Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматы облысында дәстүрлі Сонар 2025 халықаралық құсбегілер турнирі өтті

Алматы облысында дәстүрлі Сонар 2025 халықаралық құсбегілер турнирі өтті

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биылғы жарыс ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі бүркітші Байжүніс Көдекұлының 105 жылдығына арналды. Cаятшылар жарысына шетелден және еліміздің әр өңірінен келген 100-ден аса құсбегі қатысты. 

Шалғайдағы құсбегілер күн суыса, сонарды күтеді. Сәті түссе, бабы келіскен қырандарының бағын сынауға да әзір. Биыл қар түспесе де саятшылар ерте бас қосты. Жарысқа бекзат өнердің туын жықпай, атадан балаға мұра болуына мұрындық болған құсбегі Байжүніс Көдекұлының жолын қуған 20-дан аса ұрпағы қатысты. 

Жанболат Дәулетбақов, бүркітші:

- Бүркітшілікпен айналысқанымыз, әкем бүркітші болған. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан өнер. Әкем бүркітші болды. Мен 25 жылдан бері осы бүркітшілікпен айналысып келе жатырмын. Әкем Сәрсенбек, 1921 жылы өмірге келген. Мына Көдек Байжүніс ақсақалмен құрдас, екеуі үзеңгі жолдас, бірге жүрген. Бүркітші болған екеуі де. 

«Сонар – 2025» - құсбегілердің шеберлігін арттыруға, саятшылардың тәжірибе алмасуына таптырмас алаң. Шараға биыл еліміздің он бір өңірінен және Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен келген жүзден аса құсбегі қатысты. Бір қуанарлығы ұлттық өнерге жас жеткіншектердің қызығушылығы басым. 

Алдияр Әкпар, құсбегі:

- Бұл құсты біз дайындадық, ұшырдық, қоянға салдық, кептерге салдық. Күні-түні еңбек еттік. Соның енді еңбегін көріп отырмыз. Байжүніс ата менің Тоқтасын атамның досы. Екеуі бірге талай белестерді бағындырып, Әкпар атам әкемнің әкесі болған. Соған үйреткен. Әкем маған үйретті. Қазіргі уақытта менің жаттықтырушым бөлек, әкем қазір айналыспайды. Аян есімді жаттықтырушым бар. Аян аға маған бәрін үйретті.

«Сонар» халықаралық турнирі биыл 27-ші рет ұйымдастырылды. Бағдарламада құсбегілердің ұлттық киімі, жарақтары, қырандардың қолға қонуы, аң аулауы бағаланды. «Мақсатымыз - бай мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу», - дейді  Республикалық құсбегілер федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы. 

Бағдат Мүптекеқызы, Республикалық құсбегілер федерациясының вице-президенті:

- Келесі жылы халықаралық үлкен «Алатау салбурыны» деп алғаш бастап, елімізде туризмді дамыту, жалпы мына ұлттық құндылықтарымызды сақтау барысында үлкен бір шара болайын деп жатыр. Салбурынды қазақтың аңшылық мәдениеті деп біз осыдан жеті жыл бұрын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне қосқан болатынбыз. Комиссия қарап жатыр. 

Турнирде бүркіті сенімін ақтаған астаналық Ерасыл Серікбекұлы жеңімпаз атанды. Ал қаршығаның жүлдесін Жамбыл облысынан Бабажан Берікболсын жеңіп алды. Ителгі бойынша Қарағанды облысынан Таңат Оспанкұлов үздік болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 23:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары