Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Неке шарты отбасын сақтаудың құралы ма

Неке шарты отбасын сақтаудың құралы ма

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Неке шарты дегеніміз не және оны қалай рәсімдейді?

Неке шарты — ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Бұл ұғым Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 39-бабында нақты көрсетілген.

«Электрондық үкімет» порталындағы мәліметке сәйкес, неке шарты азаматтар некені мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берген күннен бастап неке қиылғанға дейін, сондай-ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасай алады. Ал неке қиылғанға дейін жасалған шарт тек неке тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді. Құжат міндетті түрде жазбаша түрде рәсімделіп, нотариатта куәландырылуы тиіс.

Фото: freepik.com

Ерлі-зайыптылар ол арқылы заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, барлық мүлкіне немесе оның жекелеген түрлеріне бірлескен, үлестік не бөлек меншік тәртібін белгілеуге құқылы. Заңгер Нұрболат Ибраев атап өткендей, бұл норма Кодекстің 40 және 41-баптарында бекітілген.

— Неке шартында ортақ меншік тәртібін өзгерту, барлық немесе жекелеген мүлікке қатысты режим белгілеу, қазіргі және болашақтағы мүлікті бөлу тәртібін айқындау, ерлі-зайыптылардың табыстарға қатысу тәсілдері, отбасылық шығындарды бөлу тәртібі және неке бұзылған жағдайда әрқайсысына тиесілі мүлікті нақтылау көзделуі мүмкін. Алайда шарт ерлі-зайыптылардың әрекет қабілеттілігіне, жеке мүліктік емес қатынастарына, балаларға қатысты құқықтары мен міндеттеріне шектеу қоймауы тиіс, — дейді ол.

«Батыс тым либерал деген — қате түсінік»

Өркениетті елдерде неке шарты қалыпты құқықтық құралға айналған. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып неке шартын жасасқан заңгер Халида Әжіғұлованың айтуынша, Еуропа мен АҚШ-та ерлі-зайыптылардың шамамен 70 пайызы осындай келісімге қол қояды. Бұл тек менталитетке емес, сол елдердегі заңнаманың қатаңдығына байланысты.

— Қазір ажырасудың өзі күрделі рәсім емес, алайда алимент, мүлікті бөлу, балаға қамқоршылық мәселелері ұзаққа созылған сот процестеріне айналады, — дейді заңгер.

Фото: Халида Әжіғұлованың жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, қазақ қоғамында «Батыс елдерінің заңнамасы — тым либерал» деген жаңсақ пікір қалыптасқан.

— Шын мәнінде ол жақта неке қатынастары, баланың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қатаң құқықтық тетіктер бар. Мысалы, Түркияда некеге тұрар алдында болашақ ерлі-зайыптылар кемінде 10 сағат психологтің кеңесін тыңдап, арнайы сертификат алуы тиіс. Ажырасу кезінде де міндетті психологиялық қолдау курстарынан өту қарастырылған. Қазақстанда мұндай талаптар жоқ. Керісінше, біздің заңнама әлдеқайда жұмсақ, — дейді заңгер.

Халида Әжіғұлованың пікірінше, жастардың неке шартына күмәнмен қарауы да құқықтық сауаттың төмендігімен байланысты.

— Көпшілігі бұл құжаттың маңызын жете түсінбейді. Қазақстанда ажырасу деңгейі — шамамен 33 пайыз, яғни әр үшінші неке бұзылады. Жастар мұны ескермейді, көбісі бір рет үйленіп, өмір бойы бірге боламыз деп сенеді. Алайда ажырасу 10, 15, тіпті 25 жыл бірге тұрған отбасыларда да кездеседі. Ол кезде бірнеше баласы бар отбасы ыдырап, ең алдымен әйел мен балалардың қаржылық жағдайы ақсайды, — дейді ол.

Әйел мен баланың мүддесін қорғайтын тетік

Заңгер Халида Әжіғұлованың айтуынша, патриархалдық қоғамда отбасындағы билік тең емес, бұл әсіресе ажырасу кезінде анық көрінеді. Мысалы, кейбір ер адамдар барлық мүлікті туыстарының атына жазып қойып, әйелді балаларымен бірге баспанасыз қалдырады.

— Барлық мүлік күйеуінің анасының атына рәсімделгенін көрдік. Нәтижесінде әйел бес баласын алып, бір бөлмелі жалдамалы пәтерге кетуге мәжбүр болды. Тар жерде тұруды қаламаған үлкен балалар әкелерімен қалуды таңдаған, ал оларға деген зорлық-зомбылық тоқтаған жоқ. Бұл балаларға ауыр психологиялық соққы болды, — дейді заңгер.

Коллаж: Kazinform; Freepik

Ол сондай-ақ өз тәжірибесімен бөлісті.

— Біз үшін басты мақсат — болашақ балаларымыздың мүддесін қорғау болды. Егер неке бір тараптың кінәсінен немесе бір жақтың бастамасымен бұзылса, жәбірленуші тарап ортақ мүліктің 80 пайызын алып, балаларға толық қамқоршылық жасайды, — дейді адвокат.

Неке шарты отбасылық мәселелерді тарқатуға сеп.

— Жұбайым жалғыз бала болғандықтан біз оның анасымен бірге тұру туралы келісім жасадық. Бұл — күйеуімнің талабы емес, менің келісіміммен қабылданған шешім. Қазақстанда көптеген неке туыстар, әсіресе ата-аналардың араласуынан бұзылады. Сондықтан неке шартына екі тараптың құқықтарын теңестіру өте маңызды. Әйелі күйеуінің ата-анасымен тұруға келісуі мүмкін, бірақ бұл өзара сыйластық пен Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген құқықтарды бұзбауы тиіс. Ешқандай дәстүр, мәдениет, дін немесе менталитет заңды құқықтарды айналып өтуге пайдаланылмауы керек, — деп түсіндірді заңгер.

Оның ойынша, неке шарты жастардың жауапкершілік сезімін де арттырады.

— Қазақстанда отбасын құрған жастар арасында неке шартын жасау тәжірибесі әлі кең таралмаған. Көбіне мұндай қадамға екінші немесе үшінші рет үйленіп жатқан, яғни тәжірибесі бар адамдар барады. Сонымен қатар некеде жүріп-ақ бизнесін қорғау үшін неке шартын жасайтындар бар. Ерлі-зайыптылардың бірі ажырасқан жағдайда ортақ мүліктің, оның ішінде бизнестің жартысын талап етуі мүмкін болса, бұл құжаттың маңызы арта түседі. Неке — лотерея. Бірнеше жылдан кейін адамның қалай өзгеретінін болжау қиын. Ал неке шартында опасыздық пен зорлық-зомбылықтың салдары нақты жазылса, бұл адамдарды жауапкершілікке тәрбиелейді, – дейді Халида Әжіғұлова.

Заңгер Нұрболат Ибраев балалардың құқығына қатысты тұсты да тарқатып айтты.

Фото: Заңгер Нұрболат Ибраевтың жеке мұрағатынан

— Ажырасқан ата-ананың балалары көбіне анасының қолында қалады. Бірақ заң алдында әкенің де, ананың да құқықтары тең. Баласынан бөлек тұратын ата-ана бала тәрбиесіне, білім алуына және маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, сот баланың мүддесін, пікірі мен қорғаншылық органның ұсыныстарын ескере отырып шешім шығарады, — дейді ол.

Мамандар неке шартын жасасу заман талабына айналуы тиіс деп санайды. Тек оны жасау кезінде дұрыс құрылымдау мен мүліктік құқықтарды пайдалану тәртібіне назар аудару қажет. Себебі құжаттың кейбір тармақтары басқа құқықтық міндеттемелермен қайшылықта болса, ол заңсыз деп танылуы мүмкін.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы 40,5 мыңға дейін азайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 11:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары