Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Жақып Асанов: Бұл кітап Қазақстанның жаңа дәуірдегі шежіресі

Жақып Асанов: Бұл кітап Қазақстанның жаңа дәуірдегі шежіресі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Күнделікті өмірде жаңа реформалар жайлы жиі естиміз. Әрбірін бөлек-бөлек түсініп жатамыз. Оларға пікір айтамыз. Баға береміз. Бірақ таудың түбінде тұрып, оның қандай биік екенін көру не ағаштардың арасында жүріп, тұтас орманды байқау қиын. Сол сияқты әр жаңа шешімнің, реформаның артында тұрған үлкен суретті, толық көріністі, жалпы бағытты аңғара бермейміз. Ал шын мәнінде, саясат, қоғам, экономика - бәрі бір-бірінен ажырамас, тығыз байланысты дүниелер.

Меніңше, бұл еңбектің негізгі миссиясы - соңғы жылдардағы өзгерістерді үзік-үзік оқиға деп емес, өзара ұштасқан біртұтас құбылыс ретінде көрсету. Мәулен Сағатханұлы оқырманға сол ауқымды суретті көрсетіп, ірі шешімдердің түпкі себептерін дәл түсіндіреді. Сондықтан бұл туынды реформалардың жай ғана тізімі емес. Бұл - Қазақстанның жаңа дәуірдегі шежіресі, мемлекетіміздің заманауи генезисі десек те болады. Мұнда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді өркендетуге бағытталған стратегиялық даму курсы жан-жақты талданған. Автор елде болып жатқан терең өзгерістердің ішкі логикасын жеткізеді. Кітаптың басты құндылығы, менің ойымша, осында сияқты.

Кітаптың тағы бір қыры. Бүгінде әлем жылдам өзгеріп келеді. Технология дамып жатыр. Экономика өзгеріп жатыр. Адамдардың да талабы өсуде. Кеше дұрыс деген нәрсе бүгін жарамай қалып жатыр. Осындай аласапыран заманда әр ел өз даму моделін табуға тиіс. Бұл - жай таңдау емес. Бұл - ұлт келешегіне қатысты мәселе.

Бұл еңбекте Қазақстан сыртқы жағдайға жалтақтап, тек бейімделіп отырған ел емес, керісінше, өз жолын, өз бағытын өз еркімен тауып жатқан дербес мемлекет ретінде көрсетілген.

Туынды дәл осы ізденістің мәнін түсіндіреді. Әр стратегиялық таңдаудың астарын ашып, неге дәл қазір, неге дәл осындай қадамдар жасалып жатқанына жауап береді.

Жалпы бұл кітапта көтерілген маңызды мәселелер аз емес. Соның ішінде әділеттілік тақырыбын бөлек айтсам. Өмірімнің көп бөлігі құқық қорғау мен сотта өтті. Қоғамның әділеттілікке деген шөлін жақсы түсінемін.

Кітапта Мемлекет басшысының осы бағыттағы реформаларына көп мән берілген. Өйткені мұндай өзгерістер көбінесе қарсылыққа 2 тап болады. Адамдар да, жүйелер де үйренген, өзіне «ыңғайлы» жолмен жүргенді жөн көреді. Өзгеріске қарсы тұрады. Мәулен Сағатханұлының осы ойлары бойынша бір-екі мысал келтірсем.

Жеті жыл бұрын соттағы ақтау үкімдері тек ауыр қылмыстар бойынша бірден 12 есе өсіп, жылына 20-дан 250 адамға жетті. Кейбір құқық қорғау органдарының басшыларына бұл ұнамады. Сонда не істеді? Мемлекет басшысына барып, бізді қызметтен алуды сұрады. Ештеңе шықпаған соң амалсыз басқа қадамға көшті. Сапасыз істер соттан өтпейтініне көздері жеткен соң негізсіз айыптарды тергеу кезінде өздері қысқартуға мәжбүр болды.

Бұрын сотқа жылына 65 мың адамға қатысты қылмыстық іс жіберілетін болса, қысқа уақытта сол 2 есе азайып, 30 мыңға түсіп кетті. Ең қызығы, қылмыс деңгейі соншама азаймаса да. Бұл - кітапта айтылған трансформацияның бір-ақ мысалы.

Тап сол сияқты жақында ғана 5 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске де (АППК) да қарсылық зор болды. Өйткені ол азаматтардың құқығын күшейтіп, мемлекеттік органдардың билігін шектеуді көздеді. Мемлекеттік органдарға бұл жақпады. Бірақ Мемлекет басшысы АППК қабылдансын деп шешім қабылдады. Соның арқасында азаматтар әділдікті сезіне бастады. Кітапта дәл айтылғандай, халықтың сенімі болған жерде қоғам да, мемлекет те күшейеді. Қоғам «антиосал» болып, кез-келген дағдарысқа қарсы тұра алатын берік жүйеге айналады. Бұл -  кітап авторының осы еңбектегі негізгі тезистерінің бірі деп ойлаймын.

Меніңше, бұл еңбек тағы үш маңызды ой қозғайды.

Біріншіден, біз кез-келген реформаның нәтижесін тез көргіміз келеді. Бірақ оған уақыт керек. Кітап осы ақиқатты еске салады.

Екіншіден, реформа тек биліктің ісі емес. Ол әр адамның ықыласы мен санасына байланысты. Себебі, күшті мемлекет тек қана қуатты қоғаммен бірге қаланады.

Үшіншіден, бұл туынды жастарға, мемлекеттік қызметшілерге, бизнеске пайдалы құрал. Ол билік туралы ғана емес. Ол еліміз туралы, адамдар мен болашағымыз туралы өте терең кітап.

Мәулен Сағатханұлын да, оқырмандарды да жаңа еңбектің жарық көруімен құттықтаймын. Кітаптың ғұмыры ұзақ болып, ел игілігіне қызмет ете берсін деп тілеймін!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 23:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары