Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

Арқа спортының адымы

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

Басылымда бас қосқан жастар

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

Арман перзент арқылы орындалады

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

В Китае нашли двойника Илона Маска он работает в шашлычной

Біз әлі де қылмыстық істің қозғалуын талап етіп отырмыз Мейірман Шекеевпен сұхбат

Біз әлі де қылмыстық істің қозғалуын талап етіп отырмыз Мейірман Шекеевпен сұхбат

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өкінішке қарай, елімізде әсіресе орыстілді азаматтар арасында «орыс тілі де мемлекеттік тіл» деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шынтуайтында, Конституцияның 7-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Басқа ешбір тілде мемлекеттік те, ресми де статус жоқ. Заңды бұрмалап, белден басу ресейлік ақпарат құралдарының идеологиясына иланған өз азаматтарымыздың заңсыз әрекеттерінен де байқалады. Мәселен, Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік желіде автобустағы адамдарға «орысша сөйлеңдер» деп талап етіп, балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған үш бірдей оқиға тіркелді. Сол оқиғаның бірінде зардап шеккен қыздың мүддесін сотта танымал заңгер Мейірман Шекеев қорғап отыр. Ол бұл істің қалай жылжып жатқаны жайлы Arasha сайтына эксклюзив сұхбат берді. Мұндай заң бұзушылықтарды болдырмас үшін қандай заңдар қабылдау керегін ашып айтты.   

- Мейірман мырза, автобуста болған оқиға бойынша сіз жәбірленушінің адвокаты болып, полицияға арыз жаздыңыздар. Бұл істің қылмыстық емес, әкімшілік құқық-бұзушылық кодексіне сәйкес тіркелгені рас па? Неге?

- Иә, біз автобуста болған оқиға бойынша арыз түсірдік. Қылмыстық емес, әкімшілік құқық-бұзушылық кодексімен тіркелгеніне келсек, бастапқыда олар мұны ұсақ бұзақылықпен саралады да бірден сотқа жіберді. Бірақ біз ол жерде бірнеше бапты көрсеткенбіз. Яғни, Қылмыстық кодекстің 115-бабы, бұдан бөлек 174-баптың да белгілері бар деп көрсеттік. Неге екенін білмеймін, толық жауапты әлі алған жоқпыз. Бәрі бір арызда болғандықтан толық жауап беруі керек. Мен полиция қызметкерлеріне «маған жазбаша жауаптарыңызды беріңіздер» деп хабарластым.

- Дау неден туындаған? Екі адам, бірі ер азамат жас қыз балаға тиісіп, боқтап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тек әкімшілік жаза арқалап, айыппұлмен құтыла ма? Ол жерде “мен сені тауып алам” дегендей өмірге қауіп төндіретін қоқан-лоққы сөздері де айтылды ғой…

- Маған сенім білдірушінің айтуынша, бұл құқық бұзушылар ішіп алған, дауыс көтере сөйлеген. Жәбірленуші «ақырын сөйлеңіздер» деп өтініш білдірген. Сол кезде олар өздерін дөрекі көрсетіп, айқайлап шыға бастаған. Және жәбірленушіні бірінші боп телефонға түсіре бастаған. Содан кейін қоқан-лоққы көрсетіп, неше түрлі жаман сөздер айтқан, «калпачка» деп мазақтаған, «біз сені тауып аламыз» деп қорқытқан. Бұл балағат сөздерді қоғамдық орында айтқан.  

- Қоғам белсенділері мен сарапшылар бұл істі желтоқсаншы, журналист Мирболат Мырзатайұлының сотталуымен де байланыстырып, неге мәдениетті түрде МИБ басшысынан “қазақша сөйлеңіз” деп талап еткен журналист 4 жылға сотталды, ал бейтаныс адамды боқтап, қоқан-лоққы көрсетіп, тіпті, қол көтеріп, “орысша сөйле” деп талап еткені үшін әкімшілік жазамен сотталуы әділ ме дейді. Заң бәріне бірдей емес пе? Бұл істерге қатысты заң не дейді?

- Біз әлі де қылмыстық істің қозғалуын талап етіп отырмыз. Себебі бағанағы Мирболатқа қатысты 174-бап неге сүйенді? Ол сараптамаға сүйене салды. Бұл жерде де біз сараптама тағайындауды әлі де сұрап отырмыз. Егер құқық бұзушылықтың әрекетінде 174-баптың белгілері бар болса, біз қылмыстық істі ары қарай сотқа дейін жолдауға барамыз.  

- ⁠Кеше жәбірленушіні қорлаған тарап кешірім сұрады ғой. Біздің елімізде кешірім сұрап, жазадан құтылу әдет болып бара жатқан жоқ па? Неге мұндай істерде әркім әртүрлі сотталады?

- Иә, дұрыс айтасыз, кешірім сұрау жауапкершіліктен босатпайды. Көп адамдар шатаспасын. Бірақ бағанағы заң нормасының, яғни 434-баптың заң санкциясында бірінші кезекте айыппұл, содан кейін ғана қатаңдатылған жаза –  әкімшілік қамақ бар. Біз әрине оларды қамауды сұрадық. Бірақ кешірім сұрау, өкіну сот үкім, қаулы шығарар кезде назарға алынады. Жеңілдететін мән-жайларға жатады. Менің ойымша, сот соны қолданып жіберді. Алайда Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 57-бабына сәйкес, жауапкершілікті ауырлататын мән-жағдайларына бағанағы ұлтаралық араздықты қоздыру, ұлттық негізде тиісіп, балағат сөздерді айту жатады. Біз соны негізге келтірген едік, бірақ өкінішке қарай сот тек айыппұл салумен шектелді.  

-  ⁠Бұл істе сіздердің талабыңыз қандай? Моральдық шығын жағын да ойландыңыздар ма?

- Біздің талабымыз, біріншіден, кінәлілерді жазалау. Моральдық шығынды әлі ойлаған жоқпыз. Егер қылмыстық іс болсын, басқасы болсын, түбіне жетіп жатса, моральдық шығынды да ойластырамыз.

- Ал бұл іс бойынша қанша айыппұл тағайындалды?

- Айыппұл көлемі 78 640 теңге. Бұл 20 айлық есептік көрсеткішке тең келеді.

⁠- Неге елімізде “орысша сөйлеңдер” деп талап ететін провокаторлар көбейіп барады? Бұл заңның осалдығынан емес пе, заңды жазасын алмағаннан емес пе?

- Дұрыс айтасыз, заңның осал тұстары өте көп. Мен әрдайым айтам, қазіргі заңдарға қайтадан ревизия жасау керек. Көп заңдар бүгінгі уақыт талабына сай келмейді. Мәселен, елімізде «Тіл туралы» заңның өзі 1997 жылы шыққан. Одан кейін ырың-жырың қылып, анда бір түзету енгізеді, мында бір түзету енгізеді.

Өкінішке қарай, бізде жаңсақ пікір бар, Конституциядағы «ресми түрде қолданылады» деген тұсты орыс тіліне байлайды. Шын мәнінде, Қазақстанда орыс тілі ресми тілдің қатарына жатпайды. «Ресми түрде қолданылады» деген сөз бен «ресми тіл» деген екі ұғым. Яғни, біреуі статус береді, енді бірі пайдалану құқын береді. Мен бұл бойынша бейнежазба дайындап отырмын. Себебі көп азаматтар, мүмкін біреуі біліп, біреуі қасақана жасауы мүмкін, осы сөзді көп айтады. Жасыратыны жоқ, Путиннің өзі Қазақстанның Конституциясында орыс тілі ресми тіл деп айтып өтті. Одан қалса, мұны біздің президентіміз де айтты. Бұл бойынша айтарым, президенттің жанында жүрген заңгерлер сауатсыз ба, басқа ма? Мен заң нормасына сүйене отырып, ертең үндеу жасаймын. Нақты олардың айтып жүргені, яғни орыс тілі – екінші тіл деп жүргендері заңсыз.  

⁠- Орыс тілінің мемлекеттік тіл еместігін орыстілді аудиторияға қалай жеткізуге болады? 34 жылдық Тәуелсіздіктің аясында қазақ тілінің маңайында топтасуы тиіс ұлт неге бірікпей отыр? Не істемек керек?

- Орыстілді аудиторияға қалай жеткізуге болады дейсіз ғой, мен өзім оларға орысша үндеу дайындап жатырмын. Себебі біздің қазақшамызды олар түсінбейді, түсінгісі келмейді. Өкінішке қарай, қазақтардың да бір-бірімен орысша сөйлескенінен кейін басқадан не сұраймыз? Конституцияның 7-бабының 2-тармағында көрсетілгендей, орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми қолданылады деген. Бірақ шын мәнінде біздің қазақ тіліміз орыс тіліне тең қолданыла алмай жүр. Орыс тілі көп қолданылады. Ал Конституцияда анық жазылып тұр: Біздің мемлекеттік тіліміз басым болып, ал орыс тілі тек мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару органдарында ғана ресми қолданылады. Күнделікті қарым-қатынаста орыс тілінің қандай да бір статусы жоқ.

Дұрыс айтасыз, біз бір мемлекет болу үшін бір тілдің маңайында топтасуымыз керек. Бұл Тіл туралы заңның 4-бабында нақты көрсетілген. Иә, мемлекеттік тілді меңгеру әрбір Қазақстан азаматының борышы деп көрсетілген. Кезінде мен Парламентке барып, «борыш» деген сөздің орнына «міндет» деп көрсетіңіздерші дедім. Екеуі синоним сөз ғой. Соны міндет деп өзгертуге биліктегі азаматтардың қауқары жетпей жүр. Украинамен байланыстырып, сондай жағдай болады деп қорқа ма, басқасы ма, белгісіз. Ал борыш дегеніміз не? Әскерге баратын азамат борыш пен міндетті бөліп-жарып жатпайды. Әскерге бару борыш па? Барады. Бармаса, көшеде ұстап алып кетеді. Дәл осындай тілге де қатысты борыш болуы керек, оны орындау керек. Бірақ өкінішке қарай бұл норма жүрмейді.

Не істеу керек дейсіз ғой, заңды өзгерту керек! Тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін ешқандай санкция жоқ. Парламентке жиналысқа шақырған кезде депутаттардың алдында мұны да айттым, сендер қанша заң шығарсаңдар да, оған айыппұл ретінде не басқа санкциялар қолданылмайынша, кім оны орындайды? Мысалы, мен Тіл туралы заңды бұздым делік, маған ешқандай да жауапкершілік болмаса, ол заңнан не пайда? Ондай заңнан кім қорқады? Міне, осы бағытта ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ.    

- Қалай ойлайсыз, бұл провокацияларға, қоғамдық дауларға нүкте қою үшін барлық посткеңестік елдерде қабылданған арнайы “Мемлекеттік тіл туралы” заңды біз де қабылдауымыз керек пе?

- Иә, барлық посткеңестік елдер «Мемлекеттік тіл» туралы заңдарды қабылдап қойған. Мен Әзірбайжан, Ресей және Қырғызстанның да Мемлекеттік тіл туралы заңдарын қарап шықтым. Өз жобамды да ұсындым. Тіл жанашырлары Дос Көшім, Қазыбек Исамен де байланыстамын. Бірақ неге екенін білмеймін, біздің Парламентке дайындаған заң жобамыз болса да, мемлекет оны өткізбей отыр.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Кәмшат ТАСБОЛАТ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

01 Тамыз 2026 14:24see160

Арқа спортының адымы

01 Тамыз 2026 08:53see120

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

01 Тамыз 2026 11:30see118

Басылымда бас қосқан жастар

01 Тамыз 2026 08:53see118

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

01 Тамыз 2026 19:11see115

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

01 Тамыз 2026 09:45see115

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

02 Тамыз 2026 08:51see111

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

02 Тамыз 2026 11:42see107

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

02 Тамыз 2026 09:50see106

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

01 Тамыз 2026 14:43see106

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

01 Тамыз 2026 20:27see105

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

01 Тамыз 2026 14:43see105

Арман перзент арқылы орындалады

01 Тамыз 2026 08:53see104

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see103

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

01 Тамыз 2026 12:53see103

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

02 Тамыз 2026 13:08see102

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

01 Тамыз 2026 11:44see101

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

01 Тамыз 2026 14:43see99

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

02 Тамыз 2026 12:29see98

В Китае нашли двойника Илона Маска он работает в шашлычной

02 Тамыз 2026 14:30see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары