Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
Боз кілемге чемпиондар шығады : Астанада Qazaqstan Barysy 2026 турнирі өтеді

Боз кілемге чемпиондар шығады : Астанада Qazaqstan Barysy 2026 турнирі өтеді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Алдағы сенбі, 15 тамызда Астанада Qazaqstan Barysy-2026 супер турнирі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, боз кілемге еліміздің барлық өңірінен іріктелген 40 палуан шығады.

"Турнирдің басты тартысы әр жылдары алтын белбеу иегері атанған үш чемпионның кездесуі болмақ. Кілемге 2017 жылғы жеңімпаз Еламан Ерғалиев, 2021 жылғы чемпион Дәурен Нұралинов және 2023 жылғы бас жүлде иегері Ғалымжан Қырықбай шығады. Олардың қатысуы биылғы жарыстың мәртебесін арттырып, турнир тарихындағы ең тартысты додалардың біріне айналдырады", – делінген ресми хабарламада.

Дәурен Нұралинов пен Ғалымжан Қырықбай 2021 жылғы финалдан кейін алғаш рет турнирге қатысады. Ал Еламан Ерғалиев бұл жарысқа тоғыз жылдан кейін қайта оралып отыр.

Бұдан бөлек, супертурнирге "Түркістан Барысы-2026" турнирінің жеңімпазы Қайсар Шәмшидинов, Qazaqstan Barysy турнирінің үш дүркін жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов, Qazaqstan Barysy-2024 турнирінің қола жүлдегері Саят Шәмшиев, Қазақстан чемпионы Олжас Шынкеев, Азия кубогының жеңімпазы Айдар Бескемпір, сондай-ақ "Әскер Барысы-2026" турнирінде бірінші және екінші орын алған Айдар Бескемпір мен Әділ Оразбаев қатысады.

Айта кетейік, мерейтойлық XV Qazaqstan Barysy-2026 супер турнирі Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 02:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары