Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

Интерпол ұстағаннан кейін құпия Атыраулық хакерді Қазақстанға қайтаруға дайындалып жатыр

Бөкей ордасындағы қарағайлы орманды қалай сақтап қалуға болады

Бөкей ордасындағы қарағайлы орманды қалай сақтап қалуға болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Құм ішіндегі қарағайдың қурау себебі неде

Хан ордасы ауылының іргесін 1826 жылы Жәңгір хан қалағаны белгілі. Биыл тарихи мекеннің салына бастағанына тура екі ғасыр толғалы отыр.

Тарихи деректерге қарағанда, Жәңгір хан өз ордасын құм баспауы үшін ағаш көшеттерін Саратов және басқа жерлерден алдырып, еккізген. Сонымен қатар ол орман қорғау іс-шараларын да жүзеге асырған. 

Кейін, 1890 жылы Ордада Нарын орман шаруашылығы құрылып, жаңадан ағаш түрлерін өсіру, оны зерттеу жұмыстары қолға алынды. Ал 1910 жылы Жасқұс тәжірибе стансасы құрылып, Орда орманшылар мектебі мамандар даярлап шығарды.

Питомниктер ашылып, құмда қарағайдан бастап көптеген ағаш түрлері жайқалып өсті. Тіпті өткен ғасырда жергілікті тұрғындар жүзімнің де дәмін тататын. 

Алайда соңғы жылдары құм ішіндегі шоқ тоғайларда қарағайлардың қурап, құлап жатқанын көруге болады. 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген орман өсірушісі Бақытхан Жүнісов өткен жылы қарашада Хан ордасына келген кезде келеңсіз жағдайды өз көзімен көрген.

Ол Орда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде 1988-1995 жылдары бас орманшы болып жұмыс істеген. 

Фото Бақытхан Жүнісовтың жеке архивінен

Бақытхан Көлбайұлының сөзіне қарағанда, сол жылдары Орда құмын ормандандыру жөнінде Ресейдің Волгоград облысындағы Бүкілодақтық агроорманмелиорациялық ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесе отырып, қос бірдей ұсыныс өндіріске енгізілген.

Соның нәтижесінде агротехникамен, механикалық жолмен жылына 10 гектардан 50 гектарға дейін бағалы қарағай көшеттері егіліп, оның жерсінуі 80-90 пайызға дейін жеткен. Оған қоса тұқымбақта жылына 400-500 мың дана екі жылдық қарағай көшеттері өсірілген. 

— Ұсыныстар бойынша Орда құмының (104 020 гектар) бөлтек-шұңқырларына 30 мың гектарға қарағай және жапырақты ағаштарды өсіруге болатынын дәлелдеген едік. Әйтсе де 1996 жылдан кейін Орда орман шаруашылығында қарағай және басқа ағаш көшеттері мүлдем өсірілмеген. Тек көктемде болмашы алқапқа қолмен егумен шектелген. Салыстырмалы түрде алғанда, соңғы отыз жылда Орда құмының санитарлық жағдайы нашарлап, орман алқабының азып-тозып кеткенін аңғаруға болады, — дейді маман. 

Оның мәлімдеуінше, мұның себептері мынада. Ең алдымен 1996 жылдан бері Әймекен жер асты суынан Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына жылына 270-300 мың текше метр ауыз су үздіксіз алынып жатыр.

Соның салдарынан құмды алқаптың бірі Қандағашта ертеден өсіп келген көптеген бұта-ағаштар, шөптесін өсімдік түрлерін кездестіру мүмкін болмады. Жерасты суының деңгейі төмендеп кеткені осыдан-ақ көрініп тұр.

Былайша айтқанда, ұңғымадағы су деңгейі 12-15 және орман алқабындағы су деңгейі 3-4 метрге түсуі әбден мүмкін. 

— Бұл Орда аймағы үшін өте қауіпті экологиялық апатқа алып келетініне күмәнім жоқ. Құм астынан су алу жобалары Орда ауылы тұрғындарының, орманшылардың қарсылығына қарамастан, тек су мамандарының анықтауымен жүзеге асырылды. Экологиялық сараптама мүлдем жасалған жоқ. Мұның зардабын болашақ ұрпағымыз да тартуы әбден мүмкін, — дейді Б.Жүнісов.

Фото: Бақытқаным Мизамбаева

Және бір себеп, Нарын құмында мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың, кәсіпкерлердің жерді есепсіз және нормасыз жайылымға пайдалануы. Кеңес дәуірінде кеңшар малдарын көктемде қырға жайылымға шығарып, күзде қыстаққа әкелетін еді. Қазіргі таңда шаруалар көшпестен бір орында отырады. 1995 жылдары Орда аумағында 15 мың ірі қара болса, бүгінде 35 мыңға жеткен.

Тағы бір айтатын жайт, Ресейдің әскери полигонына 1 млн гектар жер берілген кезде орман шаруашылығы аумағының 87 615 гектары қоса кеткен. Күні бүгін Орда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің меншігінде бар болғаны — 16 405 га. Ал 87 615 гектар орман алқабы қорғаусыз, қараусыз қалып отыр. Осы бетімен кете берсе, Қандағаш, Мешітқұм, Дүйсеқұмды жақын жылдары құм басады.

Маманның пікірінше, орман алқаптарының, соның ішінде аса бағалы қарағайлардың санитарлық жағдайы нашарлау үстінде. Өйткені қарағай үшін аса қауіпті зиянкестер (сосновый пилильчик) көбейіп, құрттары қылқан жапырақтарын тоқтаусыз жеп бітіруде.

Бұл зиянкестер орман алқабының барлық жерінде кездеседі. Сондықтан да көптеген қарағай ағаш ауруына ұшырап, қурап кеткен. Қазіргі таңда орман алқаптарының кез-келген жерінде жаппай қурап тұрған қарағай ағаштарын кездестіруге болады. 

Орманшының ойынша, Орда (Нарын) құмы орман алқабының санитарлық жағдайын жан-жақты зерттеу үшін комиссия құру керек. Оның құрамына орман шаруашылығы ғалымдары, агроорман мелиорация, орман орналастыру, өсімдік қорғау, жер асты суын зерттеуші мамандар енгізілуі қажет.

Фото: Бақытқаным Мизамбаева

Екіншіден, әскери полигонға жалға берілген 87 615 гектар құмды-орман алқабын Орда орман шаруашылығы мекемесіне кері қайтаруды ойластырған жөн. Мүмкін болмаған жағдайда жалға беру төлемінің бір бөлігін Орда орман шаруашылығы мекемесінің бюджетіне беруді қарастыру және аталған орман алқабын сақтау үшін штат санын көбейту.

Үшіншіден, орман алқаптарына мал жаюды мүлдем тоқтатып, тыйым салу. Құм жағасында отырған жеке мал иелеріне жыл мезгіліне қарай жазғы жайылымға көшуді міндеттеу. 

Мекемеде екі бірдей тұқымбақ ашып, соның біреуінде жылына 1 млн дана қылқан жапырақты қарағай көшеттерін өсіруді қолға алған абзал. Екіншісінде жылына 400-500 мың дана жапырақты ағаш көшеттерін егуді қолға алуға болады. 

— Жасанды орман екпе алқабын механикалық жолмен жылына 200-300 гектарға ұлғайтқан дұрыс. Биыл ерте көктемнен бастап қарағайлы орман алқабына зиянкестерге қарсы дәрі шашу, ол үшін Орда орман шаруашылығы мекемесін қажетті дәрі-дәрмекпен және дронмен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар орман алқаптарындағы бірнеше жер асты суының деңгейін 10 күн сайын өлшеп отыратын тереңдігі 10 метрге дейінгі ұңғымалар (диаметрі 100-120 мм) қазу артық етпейді. Нарын құмының апаттық жағдайын ескере отырып, астыңғы қабатындағы таза су көздерінің орнын толтыру мақсатында іс-шаралар қабылдау — кезек күттірмейтін өзекті мәселе, — деді Б.Жүнісов. 

Жергілікті деңгейде қандай жұмыс жасалмақ

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашев осы мәселе бойынша былайша жауап берді. 

Марат Төлеғалиұлы Орда орман алқабының санитарлық жағдайын жан-жақты зерттеу үшін мамандандырылған комиссия құру жоспарланып отырғанын жеткізді. 

— Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры жері — 17 005 гектар. Ал әскери полигонға ұзақ мерзімге пайдалануға берілген жер көлемі — 87 615 гектар. Бұл аумақтарда әр түрлі тал-теректерден басқа Қандағаш, 41, 3, 6, 7, Мешітқұм және Дүйсеқұм аумақтарында қарағайлы ормандар орналасқан. Әскери жерлердегі тал-теректерді қорғау және күтіп ұстау Орда орман шаруашылығы мекемесінің орман күзетшілерінің міндетіне жатады. Ал Хан ордасы ауылымен шектесіп жатқан орман қоры жерлерінің айналасын малдан қорғау мақсатында тікен сыммен қоршау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар орман инспекторлары құм маңында орналасқан жеке және шаруа қожалық иелеріне жыл мезгілдеріне байланысты жазғы жайылымдарға көшу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасап келеді, — дейді М.Молдашев.

Фото Марат Молдашевтің жеке архивінен

Басқарма басшысының нақтылауынша, болашақта мекеменің орман қоры жерлерін молайту, күтіп ұстау және сақтау мақсатында бөлімшелер ашу жоспарланған.

Сонымен қатар әскери полигон аумағында орналасқан 87 615 гектар құмды орман алқабын мекеме меншігіне қайтару шешімі қарастырылған жағдайда штат санын көбейтіп, орманды молайту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады.

Қазіргі таңда мекемеде аумағы 3 гектар уақытша тұқымбақ жұмыс істеп тұр. Тұқымбақта қарағай, жиде, қарағаш, терек, мақтаншақ терек, жыңғыл, сексеуіл, жылауық тал, үйеңкі екпелері өсіріледі. Күні бүгін тұқымбақта 12 мың дана 3 жылдық және 50 мың дана 2 жылдық қарағай көшеттері бар.

Сондай-ақ орман алқаптарын зиянкестерден уақытылы қорғау мақсатында 2020 жылы 156,9 га аумақта биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жылдан бері бүгінгі күнге дейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеткізушілердің болмауы себебінен жыл сайынғы жерүсті биологиялық күрес шаралары жүргізілмей келеді. Осыған байланысты биологиялық өңдеу жұмыстарын мекеме күшімен жүргізу үшін ұшу аппаратын (квадрокоптер) сатып алуға ұсыныс берілді.

— Орман алқабында жер асты су деңгейін өлшейтін ұңғыма қазу құны бір метріне 20 мың теңгеден келеді, жалпы сомасы — 400 мың теңге. Бүгінгі таңда бірнеше ұңғыма қазу үшін мекемеде қажетті қаражат қарастырылмаған. Орда құмдарының астыңғы қабатындағы таза су көздерінің орнын толтыру мақсатында Мұратсай ауылындағы су қоймасынан суды Қарасу елді мекенінде орналасқан Қопа көлшігіне құю жолдарын қарастыру қажет, — деп қосты М.Молдашев.

Фото: Бақытқаным Мизамбаева

Хан ордасы тұрғындары не дейді

Айта кетейік, Орда (қазіргі Бөкей ордасы) ауданындағы Әймекеннің жер астынан мол су көзі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары табылған. Осыдан Жәнібек пен Орда ауданы орталығы Сайқын ауылына су тарту мәселесі қозғалған кезде 1991 жылы жергілікті тұрғындар қарсы болған.

Сол кезде көзі тірі, Орда орман шаруашылығын көп жыл басқарған Салауат Минажев, сондай-ақ еңбек ардагерлері Мүлкәй Зұлқашев, Темірғали Қарашев, Жәрдемғали Әжіғалиевтердің бастап-қостауымен комиссия да құрылған. 

Сонда Орда орманын ұзақ уақыт бойы зерттеген академик, марқұм Александр Гаельдің кезінде «Су жетпіс метр тереңдіктен алынса, орманға зиян ете қоймас» деп айтқаны еске алынған. Сондай-ақ су қоры 15-20 жылға жетеді деген мамандар байламы да келтірілген. Соған қарамастан Әймекеннен су алынғанына отыз жылдан асып барады. 

Фото: Бақытхан Жүнісовтің жеке архивінен

Қарапайым құдық қазған кезде судың тереңнен шығатынын Хан ордасы ауылы тұрғындары жасырмайды. 

Еңбек ардагері Мәди Оразгелдиевтің мәлімдеуінше, судың бұрынғыдай емес, тартылғаны анық. Ертеде ата-бабаларымыз құм ішінде шөлдеп келе жатқан мезгілде малдың қабырғасымен қазып, су іше беретін деп үлкендер айтатын. 

— Бала кезімізде ауылдағы көгалдан да адамның білегіндей тереңдіктен су ішуге болатынын көзіміз көрді. Қазіргі таңда құдық қазғанда, 1,5-2 метрден су шығады. Жер асты суының тартылуы өсімдік әлеміне, соның ішінде қарағайлы орманға әсер етпей қоймайды. Содан кейін Жәнібек пен Сайқынға айдалатын су мал мен бау-бақша суаруға, машина жууға да жұмсалады. Малдың көптігі және бар. Орманда улау жұмыстары жүргізілмегендіктен, ағашқа құрт түседі. Осындайлардың салдарынан тал-терек қурап, Сейтқали секілді елді мекендерді құм басып жатыр. Түптеп келгенде, Орда орманын сақтап қалу үшін кешенді іс-шараларды жүзеге асыру керек, — деді М.Оразгелдиев.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстанда егілген миллиондаған ағаштың неге жерсінбей қурап кететінін жазған едік.  

Фото: Бақытқаным Мизамбаева
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 19:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see117

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see117

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see117

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see115

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see115

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see115

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see114

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see110

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

05 Маусым 2026 17:31see110

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

05 Маусым 2026 14:23see110

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

04 Маусым 2026 13:01see110

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

05 Маусым 2026 09:45see110

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

05 Маусым 2026 10:48see110

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

05 Маусым 2026 13:24see109

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

05 Маусым 2026 15:22see109

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

04 Маусым 2026 14:27see108

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

05 Маусым 2026 12:03see108

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

05 Маусым 2026 13:41see108

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

05 Маусым 2026 08:07see107

Интерпол ұстағаннан кейін құпия Атыраулық хакерді Қазақстанға қайтаруға дайындалып жатыр

04 Маусым 2026 13:31see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары