Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бухенвальдте тұтқында болған қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды

Бухенвальдте тұтқында болған қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Германиядағы Бухенвальд лагерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқында болған қазақстандықтарды еске алуға арналған ескерткіш тақта ашылды.

Олардың есімдерін енді сондағы QR-код арқылы көруге болады. Игі бастамаға тарихшы Перизат Сәдуақас мұрындық болған.

Нацистік Германияның ең ірі түзету лагерьлерінің бірі – Бухенвальд. 1937 жылдан бастап соғыс аяқталғанға дейін мұнда 280 мың адам қамауда болған. Олардың 56 мыңы аштықтан, азаптаудан және аурудан көз жұмды. Қаза тапқандардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар. Сарапшылар жерлестеріміздің аты-жөні мен олар жайлы деректерді анықтады. Көпшілігі Алматы, Атырау және Ақмола облыстарының тумалары.

Рикола-Гуннар Люттгенау, тарихшы:

- Бухенвальдте болған оқиғалар - тек Германияның немесе Кеңес Одағының ғана тарихы емес. Мұнда қаза тапқандар - аты-жөні жоқ жандар емес, әрқайсысының өз есімі, тағдыры және шыққан тегі болған. Бұл ескерткіш осыны алғаш рет айқын көрсетіп, тұтқындардың арасында қазақстандықтардың да болғанын еске салады. Нацистік билік әрбір тұтқынды тізімге мұқият тіркеп отырған, дәл сол жазбалар арқылы есімдерін анықтадық.

Қазақстандық тұтқындар жайлы ескерткіш бұрынғы крематорий ғимаратына орнатылды. Бұл жерде ресми сайтпен байланыстыратын QR-код бар. Сілтеме арқылы өтіп, 35 отандасымыз жайлы деректерді білуге болады. Тарихшы Перизат Сәдуақас Бухенвальд тарихындағы қазақ ізі туралы екі жыл бұрын кешенге барған кезде білді. Бұл оның зерттеу жұмысына бастау болады. Кейін Бухенвальд мемориалымен бірлескен жоба аясында бірегей тізім қалыпқа келтірілді.

Перизат Сәдуақас, тарихшы:

- Қазақ, орыс, неміс транскрипциясын жасадық. Ол тізімде тұтқындардың туған жерлері, туған күндері және жеке нөмірлері көрсетілген. Осы ақпараттарды алу табу, жинақтау қызықты болды және көп еңбекті талап етті. Біз бұл тізімді жасақтап, және жалпы осы Бухенвальд тұтқындарына арнап тақта орнату мәселесімен екі жыл айналыстым. Тақтаны өзім қаржыландырғанмен ол барлық осы тұтқындардың ұрпақтарының атынан қойылды. Яғни сол арқылы өмірден өткен сондай қайғылы тағдырға душар болған азаматтарды қазіргі ұрпақтарымен байланыстыру, олардың рухтарына құрмет көрсету. Яғни бүгінгі іс-шара жекелеген адамдар емес барлық қазақ халқының сол азаматтарға деген құрметі және ықыласы деп қабылдау керек деп ойлаймын.

Ескерткіштің ашылу салтанатына дипломаттар, неміс тарихшылары, студенттер және Қазақстаннан келген қонақтар қатысты. Сарапшылардың айтуынша, Бухенвальдтегі қазақстандықтар тақырыбы әлі толық зерттелмеген. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс неміс тарапының қолдауымен жалғаса бермек.

Хольгер Оббариус, Бухенвальд және Дора-Миттельбау мемориалдары қорының өкілі:

- Бұл тақырып ауқымды көп зерттеуді қажет етеді. Бастама жайлы ой екі жыл бұрын «Бұл жерде қазақ азаматтары бар ма?» деген сұрақтан туындады. Бүгінде Бухенвальдте болған 35 қазақстандықтың есімі белгілі. Бірақ олардың қашан келгені, аман қалған-қалмағаны, тағдырлары қалай өрбігені әлі белгісіз. Есімдерін жариялаумен бірге тағдырларын зерттеу маңызды. Сондықтан жұмысымыз әлі де жалғасады.

Қарауыл мұнарасы, тікенекті сымдар, крематорий - осының бәрі сол сұм заманды еске салады. Бухенвальд өткеннің жадын сақтап қана қоймай, адамзатқа ескерту жасайды. Бұл қасірет енді еш қайталанбауы керек.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 22:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары