Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Биылғы қыстан кейін қуаңшылық қаупі бар ма сарапшы пікірі

Биылғы қыстан кейін қуаңшылық қаупі бар ма сарапшы пікірі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан бірегей су тапшылығы жағдайында тұр. Су ресурстарының жартысынан астамы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей сияқты көршілес елдерден келеді.

— Олардың әрқайсысымен келісімдер жүйесін қалыптастыру қажет, ал жағдайды климаттың өзгеруі жиі қиындатады. Соның салдарынан тәуекелдер артып, су тапшылығы күшейе түседі. Осы тұрғыда жер асты суларын пайдалану қалыптасқан жағдайдан шығудың тиімді жолы болып отыр, — деп санайды сарапшы.

Азамат Қауазовтың айтуынша, жер асты суларын кешенді пайдалану тұжырымдамасы бұл тәуекелдерді азайтуға, сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын жақсартуға және елдің су тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сарапшы суды үнемдеу технологияларын, әсіресе негізгі су шығыны тиесілі аграрлық секторда енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл 2026 жылдың вегетациялық кезеңінде болжанып отырған 1 млрд текше метрге дейінгі су тапшылығы аясында аса өзекті.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

— Цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу — қолданыстағы проблемаларды шешуге бағытталған нақты қадам. Ауыл шаруашылығында суару жүйелері арқылы су жеткізіледі, алайда олардың басым бөлігі бетондалмаған, жер арналардан тұратындықтан, су шығыны 50 пайызға дейін жетеді, — дейді Азамат Қауазов.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығындағы проблемалардың басым бөлігі суару технологияларының дұрыс қолданылмауымен де байланысты. Көптеген фермер суды тиімсіз пайдаланады, бұл өз кезегінде бірқатар ілеспе мәселелердің туындауына әкеледі.

— Еліміздің оңтүстігінде мақтаны күріш секілді бастырып суару әдісімен суаратын жағдайларды өз көзіммен көрдім. Бұл бақылаудың жоқтығы мен судың арзандығынан болып отыр. Фермерлер оны үнемдеуге мүдделі емес. Бағаның төмендігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржыландыруды аз алуына әкеліп, суару желілерін тиісті деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді, — деп атап өтті Азамат Қауазов.

Фото: Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Оның айтуынша, цифрландыру шығындарды бағалауға мүмкіндік беретін нақты есепті жолға қоюға және су ресурстарын неғұрлым тең бөлуді қамтамасыз етуге көмектеседі.

— Мәселен, маусым кезінде суға деген сұраныс шарықтау шегіне жетіп, барлығына бір мезетте су жетпей қалады. Жалпы алғанда ресурстар жеткілікті, алайда бір уақытта туындайтын қажеттілік жолдағы кептеліске ұқсас жағдай қалыптастырады. Атап айтқанда, қарбалас сәттерде жүктеме жүйенің мүмкіндігінен асып түседі. Ауыл шаруашылығында бұл ресурстардың ашық емес бөлінуіне әкеледі, әркім суды өзіне көбірек алып, азырақ төлеуге тырысады. Су шығынын автоматты түрде тіркейтін есептегіштер мен диспетчерлік пункттерді орнату мәселенің ушығуын азайтып, басқарушылық шешімдерді нақты деректерге сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді сарапшы.

Азамат Қауазовтың пікірінше, бұл проблеманы кешенді түрде шешу қажет. Оның айтуынша, фермерлерді суару нормаларына үйрету, суды біркелкі бөлу үшін дақылдарды әртараптандыру және су шығынын нақты есепке алу маңызды.

— Осы шаралар енгізілген жағдайда құқық қорғау органдарын тарту қажеттілігі болмайды, өйткені қазіргі таңда су тапшылығына байланысты көлеңкелі схемалар пайда болып отыр. Біреулер арналарға заңсыз қосылады немесе пайдаланылған судың көлемін азайтып көрсетеді. Автоматтандырылған жүйелер бұл мәселені толық шешуге қауқарлы, — деп қосты сарапшы.

Оның айтуынша, Үкімет тарапынан дұрыс шешімдер қабылданып жатыр, алайда олар көбіне қазіргі жағдайды реттеуге бағытталған, дегенмен болашақты да ескеру қажет. Себебі Қазақстанда климаттық аномалиялардың жиілеуі байқалады. Оның айтуынша, қарастырылып отырған сценарийлердің ешқайсысында жауын-шашын көлемінің артуы болжанбайды. Жаңа климаттық жағдайларға бейімделу шараларының ішінде Азамат Қауазов Солтүстік Қазақстанда су қоймасын салуды ерекше атап өтіп, оны өте сәтті шешім деп атады.

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

— Бізде жиі мынадай жағдай қалыптасады: көктемде су тасқыны туралы айтылады, ал бірнеше айдан кейін — қуаңшылық туралы сөз болады. Су қоймалары бұл мәселені шешуге көмектеседі: олар артық суды жинақтап, тапшылық кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Үкімет тарапынан жасалған дұрыс қадам, — деді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшының пікірінше, биылғы жылға қатысты су тасқыны мен қуаңшылық бойынша түпкілікті болжам жасау әзірге ерте.

— Биыл қар мөлшері әдеттегіден аз, сондықтан алдын ала бағалау бойынша көктемде айтарлықтай су тасқыны болуы екіталай. Алайда бұл алдын ала болжам: ақпанның соңында немесе наурыз айында қар жаууы мүмкін, сондай-ақ көп нәрсе көктемнің өз сипатына байланысты. Қар жамылғысы аз болғанның өзінде күрт еру немесе жауын-шашынды ауа райы су тасқынына жағдай туғызуы ықтимал, — деп атап өтті сарапшы.

Осылайша, қуаңшылық қаупі өңірлердің климаттық ерекшеліктеріне және жауын-шашынның уақтылы түсуіне тікелей байланысты. Кез келген іркіліс, әсіресе елдің солтүстік өңірлерінде, өнімділікке тікелей әсер етеді.

Бұған дейін 2026 жылы 103 суару каналын автоматтандыру басталатынын жазғанбыз.

Сонымен қатар суару суын жеткізуші монополияларға 17,8 млн теңге айыппұл салынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 21:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see129

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары