Бектенов: Жыл соңына дейін тариф өзгермейді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Премьер-министр азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Үкімет отырысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы жан-жақты жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі.
«Үкімет ұстамды тарифтік саясатты қолдап отыр. Сондықтан аталған жұмыс ұзақмерзімді қаржыландыру мен монополистердің операциялық шығыстарын қайта қарау есебінен қамтамасыз етіледі.
Жыл соңына дейін халық үшін коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту жоспарланып отырған жоқ.
Жалпы, кез келген тарифтік өзгерісті халықтың тұрмыс сапасы мен мемлекеттің экономикалық саясатының басымдықтарын ескере отырып, теңгерімді түрде жүргізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау, бағаны тұрақтандыру және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Бүгін, 12:01


