Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Былтыр Өзбекстандағы қазақ жазушыларының оннан астам кітабы жарық көрді

Былтыр Өзбекстандағы қазақ жазушыларының оннан астам кітабы жарық көрді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Өзбекстан Жазушылар одағына қарасты Қазақ әдебиеті кеңесінің жылды қорытындылау отырсына осы елдегі қазақ қаламгерлері, журналистер мен студенттер қатысты.

Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

— Өткен жылы Өзбекстандағы қазақ жазушыларының оннан астам кітабы жарық көрді. Оның ішінде қаламгерлердің төл туындылары басым. Атап айтқанда, ғалым, әдебиеттанушы Қалдыбек Сейдановтың «Абай және Орта Азия әдебиеті» атты монографиялық еңбегі баспадан шықты. Сондай-ақ, ақын Замирам Мұсаеваның балаларға арналған «Мөлдір болсын жүректер» кітабы оқырманға ұсынылды, — деді Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов.

Жиналыста мәлім болғандай, былтыр «Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдер жинағы» еңбегі жарық көрді. Оған жазушы Наурызбай Жарбосынұлының, жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиев пен Баршын Мырзабекқызының туындылары енді.

Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

2025 жылы аударма бағытында да ілкімді іс атқарылған. Мәселен, Өзбекстанның Халық жазушысы Хайриддин Султановтың «Бақыт жағалауы» атты прозасы қазақ тіліне тәржімаланды.

— Бұл жұмыстар қазақ-өзбек әдеби байланыстарының жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды, — деп мәлім етті Тұрсынәлі Ахметов.

Жалпы, жыл сайын Өзбекстанда біртуар қазақ жазушыларының мерейтойы аталып өтеді. Мәселен, былтыр Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде тойланды. Оның аясында әдеби кештер ұйымдастырылып, ғылыми-танымдық конференциялар өткізілді.

— Былтыр Абай Құнанбайұлының 38-ші қара сөзі түпнұсқа негізінде өзбек тіліне қайта аударылды. Оны әдебиеттанушы Баходир Карим тәржімалады. Мұнымен бірге, таяуда Өзбекстанның Халық ақыны Абдулла Ариповтың «Әділет шуағы» кітабы қазақ тіліне аударылып, баспадан шықты. Алдағы уақытта оның тұсаукесерін ұйымдастырамыз, — деді Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы.

Сондай-ақ, биыл көршілес елде қазақ қаламгері Өмірзақ Қожамұратовтың 95 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұған қоса, ақын Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін насихаттауға арналған әдеби кештер ұйымдастыру жоспарланған.

Еске салайық, 2024 жылы Өзбекстандағы қазақ қаламгерлерінің 20-ға жуық кітабы жарыққа шыққан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 06:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары