Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Бірінші жартыжылдық: ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті

Бірінші жартыжылдық: ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мақсат – айқын, міндет – нақты

Биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысында ІЖӨ өсімі 4,1%-ды құрады. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин нақты сектор – 5,1%-ға, қызмет көрсету 3,5%-ға өскенін баяндады. Сондай-ақ құрылыста – 15,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 9,8%, көлік қызметтерінде 7,1% оң қарқын байқалған. Сауда көлемі – 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы – 4,4%-ға, байланыс қызметтері 4,3%-ға артқан. Ұлттық банк төрағасының мәлім­деуінше, бірінші жартыжылдық қорытындысында инфляция 10,3%-ды құрады. Бағаны тұрақтандыру үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен ­іс-шараларды үзбей жалғастырып келеді.

Жиында республикалық бюджеттің атқарылу барысы туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады. Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда кірістер 8,5 трлн теңгені құраған. Шығыстар 98,2%-ға орындалған. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге – 3,6 трлн теңге, өңірлерді қолдауға – 3 трлн теңге, нақты секторға 1,3 трлн теңге бағытталған. Бірінші жартыжылдықта 540 мыңнан астам жеке тұлға «көлеңкелі» экономикадан шығарылған. Қосылған құн салығын төлеушілердің саны 22,3 мыңға жеткен. Спикер салық реформасын тек фискалдық құрал ретінде ғана емес, экономикалық белсенділікті көлеңкеден шығару тетігі ретінде қарау қажеттігін айтты. Есепті кезеңде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары қаржыландырылған. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылса, Qalqan бірыңғай порталына МСӘҚ қаржыландыратын медициналық ұйым­дардың 100%-ы қосылыпты. Демек, әлеуметтік саладағы бюджет қаражатын бақылауды цифрландыру үйлесімді жалғасып келеді.

Осы тұста Олжас Бектенов Қаржы вице-министрі  Ержан  Біржановқа  Ұлттық  банкпен бірлесіп, цифрлық теңгені тездетіп енгізуді тапсырды. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыратынын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның қабыл­дануымен еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық дамуында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу үдерісі жүріп жатыр. Экономиканы белсенді әртараптандыру, заманауи инвестициялық экожүйені қалыптастыру, инновациялық кластерлер мен өнімділігі жоғары индустрияларды дамытуда ауқымды жұмыстар басталды. Үкіметтің қадамы экономика салаларында қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануға бағытталып отыр», деді О.Бектенов.

Кезек салалық министрлерге жеткенде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібін дамыту аясында қолға алынған жұмыс туралы баяндады. Ол бірінші жарты жылдықтың қорытындысында өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға өсіп, оң динамика көрсеткенін атап өтті. Өндірістік көрсеткіштер машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке, пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында байқалған.

– Саладағы өсім жаңа іске қосылған өндірістер есебінен мүмкін болып отыр. Бүгінде жалпы құны 252 млрд теңге болатын 74 жоба пайдалануға беріліп, 4,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін жалпы құны 1,7 трлн теңгені құрайтын 200 инвестициялық жобаны іске асыру жос­парланды, деді Е.Нағаспаев.

Қазір елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желілерінің құрылысы қызу жүріп жатыр екен. Алда теміржол саласының өсімі 3,4 есеге артады. Жыл қорытындысында аталған көрсеткіш 3,3 трлн теңгені құрайды. Оның жай-жапсарын Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. 

– Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желі­лерінің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге бірқатар жаңа жобаға кірісіп жатырмыз. Оның ішінде Астана – Қарағанды бағытында үшінші жолдарды және Арыс – Қазалы учаскесінде екінші жолдарды салу бар. Қызылжар – Шұбаркөл – Есіл және Индербор – Мақат бағыттарын жаңғырту жоспарланған. Қосымша Индербор – Орал және Қарағанды – Қарағайлы жобаларына дайындыққа кірісіп жатырмыз, деді Н.Сауранбаев.

Жарты жылдың ішінде елдегі сауда көлемі де өсіп, 36,2 трлн теңгеге жеткен. Жиында республикадағы сауда саласының дамуы туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады. Спикердің сөзінше, жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысында сауданың тұрақты өсуі тіркелген. Нақты көлем индексі 105,7%-ды құрап, сауда көлемі 36,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл дегеніңіз өткен жылдың сәйкес кезеңінен 15,3%-ға жоғары. Сол секілді көтерме сау­да – 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсіпті.

– Жыл соңына дейін осы тауарларда сатудың болжамды көлемі кемінде 40 трлн теңгені құрауға тиіс. Бұл көрсеткішті орындау үшін негізгі міндет отандық өндіріс көлемін ұлғайту болып қала береді,  – деді А.Шаққалиев.

Тұрақты экономикалық өсуге қатысты бірқатар тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрақты экономикалық өсуге қатысты бірқатар тапсырма берді: біріншіден, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бір ай ішінде металлургия саласын ынталандырудың қосымша тетіктерін әзірлеуге тиіс. Түсті металлургияда министрлік «Тау-Кен Самұрық» ком­па­ниясымен бірлесіп, отандық кәсіп­орындардың өндірістік қуатын толық жүктеуді, оның ішінде импорттық алтынды ел ішінде аффинаждау үшін жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. Қара металлургия­да «Qarmet» компаниясына жаңғырту бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда барынша сұранысқа ие өнім түрлерінің тізбесін кеңейту тапсырылды. Бұған қоса, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, апта ішінде барлық инвестициялық жобаларды мұқият тексеріп, проблемалық мәселелерді анықтауды әрі оларды шешудің нақты шараларын айқындауы қажет. Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа тетіктерді іске қосу үшін тиісті түзетулер жобасын енгізу тапсырылды.

Премьер-министр құрылыстың өсу қарқынын сақтап, тұрғын үйді пайдалануға беру мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Мем­лекет басшысы әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды жүктегені белгілі. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Энергетика министр­лігіне барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөз жүргізіп, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды. Көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыруды жандандырумен қатар әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейту қажет. Премьер-министр экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыруға ықпал ететінін, инфрақұрылымға сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуаттарды арттыру талап етілетініне назар аударды. Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының басшыларына Алматы электр стансасы мен Түркістан облысындағы бу-газ қон­дырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске салды.

«Самұрық-Энерго» басшылығына жұмысты күнделікті бақылауға алып, жыл соңына дейін Алматыда ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмысын аяқтау тапсырылды. Қазір ондағы жұмыс қарқыны өте баяу. Егер жыл соңына дейін тапсырма орындалмаған жағдайда компания басшыларының жеке жауапкершілігі қатаң қаралады.

Көлік саласында теміржол арқылы транзиттік тасымал көлемін жылына 55 млн тоннаға дейін ұлғайтуға тікелей ықпал ететін бірқатар жоба іске асырылуда. Осыған орай Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, жылдың соңына дейін негізгі теміржол желілерінің құрылысын, яғни, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты–Қызылжар», сондай-ақ вокзалдарды жаңғыртуды аяқтау тапсырылды.

Ауыл шаруашылығында вегета­циялық кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, егін жинау науқанын сапалы өткізу әрі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру – негізгі міндеттердің бірі саналады. Осы тұста Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, Азық-түлік корпорациясына астық өңдеу өнімдерін тасымалдау кезінде шығындарды өтеу жөніндегі оператордың өкілеттіктерін беру тапсырылды. Сондай-ақ отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға, қант қызылшасын тасы­малдауға инвести­циялық субсидиялау тетігін енгізу қажет.

Бесінші. Еліміздегі жалпы та­уар айналымының 70%-дан астамы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды секілді қала, облыстарға тиесілі. Әр облыс сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін өз әлеуетін тиімді пайдалануы қажет. Бұл бағытта шекара маңындағы өңірлердің, сондай-ақ­ туристік тартымдылығы жоғары аумақтардың мүмкіндігі мол. Арнайы экономикалық және индус­триялық аймақтардың әлеуетін пайдаланып, олардың базасында заманауи сауда, қайта өңдеу және кәсіпкерлік орталықтарын дамыту қажет. Осы ретте өңір әкімдіктеріне аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын нақты өндіріс орындарын, инвестициялық жобаларды, тауар айналымын ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді айқындай отырып, бір ай мерзімде Сауданы дамытудың өңірлік жол карталарын әзірлеу тапсырылды. Барлық мемлекеттік орган «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, өңірлердегі кәсіп­керлермен олардың бизнес баста­маларын жан-жақты қолдау мақ­са­тында өзара тығыз жұмыс істеуі қажет.

– Әрбір басшы өңірлердің экономи­калық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізуіне тікелей жауапты. Осы қарқынды бәсең­детпей, қолда бар ресурстардың бәрін толыққанды пайдалану керек,– деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары