Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Дәрігерлер ата аналарға мектеп формасын таңдаудағы қателіктерді ескертті

Дәрігерлер ата аналарға мектеп формасын таңдаудағы қателіктерді ескертті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды, бүкіл елдегі ата-аналар 1 қыркүйекке дайындықты бастап кетті. Дәптер, қалам және басқа да мектеп керек-жарақтарын біртіндеп сатып алуға болса, киім мен аяқ киім таңдауды көбісі тамыздың соңғы апталарына қалдырады. Сонымен қатар, мектеп формасы баланың оқу күніндегі жайлылығына тікелей әсер етеді. Tengri Education Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мамандарынан форманы қалай дұрыс таңдау керек және не нәрсеге назар аудару қажет екенін біліп көрді.

Орталық мамандары мектеп формасының тек әдемі ғана емес, ең алдымен қауіпсіз, ыңғайлы және баланың жасына сай болуы керек екенін еске салды. Балалар мектеп киімін орта есеппен күніне алтыдан сегіз сағатқа дейін киіп жүреді, сондықтан сатып алу кезінде бұйымның сыртқы түріне ғана емес, оның сапасына, матаның қасиеттеріне және дұрыс өлшеміне де назар аудару маңызды.

Мектеп формасын таңдау денсаулық үшін неге маңызды?

Ведомство өкілдері оқу күні ішінде баланың үнемі қозғалыста болатынын атап өтті: партада отырады, баспалдақпен көтеріледі, үзілісте ойнайды, далаға шығады. Қоршаған орта температурасы мен физикалық белсенділік деңгейі өзгеріп отырады, сондықтан киім ағзаның қолайлы микроклиматты сақтауына көмектесуі тиіс.

"Бір қарағанда ыңғайсыз киім тек жайлылық мәселесі сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, дұрыс таңдалмаған мектеп формасы дененің тым қызуына, тоңуына, терінің тітіркенуіне, тез шаршауға және зейіннің төмендеуіне себеп болуы мүмкін", - деп түсіндірді мамандар.

Сарапшылардың айтуынша, баланың ағзасы дене температурасын үнемі реттеп отырады. Егер мата ауаны нашар өткізсе немесе ылғалды сіңірмесе, киім астындағы температура мен ылғалдылық жоғарылайды. Соның салдарынан бала қатты терлейді, тез шаршайды және өзін жайсыз сезінеді.

Бұл ретте мамандар ыңғайсыз киімнің өзі ауру тудырмайтынын, бірақ оқушының мектепте ұзақ болуын қиындататын жағдайлар туғызуы мүмкін екенін атап өтті.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Тек мақта емес: мата таңдағанда неге мән беру керек?

Ата-аналар арасындағы ең көп таралған қате түсініктердің бірі - мектеп формасы міндетті түрде тек табиғи матадан жасалуы керек деген пікір. Ұлттық орталық өкілдері іс жүзінде жағдайдың сәл өзгеше екенін айтты.

"Мектеп формасы үшін қандай мата ең жақсы деген сұраққа нақты жауап жоқ. Материалдың атауы емес, оның қасиеттері маңыздырақ", - деді мамандар.

Форма таңдағанда олар матаның мына төрт сипаттамасына бірінші кезекте назар аударуды ұсынды:

ауа өткізгіштігі; ылғал сіңіргіштігі (гигроскопиялық қасиеті); бу өткізгіштігі; электростатикалық қасиеттері.

Мақта, зығыр, жүн және вискоза шынымен де ауаны жақсы өткізеді және ылғалды жақсы сіңіреді. Алайда, толықтай табиғи маталар тез қыртыстанады, жуғаннан кейін пішінін өзгертуі мүмкін және күнделікті кигенде тез тозады.

Сондықтан қазіргі өндірушілер көбінесе аралас материалдарды қолданады.

"Қазіргі заманғы синтетикалық материалдардың өзі қауіпті емес. Олардың қауіпсіздігі сәйкестікті растаудың міндетті рәсімі аясында бағаланады", - деп түсіндірді мамандар.

Фото: depositphotos.com/kzwwsko

Сонымен қатар, қолданыстағы техникалық регламент мектеп формасының құрамындағы табиғи немесе синтетикалық талшықтардың міндетті үлесін белгілемейді.

"Мектеп формасын тек "мақта неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы" деген қағидамен таңдамау керек. Киімнің қауіпсіздігі талшықтардың қайдан шыққанымен емес, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына және гигиеналық сипаттамаларына сәйкестігімен анықталатынын есте сақтаған жөн", - деді орталықтағылар.

Форма мен аяқкиімді неге үлкен қылып алмаған жөн?

Ақша үнемдеуге деген ұмтылыс көптеген ата-анаға таныс, сондықтан мектеп формасы мен аяқкиімін көбінесе бір немесе екі өлшемге үлкенірек алады. Алайда мамандар бұл тәсіл әрдайым дұрыс емес деп санайды.

Тым кең киім балаға жүру, баспалдақпен көтерілу және белсенді ойындар кезінде кедергі келтіруі мүмкін. Ұзын жең жазу және компьютерде жұмыс істеуді қиындатса, тым ұзын шалбар немесе белдемше баланың шалынып құлау қаупін арттырады.

Тар форма да сондай ыңғайсыз болуы мүмкін. Егер киім иықты, кеудені немесе іш аймағын қысып тұрса, баланың қозғалуы және партада ұзақ отыруы қиындайды.

"Мектеп формасы баланың дәл ағымдағы оқу жылындағы бойы мен дене бітіміне сәйкес келуі керек", - деп баса айтты мамандар.

Фото: depositphotos.com

Киіп көру кезінде олар баладан қолын жоғары көтеруді, жан-жаққа созуды, отырып-тұруды, алға еңкеюді, дүкен ішінде жүріп көруді және орындыққа отыруды сұрауға кеңес береді.

"Егер осы қозғалыстар кезінде киім тартылмаса, айналып кетпесе, жиырылып қалмаса және жайсыздық тудырмаса, демек, ол дұрыс таңдалған", - деп түсіндірді орталықтағылар.

Бұл ұсыныстар аяқкиімге де қатысты: мамандар оны "өседі" деген ниетпен үлкен өлшемде сатып алуға кеңес бермейді.

Сатып алмас бұрын нені тексеру керек: тігістер, таңбалау және ЕАС белгісі

Мамандар бұйымды сатып алмас бұрын оны мұқият тексеруді ұсынды.

Тігістер тегіс және ұқыпты, жібі сөгілмеген және шығып тұрған жіптері болмауы тиіс. Түймелер, қапсырмалар мен сыдырмалар мықтап бекітілген және жұмыс істеп тұруы керек. Егер мата киіп көрген кездің өзінде пішінін жоғалта бастаса немесе бұйымда желім іздері көрінсе, басқа модельді таңдаған жөн.

Тағы бір маңызды жайт - иісі. Сапалы мектеп формасында өткір химиялық иіс болмайды. Иістің болуы өндіріс технологиясының бұзылғанын немесе бұйымның дұрыс сақталмағанын білдіруі мүмкін.

Сондай-ақ затбелгіні мұқият зерттеген жөн. Онда бұйымның атауы, шикізат құрамы, өлшемі, дайындалған күні, шыққан елі, өндіруші немесе импорттаушы туралы мәліметтер, күтім жасау бойынша ұсыныстар және Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі - ЕАС көрсетілуі тиіс.

Фото: depositphotos.com

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мектеп формасы сатылымға шықпас бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне міндетті бағалаудан өтетінін еске салды. Зертханалық сынақтар кезінде мамандар еркін формальдегидтің мөлшерін, бояудың төзімділігін және басқа да қауіпсіздік көрсеткіштерін тексереді.

"Техникалық регламент талаптары сақталған жағдайда, еркін формальдегид мөлшері белгіленген нормативтерден аспайды және денсаулыққа қауіп төндірмейді", - деді мамандар.

Сонымен қатар, жаңа мектеп формасын алғаш пайдаланар алдында өндірушінің ұсыныстарына сәйкес жуу ұсынылады. Бұл өндірістік шаңды және дайындау мен тасымалдау кезінде қолданылуы мүмкін заттардың қалдықтарын кетіруге мүмкіндік береді.

Егер жаңа киімді кигеннен кейін баланың терісі қызарса, қышыса немесе тітіркенсе, мамандар бұйымды пайдалануды тоқтатып, дәрігерге көрінуге кеңес береді.

Мектеп аяқкиімі қандай болуы керек?

Дұрыс таңдалған аяқ иім мектеп формасынан кем түспейтін маңызға ие. Оқу күні ішінде балалар бірнеше мың қадам жасайды, сондықтан аяқ киім ыңғайлы және табан өлшеміне сәйкес болуы керек.

Мамандардың ұсынысы бойынша, аяқкиім тым тар немесе тым кең болмауы тиіс. Оның өкшені жақсы бекіткені, саусақтарды қыспағаны, табаны икемді әрі тайғанамайтын болғаны, сондай-ақ шағын жалпақ өкшесі немесе биіктігі бір-екі сантиметрдей тұрақты табаны болғаны жөн.

Мұндай құрылым жүру кезінде салмақтың біркелкі бөлінуіне көмектеседі және аяқ киімді ұзақ уақыт киіп жүруді жайлы етеді.

Фото: depositphotos.com

Кроссовка, балетка және ортопедиялық аяқкиім: мамандар пікірі

Көптеген мектепте балалар кроссовканы ауыстыратын аяқкиім ретінде пайдаланады. Ведомство егер бұл мектептің ішкі ережелеріне қайшы келмесе, сапалы кроссовкалардың күнделікті киюге әбден жарамды екенін атап өтті.

Бұл ретте мамандар ауа алмасуды қамтамасыз ететін материалдардан жасалған, табаны икемді және табанды жақсы бекітетін модельдерді таңдауды ұсынды.

Табаны өте жұқа әрі қатты, сондай-ақ табанды жеткілікті деңгейде тіремейтін аяқкиімдер, әсіресе белсенді қозғалатын балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін.

Балеткаларды да мектеп аяқкиімі ретінде киюге болады, алайда өкшесі жабық, табаны икемді және шағын тұрақты өкшесі немесе табанының биіктігі бар модельдерге басымдық берген жөн. Мүлдем жалпақ және тым жұқа табан күнделікті киюге ыңғайсыз.

Егер мектепте ауыстыратын аяқкиім қарастырылған болса, ол жеңіл, баланың өлшеміне сәйкес, аяқта жақсы тұратын және ауа алмасуды қамтамасыз ететін болуы керек. Ал сүйретпелерді, өкшесі ашық аяқкиімдерді және табанды бекітпейтін басқа да модельдерді мамандар қолдануға кеңес бермейді.

Орталықта әр балаға ортопедиялық аяқкиім қажет деген кең таралған пікірге де түсініктеме берілді.

"Арнайы ортопедиялық аяқкиімді немесе жеке ортопедиялық ұлтарақтарды медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, мысалы, табан дамуының кейбір бұзылыстары немесе тірек-қимыл аппаратының аурулары кезінде дәрігер ұсынады. Сау балалардың көпшілігі үшін өлшеміне сәйкес келетін, қалыбы ыңғайлы және табанды жақсы бекітетін дұрыс таңдалған аяқ киім жеткілікті", - деп түсіндірді мамандар.

Спорттық форманы қалай таңдау керек?

Дене шынықтыру сабақтары үшін мамандар баланың өлшеміне сәйкес келетін, қозғалысын шектемейтін және жаттығу кезінде жайлылықты қамтамасыз ететін бөлек спорттық форманы пайдалануды ұсынады.

Орталықтағылар ата-аналардың көбі дәстүрлі түрде мақтадан тігілген спорттық киімдерді таңдайтынын, алайда заманауи аралас маталар ылғалды жақсы өткізіп, дене шынықтыру кезінде тезірек кебетінін атап өтті.

Фото: depositphotos.com

Спорттық аяқкиімді де баланың белсенділігіне қарай таңдаған жөн. Мектептегі сабақтар үшін табаны иілгіш, амортизациясы жақсы және табанды нық ұстайтын жеңіл кроссовкалар ұсынылады. Егер аяқкиім қатты тозса немесе табаны деформацияланса, оны уақытылы ауыстырған дұрыс, себебі уақыт өте келе ол өз функцияларын нашар атқарып, жаттығу кезінде жайсыздық тудыруы мүмкін.

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде мектеп формасына қатысты дау туындаған болатын. Ата-аналар жаңа форманың енгізілуіне қарсы шығып, оқу жылына киім сатып алып қойғандарын айтып шағымданды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары