Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елімізде цифрлық теңге кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қоғам­да оған қатысты пікір сан алуан. Бірі оны отандық биткоин деп қабылдаса, енді бірі қолма-қол ақшаның орнын басады деп ойлайды. Алайда бұл екі түсінік те шындыққа жанаспайды. Цифрлық теңге – ұлттық валютаның нарыққа бейімделген жаңа нұсқасы.

Коллаждарды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Цифрлық валютаны жасау идеясы 2010 жылдың соңында пайда болды. Әлем елдері бұл бағытта өз бетінше ізденді. Негізгі мақсат – қаржы жүйесін жаңғырту, төлемдерді жеделдету, шығынды азайту әрі бақылауды күшейту еді. Барлық модельді біріктірген ортақ негіз – блокчейн технологиясы. Бірақ бұл криптовалютадағыдай мемлекеттен тәуелсіз жүйе емес. Мұнда басқару орталық банктің қолында.

Алғаш болып нақты қадам жасаған ел – Багам аралдары. 2020 жылы олар «Sand Dollar» атты цифрлық валютаны іске қосты. 2022 жылы АҚШ Федералдық резерв жүйесі цифрлық доллардың мүмкіндігін талқылады. Онда тө­лемдерді жылдамдату, доллардың әлемдік рөлін сақтау, көлеңкелі қаржы ағындарын азайту секілді міндеттер айтылды. Дегенмен осы күнге дейін АҚШ цифрлық долларды енгізген жоқ. Еліміз болса талқылаумен шектелмей, нақты іске кірісті. Жоба 2021 жылы басталды. 2023–2024 жылдары қанатқақты сценарийлер сыналды. Қазір функционал кеңейіп, банктер қосылып жатыр.

Бас банктің хабарлауынша, бүгінде мемлекеттік жоба­лар аясында шамамен 336 млрд теңге цифрлық форматта шы­ға­рылған. Маңызды қанатқақты жобалардың бірі – ҚҚС таңбалау. Биылғы ақпаннан бастап Қаржы министрлігі цифрлық теңге арқылы ҚҚС сомасын таңбалау тетігін енгізді. Таңбаланған қаражат тек салық төлеуге, жеткізу тізбегіндегі есеп айырысуға жұмсалады. Соның нәтижесінде 95,6 млн теңге ҚҚС 10 күн ішінде қайтарылған. Бұрын бұл рәсім 75–90 күнге созылатын.

Цифрлық теңге жобасы іске қосылғалы бері оның мүмкіндігі біртіндеп кеңейіп келеді. Ұлт­тық төлем корпорациясы цифр­лық теңге жүйесін дамыту де­пар­таментінің бас сарапшысы Әйгерім Бабағалиеваның айтуын­ша, жоба аясында оннан астам қолдану бағыты сынақтан өткен. Бұл бастама тек теориялық деңгей­де қалып қоймай, нақты салаларда тәжірибеден өткізілген қаржылық құралға айналған.

«Солардың ішінде жол құ­ры­лысы мен қосылған құн салы­ғын қайтару сияқты салалар бар. Сонымен қатар біздің жоба­ның халықаралық деңгейде мойын­далғанын атап өткім келеді. Халықаралық валюта қоры еліміз­ді орталық банктердің цифрлық валютасын дамыту ісінде ең озық ел­дердің бірі деп таныды. 2024 жылы «Currency Research» ұйымы­нан арнайы марапат алдық. Цифрлық теңге – ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшін­ші түрі. Оны Ұлттық банк шығарады әрі кәдімгі теңгемен бірдей құнға ие. Айырмашылығы, ол қағаз емес, блокчейн технологиясына негізделген ерекше белгілер түрінде сақталады. Яғни әр теңгенің өз цифрлық ізі бар деген сөз. Үш түрі де қатар өмір сүреді», деп түсіндірді қаржы маманы.

Былтыр қанатқақты жоба аясында «Достық – Мойынты» теміржолының құрылысына бөлінген қаражат цифрлық фор­матта берілді. Бұл қаржы тек темір­жол салу жұмысына, келісім­шартта көрсетілген қызметке жұмсалды. Қаражат нақты мақсат­қа бағытталып, орындалған соң белгі автоматты түрде алынып тасталды.

Бүгінде жүйеге бес банк пен «Қазпошта», сондай-ақ Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті қосылған. Атап айтқан­да, «Нұрбанк», «Халық банкі», «Еура­зиялық банк», «Банк ЦентрКредит», «Altyn Bank» цифр­лық теңгемен жұмыс істеп отыр. Соның ішінде «Нұрбанк» цифр­лық теңгеге қатысты сегіз негізгі функ­цияны толық енгізген. Клиенттер шот ашып, балансын қарап, ақша аударып, конвертация жасап, барлық операцияны онлайн орындай алады. Банкке барып, қағаз құжат рәсімдеудің қажеті жоқ.

Экономист Руслан Сұлтанов­тың сөзінше, цифрлық теңгенің басты ерекшелігі – оның бағдар­ламалана алатынында. Ақшаны алдын ала нақты мақсатқа байлап қоюға болады. Мысалы, мектепке бөлінген бюджет тек мердігерлерге жетеді. Фермерге берілген субсидия техника сатып алғаны расталғаннан кейін ғана қолжетімді болады. Қаражат техни­калық тұрғыдан басқа бағыт­қа кетпейді.  Жыл сайын бюджет арқылы триллион теңге өтетін ел үшін бұл – парадигманың өзге­руі. Қазір бақылау көбіне шы­ғын жасалғаннан кейін тексеру арқылы жүреді. Ал цифрлық теңгеде бақылау төлемнің өзіне енгізілген. Яғни ақша шарт орындалмайынша қозғала алмайды. Жүйе мемлекеттік шы­ғыс­­тар­дың әр түріне енгізілуі үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен толық интеграция қажет. Себебі бағдар­ламаланатын төлемдер сол дерек­тердің негізінде орындалады. 

«Мысалы, мемлекет екі қала арасындағы жол құрылысына 10 млрд теңге бөлді делік. Қазір бұл қаражат министрліктен облыс­тық әкімдікке, одан мерді­герге, кейін қосалқы мердігер­лерге, жеткізушілерге және жұмыс­шыларға өтеді. Әр кезеңде кідіріс те болуы мүмкін, мақсатсыз жұм­сау да кездесуі кәдік, сы­бай­­лас жемқорлық тәуекелі де бар. Бақылау көбіне кейін жүргі­зіледі, тексеріс пен аудиттен соң ғана анықталады. Ал дәл осы 10 млрд теңге цифрлық формат­та бөлінсе, жағдай өзгереді. Қаржы министрлігі цифрлық теңгені Ұлттық банк платформасы арқылы арнайы белгімен шығарады. Мысалы, «Астана – Көкшетау» жолы деп таңбаланады. Бұл қаражат тек сметада көрсетілген материалдарға, жанар-жағармайға, еңбек ақыға ғана жұмсала алады. Әр төлемде жеткізушінің цифрлық сәйкестендіруі болуға тиіс. Мерзімі жыл соңына дейін белгіленеді. Шетелге аударуға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды. Мердігер қаражатты цифрлық әмияны арқылы алады. Әр операцияны смарт келісімшарт тексереді. Рұқсат етілген шығын ба, тіркелген жеткізуші ме, лимит асқан жоқ па деген талаптар автоматты түрде қаралады. Егер шарт орындалмаса, төлем бірден бұғатталады», дейді Р.Сұлтанов.

Десе де, тәуекелдер де жоқ емес. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі кейін­гі уақытта цифрлық теңге атауын пайдаланып жасалатын алаяқ­тық әрекеттердің көбейгенін ескертті. Агенттіктің айтуынша, алаяқтар азаматтарға айына немесе аптасына 50–100 пайызға дейін кепілдендірілген табыс уәде етеді. Ұсыныстар «жаңа мемлекеттік инвестициялық жоба», «цифрлық теңге платфор­масы», «Ұлттық банктің ресми бағ­дарламасы» деген атаумен тара­тылады. Агенттік бұл мәселеге қатысты нақты түсіндірме берді.

«Цифрлық теңге – инвестиция­лық құрал емес, пайда табуға арнал­маған. Тек есеп айырысу құ­ралы ретінде құрылады. Тауар мен қызметке төлеуге, ауда­рым жасауға, әлеуметтік төлем­дерге қолданылады. Ол бөгде сайт­тар арқылы сатылмайды, бастап­қыда сатып алу ретінде ұсыныл­майды. Мемлекеттік ұйымдар инвестициялық жобаларға халық­тан қаражат тартпайды. Алаяқ­тардың әрекеті белгілі бір пси­хологиялық тәсілдерге негізделген. Біріншісі – мемлекетке деген сенімді пайдалану. Екіншісі – тиімді мүмкіндікті жіберіп аламын деген қорқыныш сезімін ояту. Үшіншісі – тәуекелсіз жоғары табыс уәде ету. Алдымен әлеуетті «инвесторға» жеке кабинет көрсетіліп, кірістің өскені бейнеленеді. Тіпті алғашқы шағын төлем де жасалуы мүмкін. Кейін ірі соманы салу ұсынылады. Ал қаражатты қайтарып алу кезеңінде байланыс үзіледі», деп түсіндірді агенттік.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

03 Маусым 2026 10:49see114

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

03 Маусым 2026 10:59see114

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

03 Маусым 2026 17:41see112

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see111

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

03 Маусым 2026 12:45see110

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see110

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

03 Маусым 2026 13:25see110

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

03 Маусым 2026 10:48see110

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see110

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see109

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see109

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

03 Маусым 2026 10:35see108

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see108

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

03 Маусым 2026 19:04see107

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

03 Маусым 2026 18:55see106

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

03 Маусым 2026 14:23see106

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

03 Маусым 2026 10:39see106

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see105

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

03 Маусым 2026 12:23see102

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

03 Маусым 2026 20:10see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары