сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстарды өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайы­рымдылық, мәдениет, кинематография жөнінде, сондай-ақ Конституциядан тікелей туындайтын өзге де заңнамалық өзгерістер енгізілмек.

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылғаны айтылды. Осыған байланысты жуырда «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Сондай-ақ бірқатар заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді. Оның аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындал­ды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясы­ның аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Аида Балаеваның айтуынша, Конституцияда «Некенің ер адам мен әйел адам арасындағы ерікті және тең құқықты одағы» екендігі нақты бекітілген. Осыған орай Министрлік неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысын жүргізіп келеді. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, Ұлттық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ діни салада қолданыстағы бірқатар қағидаттарға конституциялық мәртебе беріледі. Атап айтқанда, мемле­кеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің теңдігі, діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітілді. Бұдан бөлек, рухани білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты да конституциялық деңгейде айқындалды. 

Негізгі заңның нормативтік базасы қалыптастырылды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президенттің жаңа конституциялық модельге көшу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елде заңнаманы ауқымды түрде жаңғырту басталғанын жеткізді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде 5 дербес конституциялық заң қабылданды, сондай-ақ қолданыстағы 9 конституциялық заң, 15 кодекс және 51 заң сәйкес келтірілді. Бұл өзгерістер Парламенттің бір палаталы моделіне көшудің, тамыз айында Құрылтайға сайлау өткізудің құқықтық негізін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ Әділет министрлігі бұ­рынғы конституциялық модель кезін­де қабылданған Құқықтық саясат тұжы­рымдамасын қайта қарауды бастады. Құрылтай қалыптасқанға дейінгі сайлау кезеңінде мемлекеттік органдар азаматтық, әлеуметтік саясат және цифрлық ортадағы деректерді қорғау мәселелерін реттеуді жаңарту тәсілдерін әзірлейді. 

Халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған

Отырыста сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Халықтың нақты табысын арттыру – Үкімет үшін негізгі басымдық. Осы мақсатта Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агент­тігімен бірлесіп Макро­экономикалық тұрақ­тандыру және халық­тың әл-ауқатын арттыру жөнін­дегі 2026–2028 жылдарға арналған бағдар­ламаны жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ биыл біз Халықтың табысын арттыру туралы жеке бағдарлама қабылдадық», деді С.Жұманғарин.

Елімізде жалақыны арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, борыш­тық жүктемені азайту мен кәсіп­керлікті дамытуды ынталандыру шара­лары қабылданатыны айтылды. Сондай-ақ қарсы міндеттемелерді орындау арқылы айлық жалақының ең төменгі мөлшерін, азаматтық қызмет­ші­лердің жалақысының, жалдамалы жұмыс­керлердің табысын арттыру мәселесі қаралатын болады. Халықтың кредиттік жүктемесі мәселесі мен тұтынушылық кредиттердің өсуіне ерекше назар аударылды. Үкіметтің басты бағдары халықтың нақты табысының 2–3%-дан жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету болып отыр.

Серік Жұманғариннің мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында ел экономикасы 3,7%-ға өсті. Былтыр эконо­миканың өсуі 6,5%-ды құрады, бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. 

Цифрлық дамуға құқықтық негіз

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуын­ша, кейінгі алты айда елдің цифрлық дамуына қажетті құқықтық негіз айтар­лық­тай нығайды. Жаңа Конституцияда азаматтардың цифрлық құқықтары бекітіліп, Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы», «Цифрлық активтер туралы», «Киберқауіпсіздік туралы» заңдар қабылданды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan компаниясының 2029 жылға дейінгі стратегиясын бекітті.

Жаслан Мәдиев өңірдегі алғашқы суперкомпьютерлік кластерлер іске қосылып, оларды ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар мен бизнес пайдаланып отыр­ғанын баяндады. Биыл әлемдік деңгейдегі деректер орталықтары алқабының құрылысы басталды. 2028 жылға дейін ауылдардың 92 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, 20 ірі қалада 5G желісі дамытылмақ.

Қазір негізгі шешімдер қабылданып, базалық инфрақұрылымның құрылысы басталған «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы қаралды. Жасанды интеллект министрлігіне «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, жобаға шетелдік капитал тарту қарқынын арттыру тапсырылды.

«Президент жасанды интеллект жобаларын цифрлық сүйемелдеу мен дамытуды қамтамасыз етуге қабілетті кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. Биыл Qazaq AI Reasearch University жасанды интеллект саласындағы кадр­ларды даярлаудың негізгі орталықтары­ның бірі болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, аталған мәселені ерекше бақылауда ұстауы керек», деп тапсырма берді Премьер-министр. 

Электр энергиясы: дефициттен профицитке

Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің энергетика саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында еліміз 2027 жылдың басынан бастап электр энергиясына деген сұранысты толық қамтамасыз етіп, кейін профицит қалыптастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір елдің энергожүйесіне жалпы қуаты 27,1 ГВт болатын 254 энергия көзі кіреді. Былтыр электр энергиясын өндіру көлемі рекордтық 123,1 млрд кВт/сағатқа жетсе, тұтыну 124,6 млрд кВт/сағатты құрады.

Министрдің дерегінше, 2029 жылға дейін 13,3 ГВт жаңа қуат іске қосылады. Бұл экономика мен халықтың ғана емес, жасанды интеллект пен ірі деректерді өңдеу орталықтарының да электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар «таза көмір» технологиясына негізделген ұлттық жоба аясында жалпы қуаты 7,8 ГВт болатын ­19 энергетикалық жоба жүзеге асырылып ­жатыр. Олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-3, Курчатовтағы ЖЭС ­және Көкшетау, Семей, Өскемен қалала­рын­дағы жаңа жылу электр орталықтары­ның құрылысы бар.

Энергетика министрлігі Көлік ми­нистр­лігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірге тез арада авиаотынды сақтап, таратуға арналған нысандар­ды жаңғырту мен салудың егжей-тегжей­лі жоспарын әзірлеуі қажет. Аталған жұмыс жылдам дамып келе жатқан авиа­ция саласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін озық қарқынмен жүруі керек.

«Президент Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір стансасы құрылысының созылып кетуін орынды сынға алды. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен, Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, генерация саласындағы жобалардың белгіленген мерзімде уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын», деді Премьер-министр Олжас Бектенов. 

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Биыл өңдеу өнеркәсібінің өсімі 9 па­йызға жетіп, оған жаңа өндірістік қуат­тардың іске қосылуы ықпал етті. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтып берді. Жыл соңына дейін құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Құрылыс саласында бес айда жұмыс көлемі 13,4 пайызға өсіп, биыл 20 млн шаршы ­метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сон­дай-ақ 1 шілдеден бастап жаңа Құры­лыс кодексі күшіне енді. Коммунал­дық инфрақұрылымды жаңғырту аясында 2030 жылға дейін 5 мың шақырым ­су құбыры, 2,8 мың шақырым кәріз желісі жаңартылып, 45 кәріз тазарту нысаны ­салынып немесе қайта жаңғыртылады.

Өнеркәсіп министрлігі отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу арқылы олардың өндірістік қуаттарын арттыру үшін жағдай жасауы қажет. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көлемінің пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Инженерлік инфрақұрылымды уақтылы жүргізу, құрылыс жұмысының сапасы ерекше бақылауда болуға тиіс. Биыл өңдеуші секторда 200-ге жуық жаңа жоба іске қосылады деп күтіліп отыр. Мәлімделген инвести­циялар көлемін тартып, озық технологияларды енгізу керек. Өнеркәсіп министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір жобаны бақылауда ұстау тапсырылды.

«Мемлекет басшысы фармацевтика саласының орнықты өсімін атап өтті. Осы маңызды бағыт бойынша қол жеткізілген қарқынды сақтай отырып, саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ету қажет», деді Үкімет басшысы. 

Көлік саласы көңіл көншітеді

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев­тың айтуынша, кейінгі бес жылда көлік саласының жалпы өнім көлемі үш есе өсті. Теміржол инфрақұрылымын дамыту аясында 754 шақырым жаңа жол салынып, ­3 мың шақырым желі жаңартылып ­жатыр. Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дар­база – Мақтаарал» учаскелері пайдала­ну­ға беріліп, Астана – Қарағанды бағытын­да үшінші жолдың құрылысы басталады. Сондай-ақ елдегі жаңғыртылатын 124 теміржол вокзалының алғашқы 30-ы іске қосылды. Автожол саласында биыл 10 мың шақырым жол жөнделеді. Алты ірі әуежайды дамыту мен елордалық әуежайдың жаңа инфрақұрылымын салу жобалары қолға алынған. Министрдің сөзінше, жүк авиациясын дамытудың бес жылдық жоспары еліміздің транзиттік әлеуетін күшейте түспек.

Көлік саласында жаңа теміржол желілерін салу мен вокзалдарды жаңғыр­ту жобаларын аяқтау қажет. «Жезқазған – Қараған­ды» республикалық жолын реконструкциялау басталды, бұл оның өткізу қабілетін жақсартады. Сондай-ақ «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс» жолдарының уақтылы әрі сапалы салынуын қамтамасыз ету тапсырылды. Келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды аяқтау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қысқа мерзімде Астанада жаңа әуежай салуға кірісу қажет. Елорда әкімдігіне жобаны жүзеге асыруды бастау тапсырылды. Үкімет оны уақтылы іске қосу үшін қажетті қолдау көрсетеді. 

Жұмыспен қамту жандана түседі

Биылғы бірінші тоқсанда жұмыс­сыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 228 мыңға жуық адам қамтылып, экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 миллионы ашылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Асқарбек Ертаев алдағы кезеңде жұмыспен қамту саясаты бел­сен­ді модельге көшетінін айтты. Мансап орталықтарының жұмысы жаңартылып, негізгі назар жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға аударылады. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері енгізіліп, жұмыс орындарын ­квоталау жүйесі автоматтандырылады.

Жалпы, елімізде әлеуметтік көмек­тің көпдеңгейлі және атаулы жүйесі қалыптасқан. Көмек шынымен мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік кепілдік­тері сақталады. Еңбек министрлігіне цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жүйелі жұмысты жалғастыру тапсырылды. Олжас Бектенов жаңа Конституцияның ережелерін нақты жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. 

Жаңа оқу жылында – жаңа пәндер

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлей­менованың айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы жаңартылып, негізгі басымдық оқушының базалық білімін нығайтуға бағытталады. Осыған байланысты 1–4-сыныптарға арналған математика бағдарламасы қайта қаралып, күрделі әрі жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін тақырыптардың бір бөлігі қысқартылды немесе жоғары сыныптар­ға ауыстырылды. Бірінші сынып оқушы­лары үшін бейімделу кезеңі енгізіліп, тіл­дік пәндердің мазмұны да жаңарты­ла­ды. Сонымен қатар қазақ тілінде алғаш білім алатын балаларға арналған арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы кезең-кезеңімен енгізіледі. Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» және «Жеке қауіп­сіздік» пәндері оқытылады. Олар оқушы­лар­дың құқықтық сауатын, азаматтық жауапкершілігін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Бұған қоса білім беру мазмұнына «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бастамасы енгізіліп, мектеп­тің тәрбиелік бағыты күшейтіледі. 

Кәсіп трансформациясы ұлттық орталығы құрылады

Ғылым мен жоғары білім жүйесін жаңғыртудағы негізгі басымдық – адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, ғылым мен инновацияны қолдау, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды маман даярлаудың ажырамас бөлігіне айналдыру. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Осы мақсатта азаматты мектептен бас­тап жоғары білім мен кәсіби еңбекке дейін қолдайтын үздіксіз даму моделі қалыптастырылады. Соған сәйкес ҰБТ жаңғыртылып, дарынды жастарды ерте анықтау тетіктері енгізіліп, Кәсіптер­ді трансформациялаудың ұлттық орталы­ғы құрылып жатыр. Сондай-ақ әскерден келген жастарға жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар бөлінеді. Мақсат – кәсіби білімімен қатар, жауапкершілігі жоғары әрі жаңа білім қалыптастыра алатын азамат тәрбиелеу.

Үкімет отырысының қорытындысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталып отыр. Оларды тиімді жүзеге асыру, құқық үстемдігі қағидаттарын нығайту және азаматтардың консти­туциялық құқықтары мен бостан­дық­тарын қамтамасыз ету барлық мемле­кеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты. Жалпыұлттық референдум өткеннен кейінгі айларда жаңа мемлекеттік институттардың қызметі, Құрылтай сайлауын өткізу және негізгі конституциялық реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық негіз құрылды», деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр бірқатар заңға тәуелді құқықтық актілерді қабылдау, салалық заңнаманы кешенді түрде қайта қарау және бүкіл құқықтық жүйені жаңа Конституцияға сәйкес келтіру қажет болатынын атап өтті. Әділет министрлігі­не қолданыстағы заңнаманы жетілдіру ісін үйлестіруді қамтамасыз ету және жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see121

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see118

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see117

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see117

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see115

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see115

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see114

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

01 Шілде 2026 17:53see114

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

01 Шілде 2026 15:54see113

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

01 Шілде 2026 22:48see113

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

01 Шілде 2026 15:51see113

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see112

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

30 Маусым 2026 15:41see112

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

01 Шілде 2026 16:15see111

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see111

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

01 Шілде 2026 19:07see109

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

30 Маусым 2026 18:57see109

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

30 Маусым 2026 21:08see109

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01 Шілде 2026 07:07see108

Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

30 Маусым 2026 19:09see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары