Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Үш буын: кешеден келешекке

Бизнес, денсаулық, салық: елдегі түрлі салаға ЖИ қалайша әсер етіп жатыр

Бизнес, денсаулық, салық: елдегі түрлі салаға ЖИ қалайша әсер етіп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Жалпы, мемлекеттік органдар әртүрлі салалар бойынша азаматтар үшін 50-ден астам AI-агентті қалыптастырып отыр. Олар халықтың өмір сүру сапасын және бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады. Қазірдің өзінде осы шешімдерге практикалық сұраныс бар. Мысалы, eGov AI ассистенті 2,3 миллионнан астам рет пайдаланылды, құқықтық AI-кеңесші 230 мыңнан астам кеңес берді, AI-терапев 35-тен астам клиникада енгізілуде, сондай-ақ білім беру саласында AI-агенттер енгізіліп жатыр, — деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек ол жасанды интеллект негізінде жүргізіліп жатқан реинжиниринг кейстеріне тоқталды. Бұл тұрғыда бизнесті ашуға арналған AI-көмекші жасақталды. Бұл жоба Қаржы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып келеді. Бұрын бір үйде немесе ауданда бір уақытта бірнеше ұқсас нысанның ашылу қаупі болатын, кофеханалар немесе дәріханалар. Енді кәсіпкер картадан қажетті аумақты таңдайды, ал жүйе осы локацияда кімнің тіркелгенін немесе жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жасанды интеллект бизнес ашуға неғұрлым қолайлы нұсқаларды ұсынады. Клиенттік ағын, бәсекелестік орта және таңдалған аумақтағы тіркелген бизнес ескеріледі. Шешім бизнес ашу кезіндегі тәуекелдерді төмендетуге және артық бәсекелестікті барынша азайтуға бағытталған. Бұл бизнесті іске қосу кезеңіндегі операциялық шығындарды 2 есеге дейін қысқартуға және бизнестің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Салық бойынша ЖИ-көмекші

Министрдің айтуынша, Қаржы министрлігімен бірлесіп 24/7 онлайн режимде салық есептілігін тапсыру және салық нормаларын қолдану бойынша кеңес беретін AI-көмекші іске қосылды. Бұл қадам жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты ерекше өзекті. Азаматтар мен бизнес салық мәселелері бойынша түсінікті әрі жедел түсіндірме ала алады. Қызметтің басты құндылығы — салық нормаларын қабылдау үшін жеңілдету.

— Пайдаланушы күрделі заң мәтінін емес, не істеу керектігін және қателерді болдырмау шаралары жөнінде анық кеңес алады. Бүгінде 5 мыңнан астам сұраныстың өңделуі сервистің қажеттілігін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін салық есептілігінің барлық түрлері мен декларацияларды автоматты түрде толтыруды енгізу жоспарлануда, — деді ведомство басшысы.

ШОБ-қа арналған ЖИ-көмекші

— Келесі кейс — кәсіпкерлерге қаржыландыру алуға көмек көрсету. Бұрын қаржылық-экономикалық модельдерді дайындау үшін кәсіпкерлерге жеке мамандарды тартуға тура келетін. Бұл — қосымша шығын және уақыт. «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп іске асырылып жатқан AI-көмекші қаржыландыруға өтінім беру процесін 24/7 сүйемелдейді, қатысу шарттарын түсіндіреді, сондай-ақ кәсіпкерлерді бизнес-жоспар мен құжаттарды дайындау кезінде қолдайды. Бұл ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнесті ашу және дамыту процесін барынша қолжетімді етеді, — деді Жаслан Мәдиев.

Денсаулық сақтаудағы ЖИ 

Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстердің бірі — Cerebra AI. Бұл — инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минуттың орнына 5–10 минут ішінде талдайды. Ол инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және дәлдігін арттырады. Жүйе елордадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілді. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап инсультке күдігі бар 7 600-ден астам пациенттің деректері талданды. Өлім-жітім деңгейінің 40%-ға төмендеуі, сондай-ақ уақытылы ем алатын пациенттер үлесінің 150%-ға артқаны байқалды.

Телекоммуникацияға ЖИ енгізу

Ұялы байланыс сапасын арттыру үшін операторлар телеком-желілерін талдауға арналған жасанды интеллект енгізеді. Жүйе желі жүктемесін, пайдаланушылар тығыздығын және станциялар орналасуын талдап, болжайды. Осылайша, ресурстарды автоматты түрде, инженерлердің қатысуынсыз қайта бөлуге мүмкіндік береді. Алаяқтықпен күрес аясында AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарлануда. Жаппай қоңырау шалу, нөмірді алмастыру немесе алаяқтық белгілері анықталған жағдайда жүйе қоңырауды абонент жауап бермей тұрып, миллисекундтар ішінде шектейді.

— Осы шешімдердің тиімді жұмыс істеуі үшін жасанды интеллектіні дамытудың инфрақұрылымдық және құқықтық негізі маңызды. Орталық Азиядағы алғашқы жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер іске қосылды. Alem.cloud әлемдегі 500 ең қуатты суперкомпьютерлер рейтингінде 86-орын алды. Мемлекеттік органдар үшін Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Бұл — мемлекеттік қызметшілерге арналған, қорғалған ортада жұмыс істейтін GPT аналогы. Платформада 15 мыңнан астам пайдаланушының 500 мыңнан аса сұранысы өңделді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қойды.

Заң жасанды интеллект саласындағы әзірлеу, қолдану және жауапкершілік мәселелерін реттейді, инновациялар мен азаматтардың құқықтық кепілдіктері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, — деді Жаслан Мәдиев.

Атап айтқанда, Astana Hub экожүйесінде 379 AI-жоба іске асырылып жатыр. Бұл AI-шешімдерді әзірлеу және оларды экономиканың түрлі салаларына енгізу үшін белсенді орта қалыптасқанын көрсетеді. Стартаптардың 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық табысы 103 миллиард теңгені құрады. Барлық кезеңдегі жиынтық табыс 230 миллиард теңгеге жетті. 2025 жылғы экспорт көлемі 3,5 миллиард теңгеден асты. Сондай-ақ 5 700 жұмыс орны құрылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елде Цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see138

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see137

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see136

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see136

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see134

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see131

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see131

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see130

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see130

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see128

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see127

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see127

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see126

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see123

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see122

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see122

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see120

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see116

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see112

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары