Боран: Абай облысында полицейлер 300 ден астам көлікті өткізді
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 666-733 шақырым аралығында қалған автотізбекті бірреттік өткізу ұйымдастырылды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
Жалпы саны 300-ден астам автокөлік, оның ішінде 189 жеңіл және 126 жүк көлігі өткізілген.
— Автотізбек патрульдік полиция экипажының және жол қызметтерінің арнайы техникасының жол бастап жүруімен Бесқарағай ауылынан Семей қаласы бағытына шықты. Қозғалыс боран мен көріну қашықтығының шектелуі жағдайында тәуекелдерді азайту мақсатында, полиция қызметкерлерінің толық бақылауымен, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылды, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да полицейлер 80-нен астам көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүргені хабарланған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 04:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















