Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дәстүрлі медианың дәуірі өтті ме?

Дәстүрлі медианың дәуірі өтті ме?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Жазба авторы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қаржы және инвестициялар жөніндегі проректоры Назгүл Айдарғалиева. Бүгінде Ұлыбританиядағы University of Sussex оқу орнында «500 ғалым» бағдарламасы бо­йынша тағлымдамадан өтіп жүрген маман аталған елдегі «Financial Times» халықаралық газеті туралы жазыпты. Оның айтуынша, бұл БАҚ аптасына алты рет шығады. Соның ішінде сенбі күні жарияланатын етжеңді нұсқасы – «Financial Times Weekend» газетін ағылшындар демалыс күндері жаппай сүйіп оқиды екен.

«Ойланып көріңізші: жаңа­лықтар күн сайын туындайды. Дүй­сенбіде саясаткерлер мәлім­деме жасайды, сейсенбіде қар­жы нарықтары оған жауап қай­тарады, сәрсенбіде компаниялар есептерін жариялайды, бейсенбіде нарықтағы жағдай өзгереді, ал жұма­да маңызды шешімдер қабыл­данады.

Меніңше, ең маңыздысы – осының бәрінің нені білдіретінін түсіну. Сондықтан да ағылшындар дәл «Financial Times Weekend» санын ерекше күтеді. Оқиға болып жат­қан кезде біз оның тек жекелеген бөліктерін ғана көреміз. Ал апта соңына қарай бәрі біртіндеп өз­ара байланысып, жалпы көрініс айқындала бастайды. Сол кезде саясаткерлердің мәлімдемеле­рін экономикалық көрсеткіштермен салыстыруға, үкімет қабылдаған шешім­дердің бизнеске қалай әсер еткенін бағалауға, ал ауқымды уәделердің мем­лекеттік бюджет мүмкіндіктеріне қан­шалықты сай келетінін саралауға болады», деп жазады Н.Айдарғалиева.

Оның айтуынша, газеттің сенбілік нөмірі тек жаңалықтың төңірегінде құрылмайды. Ол әлде­қайда маңызды сұрақтарға жауап іздейді: алдағы жылдары қандай үдерістер әлемді өзгертеді? Қай шешімдердің тарихи маңызы болады? Бүгін көзге байқалмаған қандай өзгерістер ертең шешуші рөл атқарады?

Автор 18 шілдедегі сенбілік шығарылымның мақала­ларына шолу жасап өткен. Басы­лымның бірінші бетін­де Ұлы­британияның жаңа үкіметі туралы жазылғанын, алайда басты назар жаңа премьер-министр Энди Бёрнем­нің тұлғасына емес, аталған ел бір мезгіл­де мем­лекеттік қарызды азайтып, өнер­­кәсіпті қолдап, Лондон мен өңір­лер арасын­дағы алшақтықты қыс­қартып, сонымен қатар әлеуметтік міндеттемелерін сақтай ала ма деген әлдеқайда күрделі мәселеге аударылғанын жазады.

«Газет саясаткерлердің мәлім­деме­лерімен ғана шектелмейді. Ол бірден нақты деректер мен графиктерді ұсынады: ел мемле­кет­тік қарызды өтеуге қанша қар­жы жұмсап отыр, Англияның сол­түстігі неге оңтүстіктен өзгеше дамуда, жасанды интеллектіге тартылатын инвестициялар неліктен әзірге АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда төмен? Осындайда ұраннан гөрі дерек маңыздырақ екенін түсінесің. ­Міне, сапалы аналитиканың ерекшелігі де ­осында», дейді Н.Айдарғалиева.

Газеттің сенбілік шыға­ры­лы­мынан Қытайдың дамуына қатысты сарап­тамаға да орын берілген. Пост авторы осыдан бірнеше жыл бұрын жасанды интеллект туралы сөз қозғалғанда, әңгіме көбіне АҚШ төңірегінде өрбитінін, ал қазір «Financial Times» мүлде басқа көріністі көрсетіп, Қытайдың технологиялық тұрғы­дан АҚШ-пен арадағы алшақтықты өте жылдам қысқартып келе жат­қанына назар аударғанын жазады.

«Енді бәсеке компаниялар арасында ғана емес, тұтас ұлттық стратегиялар арасында жүріп жатыр. Бір қызығы, дәл осы күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда болып, кездесулердің негізгі тақырыптарының бірі жасанды интеллект, цифрландыру мен жаңа технологияларға аударылды. Бұл сәйкестік маған ерекше мәнді болып көрінді. Британдық аналитиканы оқып отырып, бір мезгілде өз еліңдегі күн тәртібін де бақыласаң, қазіргі әлемнің қан­шалықты өзара байланысқанын тереңірек сезіне бастайсың.

Осы нөмірдің өн бойынан өте­тін тағы бір маңызды ой бар. Бола­шақтың бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарға бұрынғыдай тәуелді емес. Бүгінде оның негізін білім, технология мен адам капиталы құрайды. Сондықтан жасанды интеллект туралы мақалалардың жанында микрочип өндірісі, киберқауіпсіздік, дарынды инженерлер үшін күрес, тіпті спорт­шылар­дың жеке беделінің мил­лиардтаған доллар­лық эконо­микалық құндылыққа айналуы туралы материалдардың жария­лануы кездейсоқ емес», дейді ол.

Жазба авторының жазуынша, әлем уақыт өткен сайын біртұтас жүйеге айналып келеді. Сондықтан Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі бір ғана жазбасы ком­паниялардың нарықтық құнын өзгерте алады. Ал футболшы жай ғана спортшы емес, жаһандық брендке айналды.

«Айтпақшы, қолжетімді тұр­ғын үй мәселесі бүгінде Ұлы­бри­танияда ғана емес, Финляндия, Аустрия мен Жаңа Зеландия­да да қызу талқыланып жатыр. Осы нөмірді оқи отырып, еріксіз Қазақстанмен салыстыру жасадым: өңірлерді дамыту, өнеркәсіп­ті қолдау, әлеуметтік саясат пен экономикалық өсім арасындағы тепе-теңдікті сақтау, жасанды интеллектіні дамыту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру... Бүгінде бұл мәселелердің барлығы біздің еліміз үшін де өзекті. Сондықтан маған британдықтардың сенбілік оқуға деген дәстүрі ерекше ұнайды. £5,50 төлеп, сен жай ғана газет сатып алмайсың. Бірнеше сағатқа тоқтап, асықпай ойланып, бүгінгі оқиғалардың неліктен дәл осылай өрбігенін және олардың бес, он немесе жиыр­­­­ма жылдан кейін қандай нәтижеге алып келуі мүмкін екенін пайымдауға мүмкіндік аласың», деп жазады Н.Айдарғалиева.

Жазбаның соңында ол елімізде көтері­­ліп жатқан «Оқитын ұлт» идеясы туралы сөз қозғайды. Оның айтуынша, ең бастысы, оқу тек ақпарат алудың құралы болып қал­май, ойлаудың мәдениетіне айналуға тиіс.

«Өйткені жақсы кітаптар, сапалы ғылыми зерттеулер мен беделді басы­лым­­дардың ең үлкен құндылығы – олар­дың­ адам қоятын сұрақтардың сапасын біртін­деп өзгерте білуінде. Сондықтан мен де әр сенбі сайын «Financial Times Weekend» басылымын сатып алуға тырысамын. Жаңа­лық оқу үшін емес. Әлемге аптасына кем дегенде бір рет бұрынғыдан да тере­ңі­рек көзқараспен қарау үшін. Шексіз жа­ңалықтар легі мен смартфон дәуірінде мұны ерекше сезінесің. Смартфон сені оқи­ғалар­ды тоқтаусыз сырғыта беруге итер­мелесе, газет керісінше: «Асықпа. Парақ­та. Оқы. Түсінуге тырыс», дегендей әсер қал­ды­рады. Сондықтан да «Financial Times» жүз жылдан астам уақыт ішінде жай ғана әлем­дік брендке емес, іскерлік журна­лис­тика­ның нағыз аңызына айналды», дейді автор.

Осы жерде тоқтала кетер ма­ңыз­ды мәселе – басылымның оқыр­ман қолына жылдам тиюі. Н.Айдарғалиеваның айтуын­ша, «Financial Times» газетінің әр нөмірі таңғы сағат 7-ге дейін әрбір мекенжайға барып тұрады екен. Шотландия секілді елдің шеткері аймақтарына әрі дегенде түскі уақытқа дейін жетеді.

Қорыта айтқанда, Н.Айдар­ғалиеваның бұл жазбасы  газет-журнал секілді дәстүрлі медианың дәуірі әлі де өтпегенін, оның да қоғамнан алар өз орны бар екенін, егер жұмысы дұрыс жолға қойылып, жазылушының қолына уақтылы жет­кізіліп, соның арқасында «оқитын ұлт» қалыптастыра алсақ, салмақты сарап­тамалық ой қозғайтын басы­лымдардың болашағына опти­мистік көзбен қарауға болатынын аңғартады. Өйткені тау суындай тасыған өткінші ақпарат заманында сапалы талдау мен байыпты сарап­тамаға деген сұраныс уақыт өте жоға­ры­лай беретіні сөзсіз. Ал оған жауап бере­тін кәсіби баспасөз, қоғамдық пікірді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқырманның зияткерлік әлеуетін арттыратын газеттің орны әрдайым жоғары болып қала бермек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары