Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бірегей QR код цифрлық төлемдер нарығындағы әділ бәсекеге жол ашады сарапшылар

Бірегей QR код цифрлық төлемдер нарығындағы әділ бәсекеге жол ашады сарапшылар

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл шешім төлем инфрақұрылымдарын біріктіріп, банктер мен финтех-компаниялар арасындағы шекараны жояды. 

Сарапшылардың айтуынша, бірегей QR – жай ғана техникалық жаңалық емес, төлем нарығын шынайы интеграцияланған және әділ экожүйеге айналдыратын фактор болмақ.

Экономист Гүлнар Әбдіқадірова бірыңғай QR енгізу тек ыңғайлылық емес, сонымен қатар экономикалық ашықтыққа жол ашады деп есептейді.

«Төлемдердің бір форматқа келуі көлеңкелі операциялармен күресте маңызды рөл атқарады. Транзакциялардың толық ізі қалдырып отырады, ал бұл салықтық және қаржылық ашықтықты арттырады. Бұл бастама елдің жалпы қаржы мәдениетін жаңа деңгейге шығарады», – дейді сарапшы.

Қазақстанда енгізіліп жатқан банкаралық бірыңғай QR-код қаржы нарығының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды бастама болды. Бұл шешім төлем инфрақұрылымдарын біріктіріп, банктер мен финтех-компаниялар арасындағы шекараны жояды. 

Сарапшылардың айтуынша, бірегей QR – жай ғана техникалық жаңалық емес, төлем нарығын шынайы интеграцияланған және әділ экожүйеге айналдыратын фактор болмақ.

Ал қаржы сарапшысы Эльвира Рузиева бұл бастаманың артықшылықтарымен қатар белгілі бір тәуекелдерді де ескеру қажет екенін айтады.

«Бір орталықтандырылған жүйеге көшу киберқауіпсіздікке жоғары талап қояды. Себебі кез келген ақау немесе деректердің сыртқа шығуы бүкіл нарыққа әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар біздің нарықта негізгі қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, төлем инфрақұрылымының монополизациялану қаупі бар. Сондықтан мұндай жүйе барынша ашық, тең қолжетімді және қауіпсіз болуы тиіс», – дейді ол.

Бұл тақырып Central Asia Fintech Summit аясында өткен талқылауларда да кеңінен көтерілді. Саммиттің ашылуында сөйлеген сөзінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның цифрлық қаржы экожүйесі айтарлықтай дамығанын атап өтті. Соңғы бес жылда халықтың қолма-қолсыз төлемдері он еседен астам өскен, ал төлем айналымының 90 пайызы онлайн форматқа ауысқан. 

Ұлттық банктің банкаралық төлем жүйелері елдегі барлық электронды операциялардың 90 пайызын өңдеп, биылдың өзінде транзакциялар көлемі 1 квадриллион теңгеден асты.

Сүлейменовтің айтуынша, бүгінде негізгі қаржылық қызметтердің барлығы – клиентті онлайн тіркеу, шот ашу, несие рәсімдеу, төлем мен аударым жасау, мемлекеттік қызметтерді алу – цифрлық форматта іске асырылады. Мұндай ауқымды өзгерістер цифрлық сенімді арттырып, халықтың қаржы секторына қатысуын жеңілдетті.

Сарапшылар бұл процестің қисынды жалғасы ретінде бірыңғай QR-кодты атайды. Бұл - тек техникалық шешім ғана емес, нарық қатысушыларының бәрін тең дәрежеде бәсекелестік алаңына шығаратын құрал. Бұрын әрбір экожүйе өз клиенттік базасын жеке ұстауға тырысса, енді ортақ стандарт барлық ойыншыларға бірдей мүмкіндік береді.

Осылайша, бірыңғай QR-код Қазақстанның қаржы экожүйесін жаңа сапаға шығаратын жүйелі қадамға айналып отыр. Бұл бастама бизнес үшін – тиімділік пен үнем, банктер үшін – стандартталған процестер мен шығындарды азайту, ал тұтынушылар үшін – қолайлылық пен қауіпсіздік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары