Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

“Бұл нәрселердің маңыздылығын ешкім түсінбеді“ маман Ұлдана Мырзуан қаза тапқан үй туралы

“Бұл нәрселердің маңыздылығын ешкім түсінбеді“ маман Ұлдана Мырзуан қаза тапқан үй туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот ісінде техникалық қадағалау маманы Денис Воробьев жауап берді. Ол үй қасбетіндегі ақаулар қаптама құлағанға дейін де байқалғанын, бірақ оның зардабының қаншалықты ауыр болатынын ешкім аңғармаған болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттағы жауап алу кезінде Воробьевтен үйдің кейіннен қаптамасы құлаған жағындағы ақауларды көзбен көріп байқау мүмкін болды ма деп сұрады.

Маманның айтуынша, жанама белгілер болған. Атап айтқанда, тоғызыншы қабаттың жабын деңгейінде саңылаулар пайда болған.

"Мұның бәрін көзбен бақылауға болатын еді, жанама белгілер де соған дәлел болды. Атап айтқанда, тоғызыншы қабаттың жабыны, яғни техникалық қабаттың еден деңгейіндегі жабын плиталарының арасында саңылаулар болған. Бұл саңылауларды адамдар өз бетінше жөндеп, монтаждау көбігімен толтырып отырған", - деді Воробьев.

Оның сөзінше, саңылаулардың пайда болуының өзі конструкцияда өзгерістер болып жатқанын аңғартқан.

"Сондықтан біз жарықтардың пайда болғанын нақты айта аламыз. Мәселенің басқа жағы - бұл ақауларға дұрыс сараптама жасалмаған. Яғни, адамдар мәселені көреді де, оны сол жерде шешуге тырысады", - деп түсіндірді маман.

Сондай-ақ Воробьев бұған дейін қасбетті жөндеумен айналысқан өндірістік альпинистердің берген жауаптарына да тоқталды. Оның айтуынша, олар құрылыс саласының мамандары болмаған және өздеріне жүктелген нақты тапсырманы ғана орындаған.

"Әрі альпинист, әрі білікті сарапшы немесе құрылысшы мамандығын қатар алып жүрген адамды табу өте қиын. Сондықтан ол жігіттерге сұрақ қою орынсыз болар. Оларға қандай міндет қойылды - соны орындап шықты", - деді ол.

Бұл ретте, Воробьевтің бағалауынша, сол кезде жүргізілген жұмыстар болып жатқан процестердің себептерін жоймаған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

"Нәтижесінде, іс жүзінде бұл жөндеу жұмыстары тек косметикалық сипатта болған деуге болады. Өйткені бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екенін ешкім түсінбеген. Дәл осы жерде құзыретті маман барып, тексеріп, дұрыс баға беруі керек еді", - деді сарапшы.

Күні кеше құрылыс саласының маманы Вероника Лобаева үйдің жағдайын "мина іспеттес" деп атаған болатын.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі тікелей эфирде өтетіні хабарланған болатын. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

9 қыркүйекте сот құрылыс саласындағы маманның жауабын тыңдады. Сарапшы үйдің жобалық сәйкессіздіктері туралы айтып, оларды "мина іспеттес" деп атады.

“Гүл ғана егіп отырасың деген” - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сотталушы

Сонымен қатар қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы, айыпталушы Сәуле Жұбаниязовадан жауап алынды. Айыпталушы өзін кінәлі санамайтынын айтты.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see165

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see162

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see160

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see160

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see158

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see157

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see153

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see147

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see143

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see141

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see140

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see139

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see133

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see131

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see127

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see125

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see122

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see118

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see115

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары