Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Автокөлік сатып алудың жаңа тетігі: қазақстандықтарға несие орнына лизинг ұсынуда

Автокөлік сатып алудың жаңа тетігі: қазақстандықтарға несие орнына лизинг ұсынуда

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Автокөлікті лизинг арқылы алу кезіндегі сыйақы мөлшері шамамен 7% болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш несиенің мерзімі 7 жыл болған жағдайда есептеліп отыр. Алайда мамандар бұл тәсілді тиімсіз деп бағалап, үлкен үміт артпайды. Бұған қоса, қазақстандықтардан алғашқы жарна талап етілуі ықтимал, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жуырда билік өкілдері қазақстандықтар енді жаңа автокөліктерді лизинг шарты арқылы ала алатынын мәлімдеді. Яғни, азамат көлікті белгілі бір мерзімге жалға алып, ай сайын төлем жасап, төлем толық аяқталған соң оның иесіне айналады. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, мұндай тәсіл көпшілікке қолжетімсіз болуы мүмкін. Мәселен, несие тарихы нашар адамдар бұл бағдарламадан бірден тыс қалады. Бұған қоса, алғашқы жарна қарастырылған, ал автосалондар көлікті қосымша жабдықтармен бірге сатып алуды міндеттейді.

«Қазір бізге лизингте де алғашқы жарна мен пайыздық мөлшерлеме болатынын айтып жатыр. Бұл сол бұрынғы несие ғой, тек атауы басқа. Лизинг компаниясы автосалоннан көлікті 10 млн теңгеге сатып алады, оған қоса қосымша жабдықтар орнатады. Мысалы, төсеніштер, трекерлер, КАСКО сақтандыруы — тағы 1 млн теңге шамасында шығады. Бұрын базарда 15 мың теңге тұратын төсенішті 150 мыңға сататын, өйткені бұл — олардың шарты, міндетті түрде солар орнатуы керек», — деді автосарапшы Еркебұлан Құлбасов.

Сарапшының пікірінше, лизинг алғашқы жарнасыз және жоғары пайызсыз қолжетімді болуы тиіс. Себебі лизинг компаниялары табысын айналым көлемінен-ақ табады. Сондай-ақ ол лизинг арқылы көлік алғандарға жылына 15 мың шақырымнан артық жүрмеу талабы қойылып отырғанын айтты. Бұл оның ойынша — қисынсыз, себебі көптеген адам такси қызметімен айналысып, отбасын сол көлікпен асырайды. Алайда банк саласының сарапшысы Нұржан Бияқаев мұндай шектеу ресми түрде жоқ екенін жеткізді.

«Ондай шектеу жоқ, әрі қаржылық лизинг туралы заңда да мұндай норма қарастырылмаған. Көлікті жеке мақсатта пайдалануға болады, кейбіреулер қосымша табыс үшін такси қызметін көрсетуі мүмкін. Лизинг беруші тарап жыл сайын техниканың жағдайын тексеріп, ұрланбағанын немесе бөлшектелмегенін бақылауы мүмкін», — деді тәуелсіз банк сарапшысы Нұржан Бияқаев.

Сауда министрлігінің құжатында автокөлікті лизингке беру мерзімі оның пайдалы қызмет ету мерзімінің 75%-ынан аспауы тиіс деп көрсетілген. Бұл шамамен 4 жылға тең. Ал жалпы пайыздық мөлшерлеме 46%-дан аспауы керек. Яғни, жылдық сыйақы шамамен 13% болады. Егер көлікті 7 жыл мерзімге лизингке алуға рұқсат етілсе, онда жылдық мөлшерлеме 6,5% деңгейінде болуы ықтимал.

«Бағдарлама аясындағы лизинг бойынша пайыздық мөлшерлеме 7%-дан аспайды. Жалпы шарттар қолайлы. Бұл – нарықтағы сау бәсекелестік. Бәсеке болған жерде әрбір экономикалық субъект өз өнімін немесе қызметін жетілдіруге тырысады. Сол себепті автосалондар да мүдделі болады, өйткені олардың ұсыныстары көбейеді», — деді Нұржан Бияқаев.

Қысқаша:
Несиемен алсаңыз, көлік бірден сіздің меншігіңізге өтеді.
Ал лизинг кезінде көлік компанияға тиесілі болады.
Қазір көп адамға несие берілмегендіктен, лизинг тиімді көрінуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, кей азаматтар үшін көліктің бірден өз атына тіркелуі маңызды. Сондықтан олар үшін аз пайызды несие тиімдірек. Ал әзірге лизингтің нақты тиімділігі туралы айту ерте. Құжат әлі талқылауда. Дегенмен жаңа жеңілдетілген автолизинг жүйесі жыл соңына дейін іске қосылуы ықтимал.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары