Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Цифрлық трансформация: AMANAT партиясы педагогтардың цифрлық сауатын арттыруға мүдделі

Цифрлық трансформация: AMANAT партиясы педагогтардың цифрлық сауатын арттыруға мүдделі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада «AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» жобасын ел аумағында жүйелі жүзеге асыруға арналған алқалы жиын өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның барысында ұстаздар қауымының цифрлық сауатын арттыру, білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу және педагогтардың цифрлық трансформацияға белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Іргелі іс-шараға Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиынға бейнеконференцбайланыс режимінде партияның өңірлік филиалдарының басшылары қосылды.

Сөз басында «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова «Цифрлық қоғам» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қамтылған тапсырмалар аясында өзектендірілгенін мәлімдеді.

«Жуырда «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды оқыту процесінде тиімді пайдалану бойынша мұғалімдерді тегін онлайн-оқытуды  қарастыру, оқыту барысында әдістемелік материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы нақты мақсат қойылды. Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды білім беру процесінде қолдану бойынша мұғалімдер арасындағы шығармашылық байқау форматында өтетін алғашқы педагогикалық хакатон ұйымдастыру міндеті жүктелді. Бұған қоса, Цифрлық кодекс жобасын әзірлеу және талқылау жұмысына педагогтар қауымын тарту мәселесіне баса назар аударылды. Осы бастамалар ел аумағында жүйелі жүзеге асырылуға тиіс», – деді ол.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева «Цифрлық қоғам» жобасы аясында киберқауіпсіздік, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллектіні пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарын бөлісті.

«Цифрлық қоғам» жобасы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қостанай, Қарағанды облыстарында пилоттық режимде жүзеге асырылды. Енді осы жоба тұтас ел аумағында қолға алынады. Осы орайда, киберқауіпсіздік пен цифрлық сауаттылық туралы ақпараттық және оқыту материалдарын әзірлеу және тарату көзделуде. Бұл ретте, әртүрлі жас ерекшелігі де ескерілді. Бұған қоса, мектеп оқушыларына арналған цифрлық қауіпсіздік негіздері бойынша оқыту материалдарын әзірлеу және тарату, соның ішінде кибербуллингтің алдын алу және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану бойынша жұмыс жоспарлануда. IT мамандықтардың студенттері, информатика пәнінің мұғалімдері және мектептің белсенді оқушылары цифрлық волонтер ретінде жұмыс істеуге оқытылады», – деді депутат.

Оның айтуынша, ел азаматтарына кеңес беру мақсатында медицина, IT және экономика мамандықтары бойынша білім алатын жоғары оқу орны мен колледж студенттерінің, волонтерлердің қызметі ұйымдастырылады. Мектептер мен IT-орталықтар базасында ата-аналарға арналған тренингтер өткізіледі. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында «Күміс лига клубына» арналған оқыту іс-шаралары қолға алынады. Мектеп мұғалімдері жасанды интеллектіні пайдалануды үйренеді. Жасанды интеллектіні қолдану бойынша «Мұғалім AMANAT» педагогикалық қауымдастығы құрылады. «Мұғалім AMANAT» атты I-педагогикалық хакатон өткізіледі. Хакатон жеңімпаздары шетелде тағылымдамадан өтеді.

Осы орайда, Daryn.online компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев платформа, курстар арқылы жасанды интеллектіні педагогтың көмекшісі ретінде пайдалануға үйрету мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде өңірдегі ұстаздар қауымын оқыту кестесін әзірлеп жатырмыз. Мұғалімдер сабақ беру, сабаққа дайындық процестерінде, құжат пен есеп жүргізуде, ата-анамен жұмыс істеуде, әкімшілік жұмыстар кезінде жасанды интеллектіні қолдана білуді үйренеді. Бұл қадам ұстаздарды басы артық жұмыстан арылтып, уақытын үнемдеуге, сабақты барынша қызықты өткізуге ықпал етеді. Ең бастысы, 3 кезеңнен тұратын оқыту курсы тегін өткізіледі. Алғашқы кезеңде барлық мектеп мұғалімдері, ал екінші кезеңде 400 адам педагогикалық хакатонға қатысады. Олардың арасынан іріктелген 20 мұғалім шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігін иеленеді. Біздің басты мақсатымыз – жасанды интеллектіден жасқанбауға, керісінше оны тиімді пайдаланып, игілігін көруге үйрету», – деді Айбек Қуатбаев.

Бұл ретте, Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов педагогтарға жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде жауапты әрі тиімді қолдануды үйрету мәселесіне тоқталды.

«Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесінде қолданудың этикалық стандарттары, жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізудің әдістемелік ұсынымдары және орта білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету ережелері әзірленіп, өңірлерге жолданды. Шілде айында педагогтардың жасанды интеллект құралдарын қолдану дайындығын бағалау мақсатында республикалық сауалнама өткізіліп, оған 17 мыңнан астам педагог қатысты. Бүгінде педагогтарды оқытудың 3 деңгейлі моделі жүзеге асырылуда. Оқу жылының басынан бері 240 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша курстан өтіп, олардың 174 мыңы сертификат алды», – деді ол.

Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Сәкен Нұртазаев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыспен және алдағы жоспармен бөлісті.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 5 жылда 1 миллион адамды оқытуды көздеп отыр. Атап айтқанда, 500 мың мектеп оқушысын, 300 мың студентті, 100 мың мемлекеттік қызметшіні, 70 мың кооперативтік сектор мен стартап өкілдерін, сондай-ақ өзге де сала мамандарын қамту жоспарлануда. Соның ішінде «AI-Sana» бағдарламасы бар. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, энергетика және білім беру салаларының студенттеріне AI-кәсіпкерлік бағыттары бойынша қосымша құзырет беру. Бүгінде 540 мыңнан астам студент оқудан өтіп, сертификат алды», – деді ол.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова академия барлық бастамаға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы информатика және цифрлық қауіпсіздік пәндер аясында жасанды интеллектіні енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ педагогтардың жасанды интеллектіні қолдану барысындағы этикалық талаптарды, қағидаттарды және академиялық адалдықты сақтауы бағытында жұмыс істеп жатырмыз. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бар. Осы бағдарлама аясында «SMART BALA» және «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» сынды алдын алу шаралары қолға алынды. Соның аясында әр тоқсан сайын педагогтармен кері байланыс орнатып, жұмыс сапасына, қиындықтар мен қажеттіліктерге қатысты мониторинг жүргіземіз», – деді ол.

Жиын соңында «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова «Цифрлық қоғам» жобасын жүзеге асыру ісіне жауапкершілікпен қарау қажет екенін мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде аса маңызды стратегиялық мақсат қойды. Бүгінде жасанды интеллектіні өміріміздің әр саласына енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы күні жасанды интеллект әрқайсымыз пайдалана білетін үлкен құралға айналды. Оны халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыс істейтін құрал ретінде пайдалануымыз қажет. «Цифрлық қоғам» жобасы – мемлекеттік саясаты ілгерілетуге бағытталған бастама», – деп түйіндеді Шолпан Каринова.

Айта кетейік, «Цифрлық қоғам» жобасының негізгі мақсаты – егде жастағы адамдарды, балалар мен мүгедектігі бар адамдарды, халықтың ең әлжуаз топтарын цифрлық қауіпсіздік негіздеріне үйрету, киберқауіпсіздікті, сонымен қатар жалпы қоғамдағы цифрлық сауаттылықты арттыру. Сондай-ақ бұл жоба интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, жеке деректерді қорғауға, кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге және инклюзивті цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 19:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары