Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Мәртебеден бас тартты“ қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы мәлімдеме жасады

“Мәртебеден бас тартты“ қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы мәлімдеме жасады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Заңгер Нұрсұлтан Орынбектің парақшасында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанқұлованың бейнеүндеуі жарияланды. Ол әлеуметтік желілерде тараған қызының бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің қайғылы оқиғадан сегіз ай өткен соң қайтадан үйленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Life.

Марқұмның анасы не деді?

Әйелдің айтуынша, ұзату тойынан кадрлар пайда болғаннан кейін отбасыға журналистер мен қазақстандықтардан көптеген сұрақ түскен, бұл үндеу жасауға себеп болған.

"Мен Мырзуан Ұлдана Қалдарахманқызының анасы, Сәлима Ешанқұловамын. Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша "Алдарыңыздан өтті ме?" деп сұрап жатыр. Жоқ, алдымыздан өткен жоқ. Ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ. Тағы айта кететін жағдай, қызымның қазасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатқанын айтқым келеді. Әділет іс бойынша жәбірленуші деп танылған, мен енді оның бұл мәртебеден бас тартқанын қалаймын", – деді ол.

Сәлима Ешанқұлованың сөзінше, отбасына алдағы той туралы алдын ала ескертілмеген, ал бұрынғы күйеу баласы мен оның туыстары қайғылы оқиғадан кейін Ұлдананың жақындарымен байланысын үзген.

Бейнежазбамен бірге жарияланған хабарламада фельдшердің қазасына қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында екені, ал отбасы өкілдері тергеу материалдарымен танысып жатқаны атап өтілген.

Отбасы жәбірленуші мәртебесін қайта қарауға қол жеткізбек

Марқұмның анасы қызының өліміне қатысты мән-жайды тергеу әлі жүріп жатқанын еске салды. Оның айтуынша, Әділет Зейнел қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуда, алайда ол бұл шешімнің қайта қаралуын талап етпек.

Әйел қызының заңды мүдделерін қорғауды және тергеуге қатысты бірқатар құқықтық мәселелер бойынша уәкілетті органдарға жүгінуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Марқұмның анасы қызының мүлкі туралы не айтты?

Сәлима Ешанқұлова Ұлдана қайтыс болғаннан кейін оның мүлкінің қалай бөлінгеніне жеке тоқталды.

Оның айтуынша, қызының 17 жасынан бастап жинаған зейнетақы жинақтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес күйеуіне берілген. Ал автокөлік марқұмның ата-анасына өтуі тиіс болған.

Бұл ретте, әйелдің айтуынша, шын мәнінде көлік Ұлдана қайтыс болғаннан кейін сегіз айдан астам уақыт бойы Әділет Зейнелде болған және тек 2026 жылдың 22 шілдесінде ғана ата-анасына қайта рәсімделген.

"Қызымның өз еңбегімен алған көлігі және 17 жасынан бастап жинаған зейнетақы жинағы болған. Заң бойынша зейнетақы қаражаты Әділетке берілді, ал көлік ата-анасына қалды. Алайда 18 қарашадан 22 шілдеге дейін көлік Әділетте болды, содан кейін ғана бізге рәсімделді. Ана ретінде мен қызымның заңды мүдделерін қорғауға ниетімді білдіремін", – деді Сәлима Ешанқұлова.

Әйелдің айтуынша, отбасы марқұмның мүліктік құқықтарын қорғауға және тергеуге қатысты бірқатар құқықтық мәселелерді қайта қарау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге ниетті.

Жас фельдшердің өмірін қиған қасірет

Еске сала кетейік, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіш қаптамасы мен кондиционер бекіткіші құлаған болатын. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті.

23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан бригада құрамында оқиға орнына келген. Туыстарының айтуынша, бойжеткен алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмекке ұмтылған, олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Дәл осы сәтте оның үстіне кірпіш қаптамасы мен кондиционер бекіткіші құлаған.

Ауыр жарақат алған Ұлдана ауруханаға жатқызылды. Ол он күн бойы жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатты, алайда 2025 жылдың 18 қарашасында көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы ("Сапасыз құрылыс") бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейінірек тергеу ҚК-нің 306-бабы ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету") бойынша да жүргізіле бастады.

Қоғамдық резонанс

Ұлдана Мырзуан мен дәрігер-реабилитолог Әділет Зейнел 2025 жылы 30 қыркүйекте - қайғылы оқиғаға дейін бір жарым айдан аз уақыт бұрын үйленген болатын.

Жұбайы қайтыс болғаннан кейін Әділет Зейнел әлеуметтік желілерде қоштасу хатын жариялап, онда қарым-қатынасы туралы айтып, Ұлдананы өзінің үлкен махаббаты деп атаған еді.

Жақында әлеуметтік желілерде Таразда өтті делінген ұзату тойының кадрлары тарады.

Фото: TikTok/@stan.kz

Ұлдана қайтыс болғаннан кейін сегіз ай өткен соң Әділет Зейнелдің қайтадан үйленгені туралы хабарланды. Сәлима Ешанқұлова түсіндіргендей, дәл осы ақпарат шыққаннан кейін отбасы қазақстандықтар мен БАҚ өкілдерінен түскен көптеген сұраққа ашық жауап беруді ұйғарған.

Тағы оқыңыз: Қосшыда қазақстандықтар фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 18:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары