Бұл жай декларация емес, баршамызды ұйыстыратын ортақ ұстаным Жақып Асанов
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, Ата заңда елдің қандай құндылықтарға сүйенетіні айқын көрініп тұруы тиіс, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазіргі әлемдік жағдай күрделі әрі тұрақсыз. Осындай кезеңде Ата заңда біз қандай елміз, қандай құндылықтарға сүйенеміз – соны айқын, еш күмән қалдырмайтындай етіп жазуға тиіспіз. Констиуцияның алғашқы бетін ашқаннан-ақ бағытымыз да, ұстанымымыз да, мемлекет ретіндегі болмысымыз да анық көрініп тұрғаны маңызды. Жаңа преамбулада осы ойлар дәл көрсетілген деп санаймын.
Бұл жерімізді ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған. Осы жер бізге аманат болып қалған ең қастерлі құндылық. Біз біртұтас ел екеніміз, унитарлы мемлекет екеніміз, жеріміздің бөлінбейтіні, шекарамыздың мызғымайтыны Конституцияда тайға таңба басқандай күмәнсіз жазылуы – стратегиялық қажеттілік. Бұл жай декларация емес, бұл қауіпсіздігіміздің өзегі, егемендігіміздің тірегі, баршамызды ұйыстыратын ортақ ұстаным», - деп атап өтті Жақып Асанов.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:14
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















