Батыс Қазақстанда 800 ден астам ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққан
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
БҚО ветеринария басқармасынан мәлім еткеніндей, ветеринариялық-санитариялық қағидалар талаптарына сай жасы 12 айдан асқан барлық ірі қара, қой-ешкі малдары бруцеллезге жылына екі рет (көктемде және күзде), түйелер – жылына бір рет, жылқы мен шошқалар ауруға күдіктену болған кезде зерттеледі.
Биылғы үш айда облыс бойынша зерттелген 155 278 бас ірі қараның 827-сінен бруцеллез анықталған, зақымдану көрсеткіші – 0,5 пайыз. Бұлардың 763-і сиыр, 64-і бұқа екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 301-і шаруа қожалықтарына, 526 басы жеке тұрғындарға тиесілі.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соның ішінде, Ақжайық ауданы бойынша бірінші тоқсанда 33 985 ірі қараның 177-сі бруцеллезге шалдыққан болып шықты. Мұның 58-і - жеке тұрғындар, 119-ы -шаруа қожалықтарының малы.
Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес мал иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы негізінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын өндіріс нысандарына (ет комбинаты, сою пункті) тапсыруы тиіс.
- Бруцеллез табылған ірі қара мен шошқаның, түйенің, жылқының ұшасы мен ағзаларында патологиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат мұздатқышта тұрғаннан кейін шектеусіз пайдалануға болады. Ауру қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді, - деп нақтылады ветеринария басқармасы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киіктердің малға ауру таратып жатқаны рас па, соны жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 18:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















