Бектенов халықтың табысын арттыру бойынша тапсырма берді
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында премьер алдымен инфляцияны тежеу және одан әрі төмендету шараларын қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігіне ұлттық банкпен бірлесіп, 20-шы қарашасына дейін инфляцияны төмендету және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған салық-бюджет саясатын үйлестіру жұмыстарын күшейту шараларын әзірлеуге тиіс.
"Әкімдіктер азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігіне апта сайын мониторинг жүргізіп, сауда министрлігіне тиісті ақпарат беріп тұрсын. Ал сауда министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленетін шекті сауда үстемелерінің сақталуын бақылауды күшейтсін, сондай-ақ бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдасын", - деді Бектенов.
Бұдан бөлек, сауда және ауыл шаруашылығы министрліктері екі аптаның ішінде қысқы кезеңге арналған азық-түлік тауарларының жеткілікті қорын қалыптастыруға міндетті. Тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу көлемі де ұлғаюы қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 10:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















