Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Кимешекке көмкерілген тарих

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Бензин акцизін екі есеге жуық төмендетпекші жанармай арзандай ма?

Бензин акцизін екі есеге жуық төмендетпекші жанармай арзандай ма?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциз үлесін 95 пайыздан 50 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Ұлттық экономика министрлігі бұл жанармай бекеттеріндегі бағаның автоматты түрде арзандауын білдірмейтінін атап өтті, деп хабарлайды Tengri Auto.

Үкімет қаулысының жобасы 20 қазанда жария талқылау үшін орналастырылды. Талқылау кемінде 10 жұмыс күніне созылады. Одан кейін құжат қалған келісу рәсімдерінен өтіп, Үкіметтің қарауына жіберіледі, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қосымша акциз үлесі 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50 пайыздан 95 пайызға дейін көтерілген болатын.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл уақытша шара: бағаның өсуіне жарияланған мораторий мен отынның көтерме бағасының төмендеуіне байланысты Атырау және Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер жоспарланғандан аз болған. Еліміздегі негізгі мұнай өңдеу зауыттары дәл осы өңірлерде орналасқан.

Енді бұрынғы механизмге қайта оралу ұсынылып отыр. Ведомство акциз үлесін азайту жергілікті бюджеттердің жоспарланған кірісін қысқартпайды деп есептейді: 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде есептеулер 50 пайыздық үлеске негізделіп жасалған. Ал 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттер әлі бекітілген жоқ.

Бұл ретте әңгіме салықтың күшін жою туралы емес, дәл осы қосымша акцизді есептеу тәртібі туралы болып отыр. Ол отын белгіленген шектен жоғары бағамен көтерме саудада өткізілген кезде қолданылады. Қазіргі 95 пайыздық мөлшерлеме Үкіметтің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген.

Жанармай бекеттеріндегі баға өзгермеуі мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі бұл жоба бөлшек сауда бағаларын реттемейтінін және АИ-92, АИ-95 немесе дизель отынының қаншалықты арзандауы тиіс екенін белгілемейтінін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, отын құны нарықтағы сұраныс пен ұсыныс ескеріле отырып қалыптасады.

Сондай-ақ министрлік бұл өзгерістер мұнай өндіруші ұйымдардың экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға және өндірістік қуаттарды дамыту мен жаңғыртуға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін біз 2026 жылдың сәуірінде мораторий тоқтатылғаннан кейін Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуін күтпегенін және баға біртіндеп көтерілетінін айтқанын жазған болатынбыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 12:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see133

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see133

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see133

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

20 Қазан 2026 19:22see130

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

20 Қазан 2026 16:42see125

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

20 Қазан 2026 21:42see124

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

20 Қазан 2026 17:03see122

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see122

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

20 Қазан 2026 17:03see121

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see121

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see121

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see121

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see121

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see120

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see119

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

20 Қазан 2026 17:29see119

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see118

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see117

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see116

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары