Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Бейбіт күннің батыры

Бейбіт күннің батыры

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қауіп пен қатердің ортасында өзгенің өміріне араша болатын құтқарушы әрдайым алдыңғы шепте жүреді.

Солардың бірі - Семейдегі Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлім қызметкері - Мират Бекетов. Ол былтыр Бесқарағай ауданында болған су тасқынында төрт адамның өмірін сақтап қалды. Халықты қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. 

Қазір мен тұрған қайық «Марлин» деп аталады. Осы қайықпен біз Ертіс өзенінің бойымен жүзіп келеміз. Құтқарушылар шомылу маусымынан бастап, күзге дейін осы аумақты бақылауды тоқтатпайды. Мұндағы мақсат судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

Жылда шомылу маусымы басталысымен Мират Бекетов Ертіс бойындағы қауіпсіздікті қадағалауға шығады. Былтыр ол өзен ағысы алып кеткен жеті жасар бүлдіршіннің өміріне араша түсті. Құтқарушы бұл ісін ерлікке баламайды.

Мират Бекетов, 68303 әскери бөлімінің взвод командирі:

- Төтенше жағдай кезінде адамның денсаулығына, өміріне қауіп төнген жағдайда тез арада шешім қабылдау қажет болады. Өйткені біздің іс қимылымыздан адамның денсаулығы мен өімірі байланысты. Мұндай жағдайларда қорқыныш ол табиғи сезім болған соң, әр адамда қорқыныш болады. Бірақ біздің мамандығымыз сол қорқыныш сезімін жою болып табылады.

Мират Бекетовтың әскери салада жүргеніне 14 жыл өтті. Осы уақытта бірнеше адамды өлім аузынан құтқарды. Былтыр өңірде болған су тасқыны кезінде 60 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, гуманитарлық көмек тасымалдаған. Әскери қызметкердің ерлігі әріптестері мен жас сарбаздарға үлгі.

Алтынбек Салтай, 68303 әскери бөлімі Арнайы құтқару жұмыстары ротасының командирі:

- Мират Бекетовпен 2019 жылдан бері бір ұжымда әскери қызмет атқарудамын. Ол ең алдымен адамгерішілігі жоғары, әскери  жағынан табанды шешімдерді тез қабылдайды. Командир ретінді жеке құрамға жақсы қарап, қамқорлық жасайды. Өзінің әскери қасиеттерін табандылықпен үйретуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығымен және құтқарушылар күнімен барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын.

Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімде 500–ден астам әскери бар. Қазір 150-ге жуық сарбаз мерзімді әскери борышын өтеп жүр. Бәрі міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, жауынгерлік және қызметтік даярлық деңгейін жоғары деңгейде ұстап келеді.

Самат Берсембаев, 68303 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы:

- Жеке құрамға қолайлы жағдай жасалған. Асхана, заманауи спорт залдары, монша және медициналық көмек қарастырылған. Әскерилердің спортпен айналысуына, мәдени шараларға белсенді қатысуына мүмкіндік бар. Нағыз әскери адам болу - тек кәсіби дайындықпен шектелмейді. Бұл мінез беріктігін, темірдей тәртіп пен жауапкершілікті, адалдық пен табандылықты талап ететін қасиетті міндет.

Президент жарлығымен қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен жанқиярлығы мен ерлігі үшін Мират Бекетов «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Қауіп-қатерге қарамай, өз өмірін тәуекелге тігіп, өзгелердің өміріне араша түсу оның өмірлік ұстанымына айналған.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы,Мәди Базарбеков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 13:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары