Қазақстандықтарға ұрланған смартфондарды сатып алудың салдары туралы ескертілді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ІІМ қазақстандықтарға ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ қазақстандықтарға ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы құрылғыларды ұрлау дерегі 40 пайызға азайған. Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашқан. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ жойылған.
Ұрланған техника сатылатын орындарға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.
ІІМ мынаны еске салады: ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет болып есептеледі. Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болуға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға және ата-аналарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды алаяқтық схемаларда пайдалану жағдайлары туралы ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер сыйақы үшін сим-карталар мен аккаунттарды тіркейді, кейін оларды қаскөйлер азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде саралануы мүмкін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 09:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















