Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Анкарада қазақ офицеріне ескерткіш тақта орнатылды

Анкарада қазақ офицеріне ескерткіш тақта орнатылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Анкарада қазақ офицеріне арналған ескерткіш тақта ашылды. Мемориал Түркия құрлық әскерінің академиясында бой көтерді.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты. Ведомсто басшысы сапар аясында түркиялық әріптесі Яшар Гүлермен кездесіп, әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді.

Түркиядағы әскери жоғары оқу орнында ескерткіш тақта халықаралық бітімгершілік миссиясында ерлікпен қаза тапқан қазақ офицері Қайрат Құдабаевқа ашылды. Бұл – тек бір сарбаздың рухына тағзым емес, бүкіл қазақ бітімгерлеріне көрсетілген құрмет. Себебі Қайрат Құдабаев халықаралық қауымдастықтың бейбітшілігі үшін жанын қиды.

Арада 20 жыл өтсе де, капитан Құдабаевтың Ирактағы ерлігі ел жадынан өшкен жоқ. Жарылғыш заттарды эвакуациялау кезінде өз өмірін құрбан етіп, өзге сарбаздарды аман алып қалды. Осы жанқиярлығы оның білім алған әскери академиядағы арнайы мемориалға қашап жазылды. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне Астанадан арнайы келген батырдың отбасы да қатысты.

Әсем Қайырқанқызы, Қ. Құдабаевтың жары:

- Бүгін біз үшін өте маңызды әрі ерекше күн. Біздің отбасымыз үшін бұл мемориалдың ашылуы – ерлік пен ар-намыстың символы. Балаларым үшін – әкелерінің рухына деген мақтаныш. Ал осы оқу ордасының жас курсанттары үшін бұл нағыз патриотизмнің үлгісі деп білемін.

Әмина Құдабаева, Қ. Құдабаевтың қызы:

- Біздің әкеміз есімізде өте патриот, елін сүйетін, ісіне адал тұлға ретінде сақталып қалған. Жалпы осындай іс-шара болғанына өте қуаныштымыз. Алғысымыз шексіз.

Қайрат Құдабаев – осы әскери академияны тәмамдаған алғашқы қазақстандық түлек. 1996 жылдан бері бұл оқу орнын 150-ге жуық қазақстандық сарбаз бітірген. Қазір 80-нен астам курсант тәлім алып жүр.

Өлке Ердалы, Түркия Құрлық әскерлері әскери академиясының курсанты:

- Біз болашақ офицерлер ретінде артылған міндет пен жауапкершілікті абыроймен атқаруға және елімізге қаймықпай абыроймен қызмет етуге тырысамыз. Бұл біздің міндетіміз. Міндетімізді әрқашан оғары дәрежеде жасауға тырысамыз.

Қорғаныс министрі болашақ офицерлермен кездесіп, академиядағы оқу процесі, халықаралық дайындық стандарттарымен танысты. Елге адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Екі күнге созылған сапар Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықты тереңдетуге, бітімгершілік бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтуге жаңа серпін берді.

Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары