Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жемісті жеті жыл

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Несие шарты қатаңдаса, автокөлік бағасы арзандай ма?

Несие шарты қатаңдаса, автокөлік бағасы арзандай ма?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Қауымдастық дерегінше, банк­терге түскен автонесие өтінім­де­рінің саны былтырғы бірінші тоқ­санмен салыстырғанда 11 пайыз азайып, жаңадан берілген көлік кредит­те­рі­нің көлемі 397,7 млрд теңгені құрады.

«Бұған жоғары пайыздық мөлшер­ле­ме­­лер мен қарыз алушыларға қойылатын талап­тардың күшеюі әсер етті. Соған қара­мастан автонесие нарығының сапасы әзірге тұрақты күйінде қалып отыр. Қазір автонесие портфелі 4,1 трлн теңгеге жетсе, мерзімі өткен берешек деңгейі небәрі 2,9 пайызды құрайды. Бұл банктердің қарыз алушыларды мұқият іріктейтінін әрі азаматтардың көлік несиесін төлеу­ге жауапкершілікпен қарайтынын көр­сетеді», дейді қауымдастық өкілдері.

Несие шарттары қатаңдаса, сатып алушылар саны да азаятыны түсінікті. Бұл көліктер бағасының арзандауына әкелуі мүмкін бе? Автонарық сарапшысы Олжас Оқас бұл пікірдің негізсіз екенін айтады. Оның сөзінше, мәселе несиенің пайызында емес, қарыздың берілуі немесе берілмеуінде болып тұр. Банктер клиенттің қарыз жүктемесін, кірістің расталуын және клиенттің сапасын да жіті бақылайды.

«Әлемдік тәжірибеде несие тарихы таза емес тұлғалар оны ала алмайды. Алса да жоғары пайыз арқалайды. Бізде сәл басқаша. Мойнында қарызы көп, ресми жұмыс істемейтін, алғашқы жарнасы аз адамдар тізімнің төменгі жағына кетеді. Бір қызығы, дәл осы санат кейінгі жылдары автонарықты өсірген», дейді О.Оқас.

Бірақ бәрі құрдымға кетеді деуге болмайды. Сарапшы мұның оң салдары да болатынын айтты. Себебі нарық салқындап, несие алушының сапасы артады. Нарық жеңіл ақшаға құштарлықтан арылады. Ал автокөлік өтімділігі басты факторға айналмақ.

«Елдегі нарықтан дағдарыс күтпеймін. Керісінше, оның трансформациясына куә боламыз. Бүкіл әлемдегідей, көлік салоннан шыққаннан кейін арзандайды. Несие алу үшін талап-шартқа сай болуың керек. Дилер клиентті қадірлейді. Қалдық құны жоғары модельдер жақсы бағаланады. Сондықтан жаңа көліктердің қатты арзандауын күтудің керегі жоқ. Иә, салондарда бұрынғыдай сауда қызып тұрмайды. Көлік бағасының төмендеу үрдісі жалғаса береді. Кейінгі бірнеше жылда көлік нарығы несие ақшасына өсті. Тіпті қолданыста болған 10 көліктің 7-еуі несиеге алынған. «Допингсіз» нарықтың жағдайы қалай болатыны алдағы уақыт­тың еншісінде», дейді  сарапшы.

Олжас Оқастың сөзінше, автокөлік инвестиция болудан қалып барады. Жаңа көлік салоннан шыққаннан кейін-ақ 35 пайызға арзандайтыны жасырын емес.

«Пандемия мен дефицит кезінде жүрілген Camry 70-тің құны 27 млнға дейін өскенін еске сала кетейін. Ол заман келмеске кетті. Tucson, Sportage, Elantra, Cerato, Santa Fe иелері ақша жоғалта бастады. Нарық олардың көлігін төмен бағалап жатыр. Кеше ғана 17,1 млн теңге тұратын Hyundai-дың prime-жинақтамасы бүгін 16 млн теңгеге сатылып жатыр », дейді сарапшы.

Айтуынша, бұған нарықтағы жаңа автокөліктердің көптігі себеп болып отыр. Қытай брендтері бай ассортимент ұсынып жатыр. Олар несиеге субсидия жасайды, акциялары бар әрі сатып алушымен саудаласуға да дайын.

«Ал сатып алушы бұрынғыдан әлдеқайда саналырақ. Көлікті несиеге алмас бұрын кепілдігін де ойлайды. Барлық көлік иелері бір ақиқатты түсінетін кезге жетті. Автокөлік – инвестиция емес», дейді сарапшы.

Нарықтағы өзгерісті тек банктердің саясаты емес, тұтынушылардың мінез-құлқы да айқындап отыр. Сарапшы Санат Нұрбай автонесиеге сұраныстың бәсеңдеуіне бірнеше фактор әсер еткенін жеткізді. Оның сөзінше, халықтың қаржылық сауатының артуы да маңызды орын алып отыр. Қазір тұтынушылар пайыздық мөлшерлемеге ерекше мән беретін болған.

«Көліктің бағасы да біртіндеп төмен­деп жатыр. Былтыр 15 млн теңге тұрған көлік биыл 10 млн теңгеге түскенін көзіміз көрді. Халықтың әлі де үміті бар. Көлікті қымбатқа алып қойғысы келмейді. Бір жағынан, қаржы мәселесі де өзекті болып отыр. Көлікті несиеге алғанмен, оны төлей алмай қалудан қауіптенеді. Осының бәрі несиеге деген сұраныстың төмендеуіне әкелді», дейді маман.

Осы тұста жүрілген көліктердің де келе­шегі алаңдатады. Қайталама нарық­тың дәурені бітті, жүрілген көліктер саудасы саябырлап қалды деген пікірлердің бары рас. Олжас Оқастың пайымдауынша, жүрілген көліктер нарығы «өлген жоқ», тек жаңа көліктерге балама болуды доғарды.

«Мысалы, 4 жыл бұрын қалтасында 10 млн теңгесі бар адам жүрілген көліктер қарайтын. Ал қазір жағдай мүлдем басқа. Нарық өзгеріске ұшырады. 10 млн теңгесі бар адам жаңа көлік қарайды. Мұндай ақшаға кем дегенде он бес шақты жаңа автокөлік нұсқасын табасың. Дилер де өз кезегінде ыңғайлы несие бағдарламасын, жеңілдік пен бонус береді. 6 жыл біреудің астында тозған көлікті 13 млн теңгеге сатып алудың мәні қалды ма?», дейді ол.

Сарапшының сөзінше, қазір 3–8 жыл арасындағы көліктер сегменті біршама әлсіреп қалды. Кәріс пен жапон көліктері бұрынғыдай керемет сатылмай жатыр. Бірақ қайталама нарық өлді деуге келмейді. Себебі әр тауардың өзінің иесі бар.

Нарықтағы өзгерістерге қарамастан, көлікті несиеге алу туралы шешім ең алдымен адамның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Экономист Мақсат Халықтың  айтуынша, бірінші автокөліктің жыл өткен сайын құнын жоғалтатын мүлік екенін ескеру қажет.

«Мен экономист ретінде көлікті несиеге алуды құптамас едім. Дегенмен ол сіздің жұмысыңызды жеңілдетсе, қажеттілігіңізді өтер болса, онда алуға болады. Бірақ көліктің бағасы сіздің бір жылдық табысыңыздан аз болуы керек. Мәселен, сіздің айлық табысыңыз 300 мың теңге делік. Онда жылдық табысыңыз 3,6 млн теңгені құрайды. Яғни осы сомадан көлік құны асып кеткен жағдайда, несиеге алудың қажеті жоқ. Егер көлік құны 5,5 млн теңге болып, алғашқы жарнасына 2 млн теңге құйған болсаңыз ғана рәсімдеуге болады», деп түсіндірді экономист.

Мақсат Халықтың айтуынша, ай сайын төлейтін көлік несиесі де айлық табысыңыздың 20 пайызынан көп болмауы қажет.

«Айлығыңыз 300 мың теңге болса, ай сайынғы несие төлемі 60 мыңнан аспағаны жөн. Сондай-ақ несие аларда банктің барлық шартын мұқият қарап шыққан дұрыс: сақтандыру талаптары бар ма, қосымша комиссиялар қарастырылған ба, рәсімдеуде қандай да бір төлем алынатын-алынбайтынын алдын ала анықтап алған жөн. Өйткені бастапқыда тиімді көрінген несие кейін түрлі қосымша шығындар арқылы қалтаға едәуір салмақ салуы мүмкін. Әрине, көлік мінген жақсы. Бірақ ол өзгеге мәртебемізді көрсету құралы емес, күнделікті тіршілігімізді жеңілдетіп, қаржылық мүмкіндігімізге сай қызмет ететін мүлік болуы керек», дейді ол.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see111

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see111

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see110

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see109

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see109

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see109

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see109

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see108

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see108

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see108

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see107

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see106

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see106

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see106

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see105

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see104

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see104

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see103

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see103

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары