Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Кәсіптің кілті гаражда

Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді

Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елордадағы Паралимпиадалық орталықта параволейболдан ұлттық құрама ойыншылары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алда бірнеше дүбірлі дода бар. Жақында білікті маман Бауыржан Тахауовтан тәлім алатын жігіттердің әзірлік барысымен танысып, бас бапкермен тілдесіп қайттық.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

– Оқу-жаттығу жиынына шақырту алған жігіттердің әлеуеті қандай? Маңызды жарыстарда жігіттеріңіз жанкүйер сенімін ақтауда аянып қалмас.

– Әрине, ең басты мақсатымыз – еліміздің туын желбіретіп, әнұранымызды шырқату. Биыл екі бірдей байрақты аламан түңлігін түреді. Оның алғашқысы – шілде айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін әлем чемпионаты. Бұл сайысқа дүние жүзінің таңдаулы 16 құрама командасы ғана қатысуға мүмкіндік алып отыр. Демек, бәсекелестік өте жоғары болмақ. Қытай елі ұйымдастыратын жаһандық аламанда 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының алғашқы жолдамасы да бәйгеге тігіледі. Бұрын әлем чемпионы атанған құрамаға ғана лицензия берілсе, енді финалға шыққан екінші ұжым да жолдаманы олжалайды. Бәсекелестіктің өте жоғары болуының бір себебі осы. Екінші жарыс күзде Жапония елінде өтетін Паралимпиада аламаны. Төрт жылда бір рет айналып соғатын сайыстың дақпырты жайылып, дүбірі құлақ түбінен естіліп келеді. Сондықтан әзірлікті бір сәтке де әлсіретпей, керісінше қарқынға қарқын қосып шыңдала түсу қажет.

– Одан бөлек, ел біріншілігі де жалауын желбіретеді. Өңірлерде параволейболдың өркендеп, тамыр жаюы көңіл қуанта ма?

– Ел чемпионаты үш турдан өтеді. Алғашқы кезең Орал қаласында ұйым­дастырылады. Параволейболдың өрісі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ұлттық біріншілікке қатысушы командалардың да қатары молығып, бәсекелестік нығая түсті. Осындай қайнаған тартыстың арасынан ұлттық құрама сапына алынатын ойыншылар іріктеледі. 

– Бұрынырақта параволейболдан ұлттық құрама ойыншы­ларының басым көпшілігі Атырау облысы командасының өкілдері еді. Кейінгі жылдары өзге өңірлерден де талантты, өр рухты ойыншылар қатарға қосылған екен.

– Иә, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының  да шебер ойыншылары ұлттық құраманы күшейтуге шақыр­тылып, оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Жастардың параволейболға қызығушылығы артқаны қуантады. Бұл спорт түріне көбінесе тағдырдың қатал сынағына түсіп, жазмыштан аяғынан айырылған жандар келеді. Бұрындары жас­­­тар намыстанып, аса қызыға қоймайтын. Десе де параволейбол тартымды спорт түрінің бірі, командалық ойын. Осыны жан-жақты насихаттап, параспортты өркендету – тең қоғам құрудың тетігі екенін жүрген жерімізде айтып жүреміз. Атан түйенің белін қайыстыратын ауыр жұмыстың нәтижесін енді көріп жатырмыз. Ұлттық құраманың қатары жас­тармен толықты. Параволейбол федерациясының өкілдіктері әр өңірде ашылып, облыстарда осы спорттың дамуы серпін алды. Қытайда өтетін әлем чемпио­­на­тына 17 жастан асқан бір шәкіртіміз Жандос Айтмұханбетті де  қатарымызға қостық. Ересектердің дуына қосылып, шыңдала берсін деп шештік.

– Параволейболшылардың деңгейі жоғарылап, қайрат артып келе жатқанын көріп, көңіліміз қуанады. Мұның сыры неде?

– Былтыр Азия чемпионы атандық. Әлем кубогінде қола жүлдеге қол жеткіздік. Бұрын-соңды әлем кубогінің медалі бізге жалынан ұстатпай келген еді. Жазғы Параазия ойындарында 1994, 1998 жылдары чемпион атанып, 2002 жылы күміс медаль еншілеген құраманың деңгейі одан кейін біршама әлсіреді. 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Параазия ойындарында қола, одан кейін 2022 жылы Ханчжоуда өткен құрлықтың төртжылдық додасында күміс медаль бұйырды. Биыл Жапония елінде өтетін жазғы Параазия ойындарының алтын медалін олжалауға барымызды саламыз. Дүние жүзінде параволейболдан 70-тен астам құраманың рейтингінде біздің жігіттер 5-орында тұр. Яғни үздік бес құрама команданың бірі.

– Параволейболшылардың осындай орасан жетістігінен кейін қолдау, қошемет, анау айтқандай, керемет емес сынды...

– Дұрыс айтасыз, параспорт­шы­­ла­рымыздың әлеуметтік мәселесін айтудай-ақ айтып, көтеріп жүрміз. Бұл жігіттер оқу-жаттығу жиыны кезінде тәулігіне бес сағат уақытын осы спорт кешенінде өткізеді. Тынбай әзірленіп, әлемдік додаларда еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін көтереді, жалауымызды желбіретеді. Хоккей, футбол сынды командалық ойын түр­лерінде спортшылардың қандай мөлшерде жалақы алатынын білесіз. Біздің жігіттер параволейболдан ұлттық құрама қатарында ойнағаны үшін айы сайын 360-380 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бәрі емес, кейбіріне осы соманың жартысы ғана тиеді. Тағдыр сынағынан он екі мүшесінің біріне зақым келіп, таяққа сүйеніп қалғанына арланбайды. Керісінше, әрқайсысы өз шаңырағының тірегі, асыраушысы. Жалқы аяқпен жүріп-ақ, тіпті кейбірі арбамен қозғалады, соған қарамастан өз отбасын асырап отырған жүректі де рухы қайсар жігіттер. Жоғарыда атап өттім, біз қазір әлемнің үздік бес командасының біріміз. Азия құрлығында теңдессіз екенімізді былтыр әйгіледік. Қоңыр күздегі жазғы Параазия ойындарында сенімге селкеу түсірмейміз. Ұлттық құрамадағы отбасылы азаматтардың алды көпбалалы әке – төрт-бес перзенті бар. Ем-домына жұмсағаннан қалған қаражатын шаңырағының қажетіне шығындайды. Кейбір жігіттердің жеке баспанасы жоқ, пәтер жалдап күнелтеді. Осындай әлеуметтік мәселелер оңтайлы шешілсе, спортшыларымыздың көңіліне алаң кірмес еді. Ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды, мемлекет тарапынан дене мүмкіндіктері шектеулі жандардың да спортпен шұғылданып, сайыстарға қатысуына орасан зор қолдау  көрсетіледі. Параспорт түрлері де олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілді, әлемдік сайыстарда алған жүлдеге берілетін сыйақысы да бірдей. Дей тұрғанмен,  бәріміз де адам баласы, пендеміз. Бұл жігіттер де өзге спортшылардың демеушілер, меценаттар қолынан көліктің, пәтердің кілтін алып жатқанын көргенде қызығады. Сондай сәтті өздерінің де басынан өткергісі келеді.

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see115

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see103

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары