Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Некені қалай сақтап қалуға болады психолог кеңесі

Некені қалай сақтап қалуға болады психолог кеңесі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кейінгі уақытта ажырасқанын желіге ашық жариялайтындар көбейген. Көпшілік те осы жазбаларға жарыса пікір қалдырады. Осы жағдайға байланысты психолог маман адамдардың мұндай әрекетіне қатысты түсінік берді.

— Желіде ажырасқандар туралы жағымсыз пікірлер жиі кездеседі. Мұндай пікірлер көбіне күйеуін немесе әйелін айыптаған адамдардан шығады немесе өздері де ажырасқан болуы ықтимал. Кейде адам ажырасудағы өзінің жауапкершілігін мойындамай, күйеуіне немесе әйеліне деген ренішін ажырасқаны туралы ақпаратты бөліскен танымал адамға бағыттайды, — дейді Ғалияш Мақашева «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында.

Маман жағымсыз жазба қалдыратын әйелдердің психологиясына ерекше тоқталды.

— Сонымен қатар әйелдер көбінесе әйелді кінәләуі мүмкін. Егер мұндай пікір ашумен айтылса, бұл жағдай оған өте таныс дегенді білдіреді. Яғни, оның да некесінде бір нәрсе дұрыс емес, ол да кете алмай жүр. Оның кете алмайтынына көптеген себептер бар, бірақ ол өзінің кетпеуін қандай да бір нәрсемен ақтап алғысы келеді. Өзінен бұрын күйеуінен кеткен немесе осындай шешім қабылдаған әйел оған өзінің ішкі әлсіздігін көрсетеді. Ол сол адамды айыптау арқылы өзін ақтап алып, «Мен шыдап жүрмін, ал сен неге шыдамайсың?» деген ішкі ойды білдіреді, — дейді ол.

Психолог бұл мәселе көп адамның отбасында бар екенін жеткізді.

— Егер болған жағдай ол адамға таныс болмаса, оның ішінде ешқандай импульс көтерілмесе, ол сонша энергиясын жұмсап, ашумен, ренішпен пікір жазбас еді. Некедегі қиындықтар көп адамның арасында көтеріле бастаса, бұл мәселенің көптеген отбасыларда бар екенінің айғағы, — дейді маман.

Ғалияш Мақашева жағымсыз пікір қалдыруға бейім адамдарға кеңесін айтты.

— Мұндай пікірлерді жазатын адамдарға өздері үшін келесі сұрақтарды қою маңызды: «Қазір менде не болып жатыр? Бұл жағдай маған неге соншама әсер етті? Менің отбасымда, ерлі-зайыптық қарым-қатынасымда қандай мәселе бар?» Өзін-өзі түсіну және сол мәселелерді ашу арқылы ғана жағдайды өзгертуге мүмкіндік туады, — дейді психолог.

Ғалияш Мақашева ажырасуды кезең-кезеңге бөліп талдап берді.

— Ажырасу — бұл қайғы. Психологияда оның белгілі бір кезеңдері бар. Бірінші, мойындамау кезеңі. Адам алдымен «Қалай сен мені тастайсың? Қалай сен менен кетесің?» деген мойындамау кезеңінен өтеді. Содан соң, ашу кезеңі. Бұл кезеңде адам агрессия білдіреді: «Қырамын-жоямын, бүйтемін-сүйтемін» деген сезімдер пайда болады. Одан өткен соң, саудаласу кезеңі басталады. Бұл кезеңде баланы кімге беретінін, қандай мүлікті алып қалатынын келіседі. Төртінші, күйзеліс кезеңі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де немесе біреуі ғана күйзеліске түседі. Бұл кезде жақындарының қолдауы маңызды. Соңында барып, мойындау кезеңі келеді. Сол кезде ғана ажырасудың себептерін мойындап, өз қателіктерін қабылдай алады, — дейді студия қонағы.

Маман ажырасқан ерлі-зайыптылар екі түрлі кезеңде күйзеліске түсетінін айтады.

— Ажырасуға бір адам бастама береді — еркек не әйел. Егер адам өзі таңдаған некеден кетсе, ол қайғы кезеңдерін некеде жүргенде өткерген. Ол мойындамау, күйзеліс сынды кезеңдерден өтіп, «Неке сәтсіз болды» деген қорытындыға келген соң ғана ажырасу туралы шешім қабылдап отыр, — дейді Ғалияш Мақашева.

Психолог жастарға ақылмен саралап барып отбасы құруға кеңес берді.

— Некелердің ажырамай ұзақ болу үшін, о баста ересек екі адам арасындағы шынайы қосылу керек. Осы қосылуға әсер ететін «оң симбиоз кезеңі» деген түсінік бар. Бұл кезең бала туғаннан бастап 12 жасқа дейінгі ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс кезең. Егер осы кезеңде бала өз қажеттіліктерін толық қанағаттандырмаса, ол есейгенде жар таңдау мәселесінде қиындыққа ұшырайды. Мысалы, мұндай ер адам пысық, қамқор, жауапкершілік алатын адамға үйленуі ықтимал, — дейді маман.

Студия қонағы ерлі-зайыптылардың арасында «Экологиялық ажырасу» түсінігі мүлде жұмыс істемейтінін түсіндірді.

— Бұл түсініктің қайдан шыққаны белгісіз, бірақ отбасылы адамдар ешқашан экологиялық тұрғыда толық ажыраса алмайды. Бұл бір-біріне зиян тигізбей, екі жаққа кету дегенді білдіреді. Алайда, төсектес болған, жалаңаш денелері бір-біріне тиген екі адам экологиялық ажырасу мүмкін емес, — дейді ол.

Маман кез келген отбасыны сақтап қалуға мүмкіндік бар дейді.

— Ажырасу — бұл өмірдегі соңғы нүкте емес. Айырылысқан екі адам бөлек жүргенде өздерінің дұрыс қолданбаған мүмкіндіктерін саралап, өзімен жұмыс істеп, есейсе, некені қайта қалпына келтіруге болады, — дейді психолог.

Айта кетейік, ажырасу бойынша елімізде Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары