Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

EdTech: Білім жүйесіндегі цифрлық трансформация

EdTech: Білім жүйесіндегі цифрлық трансформация

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгінгі нарықта жасанды интеллектінің сан салада қолданыс табуы өндіріске үлкен өзгеріс әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әсіресе, жасанды зерденің білім жүйесіне бейімделуі – қоғамдағы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Таяуда Алматыдағы Freedom Talk EdTech алаңында білім беру және технология саласының өкілдері оқыту жүйесіндегі мәселелер, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен оқу сапасына әсері туралы талқылады. Жиынға Freedom Holding Corp. технологиялар жөніндегі бас директоры Ренат Туканов, Bilim Group негізін қалаушы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Bilim Group негізін қалаушылардың бірі және бас директоры Александр Савченко қатысты.

Талқылауда алғашқы болып сөз алған Рауан Кенжеханұлы ең әуелі білім беру инфрақұрылымының тапшылығы мәселесіне тоқталды. Бұл әркез сапалы білім алу жолындағы маңызды фактор. Рауан Кенжеханұлының сөзінше, білім беру жүйесі мен инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуына демографиялық өсім де белгілі бір деңгейде ықпал етіп отыр. Алайда бұл мәселені шешуде білім беру технологиялары тиімді құралға айналып келеді. Осы тұста Рауан Кенжеханұлы Қазақстан білім беру саласында технологиялардың әлеуетіне ерекше назар аударған мемлекеттердің қатарында екенін атап өтті.

– Әлемде білім беру инфрақұрылымының тапшылығы әлі де сақталған елдер бар. Мұндай жағдайды дәстүрлі әдістермен еңсеру оңай емес. Қазақстанда да орта білім беру жүйесінде толық күндік оқытуға көшу үшін миллиондаған орын жетіспейді. Қазір елімізде үш ауысымда оқытатын мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады. Оқушылардың шамамен 80 пайызы екі ауысыммен оқитын мектепте оқиды. Технологиялар – балалардың тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете алатын қуатты тетік, – деді ол.

Алғаш өз жұмысын 2011 жылы шағын стартап ретінде бастауыш мектептің білім мазмұнын цифрландырудан бастаған  Bilim group  компаниясында бүгінде 300-ге жуық маман жұмыс істейді. Қазір бұл – білім беру саласына кәсіби түрде маманданған ең ірі командалардың бірі. Рауан Кенжеханұлы команданың негізгі миссиясын былайша түсіндірді.

– Өкінішке қарай, елімізде мектептердің мәртебесі мен мүмкіндіктері әртүрлі, соған сәйкес білім сапасында да айырмашылық байқалады. Елде әлемдік деңгейдегі мектептермен бәсекеге түсе алатын жоғары сападағы оқу орындары бар. Дегенмен ауылдық және шағын жинақты мектептердегі орташа білім сапасы мен үздік мектептердің деңгейі арасында әлі де алшақтық сақталған. Біздің басты көздегеніміз – осы алшақтықты қысқарту, яғни үздік мектептердегі оқу мазмұнын, әдістемесін және білім беру процесін шалғайдағы білім ордаларына дейін жеткізгіміз келеді. Компания қызметінің мәні осы міндетпен тікелей байланысты, – деді Р. Кенжеханұлы.

Талқылауда көтерілген тағы бір басты мәселе – білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын пайдалану. Қазір аталған технология оқыту процесін толықтыратын көмекші ресурсқа айналды. Спикерлердің сөзінше, ЖИ-ді қолданудың негізгі бағыты – оқыту процесін дараландыру. Рауан Кенжеханұлы қазіргі дәстүрлі білім беру моделі екі ғасыр бұрын қалыптасқан құрылымға негізделгенін алға тартты. Бұл дегеніміз – сыныпта бір мұғалімнің шамамен 30 оқушымен сабақ өтуі. Бірақ оқытушының әр балаға жеке уақыт бөлуге мүмкіндігі шектеулі. Тәжірибе көрсеткендей, сыныпта қабілеті жоғары оқушылар тез алға озып шықса, негізгі топ мұғаліммен ілесе жүріп оқуға тура келеді. Мұндай жағдайда оқу үлгерімі төмен балаларға қосымша қолдау жетіспей жатады.

– Педагогтердің әр оқушы үшін жеке білім траекториясын құруға әркез уақыты жете бермейді. Цифрландырудың басты мақсаты – осы олқылықтың орнын толтыру. Білім беру платформалары әр баланың оқу ерекшелігін ескеретін орта қалыптастыруға бағытталған. Физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер де оқу нәтижесіне әсер етеді. Пандемия кезінде цифрлық білім беру жүйесіне сұраныс күрт артты. Сол уақытта 12 300 тақырып бойынша шамамен жарты миллион тапсырма әзірленген. Алайда бір жылдан кейін оқушылардың бұл тапсырмаларды басқа ресурстарға көшіріп алғаны байқалды. Бұл білім мазмұнын үнемі жаңартып отыру қажеттігін көрсетеді. ЖИ осы мәселенің тиімді шешіміне айналып отыр. Енді белгілі бір тақырып бойынша әр оқушыға күн сайын түрлі тапсырмалар ұсынуға болады. Бұл тәсіл оқу материалдарын әзірлеуге кететін уақыт пен шығынды азайтады, – деді Р. Кенжеханұлы.

Десек те, бұл ЖИ келешекте оқытушы рөлін алмастырады деген сөз емес. Спикерлер ЖИ қайткен күнде де мұғалім функциясын атқара алмайтынын және оның мүмкін еместігін түйреп өтті. Бұл ретте Рауан Кенжеханұлы: «Мектеп пен мұғалімнің рөлі сақталуы тиіс, бірақ цифрлық технологиялар педагогтерге әр оқушыға жеке уақыт бөлуге мүмкіндік беруі қажет», – деді. Дәлірек айтқанда, ЖИ барлық оқушының тиісті деңгейде білім алып, дәстүрлі оқу процесіндегі «үлгермесең, өз мәселең» деген түсініктен біртіндеп арылуға жол ашуы тиіс.

– Білім беру жүйесі ең алдымен коммуникацияға негізделген. Сұрақ қою, жауап беру және пікір алмасу арқылы оқыту жүзеге асады. Мұғалім – білім беруші ғана емес, оқушыға мінез-құлық, сөйлеу мәдениеті мен әлеуметтік қарым-қатынас үлгісін көрсететін тұлға. Ал мектеп – баланың әлеуметтік ортаға бейімделіп, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын кеңістік, – деді Bilim Group негізін қалаушы Р. Кенжеханұлы.

Қазіргі уақытта Freedom Holding Corp. Қазақстандағы білім беру технологияларын дамытуға белсенді түрде атсалысып келеді. Мәселен, холдинг пен OpenAI арасындағы стратегиялық келісімге сәйкес, 2026 жылдың ақпан айынан бастап еліміздегі 165 мың педагог білім беруге арналған ChatGPT  платформасының арнайы нұсқасына қол жеткізе алады. Жобаны іске асырушы оператор ретінде Bilim Media Group компаниясы белгіленген. Бұл бастама 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары кезінде қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асып отыр.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары