Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміздің қаржы секторында биометриялық технологияларға негізделген төлем жүйелері енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Halyk Bank» «FacePay» жобасын сынақтан өткізсе, Kaspi.kz «Alaqan» сервисін ұсынды. Сонымен қатар «Ұлттық төлем» корпорациясы биометрия арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылымды іске қосуды жоспарлап отыр.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Аталған жаңашылдық қаржылық қызметтердің тиімділігін арттыратынына дау жоқ, әйтсе де ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау мәселесі де қоғамды ойландырмай қоймайды.

Bluescreen жасаған зерттеуде «Tarlan Payments» компаниясының директоры Андрей Седенко биометриялық төлемдердің шынайы жағдайын жан-жақты талдап, оның мүмкіндігі мен тәуекелін қатар көрсетеді.

«Биометриялық төлемнің таралуы мен адамдардың оны қабылдауы теңесе қоймады. Технология дайын, жұмыс істеп тұр, алайда халықтың сенімі әлі толық қалыптаспаған. Себебі адам өзі­нің жеке деректерін жүйеге тапсырады. Сондықтан негізгі мәселе «қолдану оңай ма?» дегенде емес, «қауіпсіз бе?» деген сұрақта жатыр. Биометрияның басты ерекшелігі – оны кейін өзгерте алмай­сың. Мысалы, карта жоғалса жаңасын ала­сың, пароль бұзылса ауыстырасың. Ал биометриялық дерек – адамның өзі. Егер ол тараса, оны қайтару мүмкін ­емес. Сондықтан үлкен жауапкершілік қа­­жет. Елімізде бұл бағыт әлі толық рет­телген жоқ. Биометриялық деректер жеке мәлімет ретінде қарастырылғаны­мен, оны нақты қорғайтын арнайы заң ­жоқ», деп түсіндірді А.Седенко.

Әлемдік тәжірибе де бұл тұжы­рымды дәлелдейді. Мысалы, «Amazon» іске қосқан «Amazon One» жүйе­сі алақан арқылы төлем жа­сау­дың алғашқы ірі жобаларының бірі болды. Технология тамыр құры­лымын инфрақызыл каме­ра арқылы анықтап, биометриялық профиль қалыптастырады. Бірнеше жыл ішінде жүйе миллиондаған тран­зак­ция жасап, жүздеген дүкенде қолда­нылды. Алайда кең ауқымда таралуына қарамастан, бұл жүйе қоғам тарапынан толық қолдау таппады. Қауіпсіздік мәселелері көптеген елде қарсылық тудырды. Кейбір жобалар тіпті тоқтатылған.

«Қытайда жүргізілген зерттеулерге қарағанда, халықтың 95,7%-ы QR-кодпен төлеуді жөн көреді. Өйт­кені ол – қарапайым, үйреншікті әрі сенімді тәсіл. Ал биометриялық төлем көпшілік­ке әзірге қосымша тәуекел сияқты көрі­неді. Яғни технология бар болғаны­мен, оған деген нақты сұраныс толық қалыптаспаған. Еуропа мен Жапония­да да жағдай осыған ұқсас. Жаңа жүйе­лер енгізіліп жатыр, бірақ кең таралуы баяу. Бұ­ған құрылғылардың қымбаттығы, тір­кеу­дің күрделілігі, адамдардың сақ­тық­пен қарауы әсер етеді. Бізде де жағ­дай сондай. Бірақ »Kaspi Alaqan« секіл­ді жүйелер алақандағы тамыр құры­лымын сканерлеу арқылы төлем жа­сауға мүмкіндік беріп, қауіпсіз­дігі жо­ғары әдістердің бірі ретінде бағаланып отыр», деп түсіндірді сарапшы.

Расында, қазір дүкендерде кең қол­данысқа енгені – «Kaspi Alaqan». Бұл жүйені қалай қосуға болатынын білу мақсатында редакциямызға жақын маңдағы банк бөлімше­сіне бардық. Байқағанымыз, үдеріс күрделі емес, бірнеше минуттың ішінде аяқталады. Қызметті 16 жастан бастап пайдалануға болады. Алақанды тіркеудің екі жолы бар екен. Біріншісі – банкомат арқылы мәзірден «Alaqan» бөлімін таңдап, ­нұс­қауларды орындау қажет. Екіншісі – дү­кендегі арнайы құрылғы арқылы «қо­су» батырмасын басып, QR-кодты қо­сымша арқылы сканерлеп, тіркеуді аяқ­тайсыз. Қажетті банкоматты табу үшін «Maps» сервисін пайдалануға бо­лады. Жүйені қосып болған соң, банк қыз­меткерлерінен толық ақпарат алдық.

«Алақанмен төлем жасау өте жылдам жүзеге асады. Пайдаланушы алақанын құрылғыға жақындатады, содан кейін экраннан төлем тәсілін таңдайды: Kaspi Gold, Kaspi Red+, несие немесе бөліп төлеу, не болмаса Kaspi Pay шоты. Таң­далғаннан кейін қаражат бірден ше­геріледі, қосымшаға PUSH-хабарлама келеді. 50 мың теңгеге дейін телефон­сыз төлеуге болады. Бұл сомадан асса, хабар­лама арқылы растау қажет болады. Қызмет толықтай тегін. Яғни қосылу да, пайдалану да ешқандай комиссиясыз,» деп түсіндірді Асылтас есімді қызметкер.

Қазір бұл қызмет Астана мен Ал­маты қалаларында қолжетімді. Алда­ғы уақытта технология еліміздің басқа өңірлеріне де таралады. Деген­мен жаңа жүйеге бірден үйренісе алмай жатқан қолданушылар да бар. Кей­бірі алақанын тіркей алмай, түрлі қателерге тап болады. Бұл жөнін­де «Finratings.kz» сарапшысы Генна­дий Савицкийдің айтуынша, кей аза­маттардың бұл қызметтен бас тартуы­ның себебі көбіне техникалық немесе физикалық факторларға байланысты.

«Көп жағдайда жүйе алақанды дұрыс көрмегендіктен тіркеу сәтсіз аяқ­талады. Мұнда адамның өзі бай­қа­майтын қарапайым жайттар үлкен рөл атқарады. Мысалы, алақанның температурасы. Егер қол тым суық болса, камера қан тамырларының құры­лымын анықтай алмайды. Сондықтан сканер алдында қолды жылытып алған дұрыс. Сонымен қатар алақан камераға тым жақын немесе тым алыс орналасса да, жүйе оны дұрыс оқи алмайды. Сондай-ақ алақандағы физикалық өзгерістер де әсер етеді. Терең күйік, тыртық немесе таңғыштың болуы тамырды дәл тануға, жүйенің қабылдауына кедергі келтіреді. Ал терінің қатты ластануы да биометриялық деректерді бұрмалауы мүмкін», дейді Г.Савицкий.

Жаңа төлем жүйесі іске қосыл­ға­лы бері халық арасында бұл қызметке қатысты сұрақ көбейді. Әсіресе «сәулесі зиян емес пе?», «жеке деректердің қауіпсіздігі қалай болады?», «алақанды суретпен алдауға бола ма?» деген қи­сын­ды-қисынсыз сауалдар жиі айтылады. Оның жауабын банк қызметкерінен сұрап білдік.  Ең алдымен көпшілікті алаңдатқан мәселе – денсаулыққа әсе­рі. Компания өкілдерінің айтуынша, алақанды сканерлеу адам ағзасына еш­қандай зиян келтірмейді.

«Жүйеде қолданылатын технология инфрақызыл жарыққа негіз­делген. Бұл – қазіргі фитнес-біле­зіктер мен смарт-сағаттарда жүрек соғысын немесе қандағы оттегі дең­гейін өлшеуге пайдаланылатын сенсорлармен бір­дей. Мұндай сәуле теріге терең енбей­ді, оны қыз­дыр­майды, ешқандай із қалдыр­майды. Сондықтан алақан­мен төлемді жиі қолдану денсаулыққа қауіп төндірмейді. Деректердің қауіпсіз­дігі мен құпиялылығына баса мән бер­дік. Биометриялық төлем жүйесі адамның алақанындағы қан тамырларының ішкі құрылымын сканерлейді. Жүйе тек «тірі алақанды» ғана таниды. Яғни тек сыртқы бейнені емес, қан айналымы бар нақты тамырлар өрнегін анықтайды. Сондықтан жай фото немесе көшірме арқылы жүйені алдау мүмкін емес», деп түсіндірді банк қызметкері.

Сонымен қатар отандық қар­жы ұйымдарындағы тағы бір жаңа­шыл­дық – «Halyk Bank» бет-әлпет­ті тану арқылы төлем жасайтын «Face Pay» жү­йесін іске қосты. Жүйе жасанды интеллект көмегімен адам­ның бет-әлпетін жылдам танып, бірнеше секунд ішінде төлемді жүзеге асырады. Халықара­лық сарапшылар биометриялық төлем жүйелерінің болашағын жоғары баға­лайды. Мәселен, «Visa» мен «McKinsey» зерттеулерінде алдағы жылдары тө­лем­дердің едәуір бөлігі дәл осындай сәй­кестендіру тәсілдері арқылы жүзе­ге асатыны айтылған. Себебі биометрия – жоғалмайтын, ұмытылмайтын және көшіріп алуға қиын дерек. Бұл оны дәстүрлі карта мен парольге қараған­да әлдеқайда сенімді етеді. Ал «Halyk Bank» басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов бұл жобаның мәнін кеңірек түсіндірді.

«Halyk» елімізде алғаш болып бет-әлпетті тану арқылы төлем жасау сер­висін іске қосты. Бұл жүйе төлем­ді жеңілдетіп қана қоймай, оны әлде­қай­да жылдам әрі ыңғайлы етеді. Мы­салы, телефоныңыз өшіп қалса немесе картаңызды үйде ұмытып кетсеңіз де алаңдамауға болады. Тек «Face Pay» қызметіне қосылып, турникетке жа­қындасаңыз жеткілікті. Жүйе сізді та­нып, төлемді автоматты түрде жүр­гі­зеді. Бұл – клиенттеріміздің өмірін жеңілдетуге бағытталған техноло­гиялық шешімдеріміздің бірі», деді ол.

Жүйені пайдалану үшін «Halyk» мобильді қосымшасындағы «Тө­лем­дер» бөлімінде «Face Pay« қызметін қосып, банк картасын байланыстыру жеткілікті. Одан кейін турникеттегі «Face Pay» ар­қылы төлеу белгісінің ал­дына келіп, құрылғыға қарасаңыз бол­ғаны, төлем автоматты түрде жүзеге асады.

Сайып келгенде, биометриялық тө­лем жүйелері қаржы саласына тың сер­пін беріп, күнделікті операцияларды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік ұсынып отыр. Деген­мен, бұл бағыттағы әрбір қадам тек технологиялық жаңа­шыл­дық тұр­ғысынан ғана емес, қауіпсіздік талаптары тұрғысынан да жан-жақты сараланып, қоғам сеніміне ие болуы маңызды.

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see161

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see119

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see118

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see117

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see116

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see115

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see115

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see115

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see114

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see114

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see113

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see113

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see112

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see112

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

21 Тамыз 2026 11:18see111

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see111

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see111

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

21 Тамыз 2026 09:29see109

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see109

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары