Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Дәуірдің дара тұлғасы: адал еңбекпен өрілген өнеге

Дәуірдің дара тұлғасы: адал еңбекпен өрілген өнеге

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазір еліміздің экономикалық дербестігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласы стратегиялық негізге айналып отыр. Ауыл – ел бесігі ғана емес, ұлттық болмысымыз бен берекеміздің алтын діңгегі. Сондықтан ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында.

«Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Халқымыз «Егін ексе, ел тоқ» деп бекер айтпаған. Еңбекқор, мақсаты айқын азаматтарымыз күнделікті маңдай терімен ұлттық байлығымызды еселеп, ел келе­шегінің жарқын болуына аянбай үлес қосуда. Мұндай іспен айналысып жатқан адамдарға қолайлы жағдай жасап, еліміздің шынайы патриоттарын ынта­ландырып отыру керек. Біз бұл шаруаны назардан тыс қалдырмаймыз. Нағыз еңбек, қайнаған тірлік ауылда, ауыл шаруашылығында екені сөзсіз. Өз ісіне тиянақты, жауапкер­шілігі жоғары, адал азаматтар қашанда табысқа жетеді», – деп ел экономика­сын­дағы аграрлық сектордың маңызды­лығын және осы саладағы азаматтардың қажырлы еңбегін атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккер­лерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде. 

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сының «Ауыл аманаты» секілді ауқымды бағдарламалары мен агроөнер­кәсіп кешенін модернизациялау саясаты бүгінгі күннің басты талабы екені даусыз. Аталмыш заманауи реформаларды табысты да нәтижелі жүзеге асыру үшін тек жаңа технология мен инвестиция ғана емес, жер тілін білетін, істің көзін табатын на­ғыз ұйымдастырушылық мектеп қажет. Бүгінде ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге барынша басымдық беріліп жатқан осы тұста, еріксіз дала еңбегінің нағыз хас шеберлерінің тәжіри­бесі – уақыт сынынан өткен бағдаршам іспетті. Себебі қазіргі біз айтып жүрген тиімді менеджмент пен агроре­формалардың іргетасын сонау өткен ғасырда маңдай термен, табанды да қажырлы еңбекпен қалап кеткен тұлғалар бар. 

Тарих қойнауына енген әрбір дәуірдің өзіндік кейіпкерлері, елі мен жерінің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан еңбек майталмандары болады. Соның бірі – Социалистік Еңбек Ері, майдан шебінде шыңдалып, бейбіт күнде берекелі еңбектің туын тіккен әкеміз Алдаберген Бисенұлы. Адалдық пен әділдік, темірдей тәртіп – саналы ғұмырының 30 жылдан астам уақытын Қазақстанның ауыл шаруашы­лығын өркендетуге сарп еткен әкеміздің өмірлік ұста­нымы болды. Бүгінде әулеттің темір­қазығына айналған ардақты жанның 100 жылдық мерейлі жасында оның артында қалған ұрпақтары әке есімін мақтанышпен еске алады. Ел үшін туған ердің еңбегі – тарих парағында, ал жарқын бейнесі ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады. 

Алдаберген Бисенұлы 1926 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. Әкеміздің жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ұлы Отан соғысына қатысып, (1944-1945 жж.) Жеңіс күнін Германияның атақты Эльба өзені бойынд­ағы Магдебург қаласында қарсы алған. Ол соғыс жылдарында жастық жалынын Отан қорғауға арнап, майданның алдыңғы шебінде болды. Жауынгерлік ерліктері үшін I және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Көкірегінде от, бойында қайрат бар жас жігіт от пен оқтың ортасынан аман оралып, бейбіт өмірдің іргетасын қалауға бір кісідей атсалысты.

1952-1955 жылдары Алдаберген Бисенұлы Қызылорда ауылшаруашылық техникумында оқып, техник-механик біліктілігін алған. 1955-1958 жылдары Жалағаш ауданының Мәдениет МТС-ында учаскелік механик, 1958-1962 жылдары «Еңбек» ұжымшарында бас инженер-механик қызметтерінде өнертапқыштық қыры жарқырай көрініп, шөп жинау және жер жырту техникаларын жетілдіру бойынша ұсыныстары өндіріс саласына енгізіліп, жаңашылдық бастама ретінде кеңінен тарады.

Әкеміздің еңбектегі өмір жолына көз жүгіртсек, оның бойындағы ұйымдастырушылық қабілет пен маман­дыққа деген адалдықтың жарқын көрінісін байқаймыз. Ол кісінің агроөнеркәсіп саласындағы қолтаңбасы әсіресе 1960-1962 жылдары Жалағаш ауданы «Жаңа­талап» ұжымшарының басқарма төрағасы болған тұста ерекше жарқырап көрінді. Мемлекеттік басқарудың жауапкершілігін терең сезінген ол Алматыдағы кеңшар директорларын даярлайтын арнайы курсты үздік тәмамдаған соң, аталған шаруашылық тізгінін сегіз жыл бойы үзіліссіз ұстап, оны аймақтағы алдыңғы қатарлы озық ұжымдардың қатарына қосты. Ол тек бұйрық беруші әкімгер емес, өндірістің ішкі иірімдерін терең түсінетін ғалым-тәжірибеші еді. Соның дәлелі ретінде, күндізгі қарбалас жұмыстан қол үзбей жүріп, Қазақ ауылшаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша бітіріп шықты. Аталған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, шаруашылықты механи­ка­ландырудың өнертапқыштық жаңа жобаларын жасап, оларды өндіріске енгізді. 

Сыр өңіріндегі диқаншылықтың басты күретамыры – су мәселесі екенін ерте түсінген басшы шаруашылық аумағына жаңадан каналдар тартқызып, егістік жерлерді жүйелі суландыру жүйесін жолға қойды. Аталмыш реформалар өнімнің сапасын көтеріп, түсімін еселеп арттыруға тікелей ықпал етті. Нәтиже көп күттірген жоқ; кеңшардағы 1 300 гектар күріш егісі көлемі қысқа мерзімде 2 800 гектарға ұлғайып, оның әр гектарынан алынатын өнімінің түсімі 50 центнерге жетті. Бұл көрсеткіш сол заманның өлшемімен алғанда рекордтық нәтиже еді. Осындай ерен еңбек пен ғылыми тәсілдің арқасында «Жаңаталап» кеңшарының даңқы аудан шеңберінен асып, облыс, республика көлеміне танылды. Ең бастысы, әкеміздің ұйымдастырушылық шеберлігі тек өндірістік көрсеткіштермен ғана шек­телмей, ауылдың әлеуметтік ахуалын жақсартуға, оның экономикасы мен мәдениетін жаңа белеске көтеруге бағытталды. 

1972 жылдан бастап Тереңөзек ауданына қарасты Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы (қазіргі Н.Ілиясов атындағы ауыл) кеңшарды басқарған тұста да тың бастамалар көтеріп, ғылым мен техника жаңалықтарын өндіріске батыл енгізіп, шаруашылықтың экономикалық дағ­дарыстан шығуына тікелей басшылық жасаған. Тауарлы сүт кешенін ұйым­дастырып, асылтұқымды мал басын 4 000-ға жеткізіп, олардың әрқайсысынан жылына 3 800 литрден сүт өндіруді қамтамасыз етті. Ауыл халқының тұрмыс-жағдайын айтарлықтай деңгейге көтеріп, ел ішіндегі ахуалды жақсарту жолында нәтижелі еңбек етті. Ауыл орталығынан зәулім тұрғын үйлер, мәдениет үйі, қонақүй, жаңа үлгідегі сауда орталығы, әкімшілік және халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты нысандар қалалық сәулет үлгісімен бой көтерді.

Облыстық мерзімді басылым беттерінің 1985 жылғы 21 желтоқ­сандағы санында газет тілшісі аталмыш кеңшардың сауын комплексінен таңдай қағарлық тамаша фактілерді тізіп берген. Онда былай деп баяндайды: «Қазақстанның 50 жылдығы» атындағы кеңшардың сауыншылары жұмыстан соң тұрмыстық мұқтаждығын ойлап үйді-үйіне асықпайды. Асхана, демалыс орны, теледидар, электр жарықты ванналар, автодүкен – бәрі сауыншыларға белгілі уақытта жұмыс орнында қызмет көрсетеді. Сондай-ақ күллі ғимарат су арқылы жылып, жұмыс киімдерін тазартып жуатын бөлмелер де қарастырылған. Осылайша, жаңа басшы ауыл адамдарын жаңа жағдайда еңбек етуге тәрбиеледі. Өз кезегінде, бүгінгі кеңшар директоры Алдаберген Бисенұлы өмір сабақтарын да, өз бағасын да сол халықтан алған азамат еді. Сенбесеңіз, оның еңбек жолымен жүріп өтіңіз, қария­ларды тыңдаңыз, көзіңіз көріп, құлағыңыз естиді. 

Қазір «батырлар ауылы» атанған Нағи Ілиясов ауылы – Сыр өңіріндегі «Үлгілі ауыл» номинациясының жеңімпазы. Бүгінде ауылдың экономикасы дамыған, әлеуеті артқан. Әлеуметтік нысандар жаңарып, гүлденіп, көркейген ауыл өзге елді мекендерге үлгі-өнеге. Ардагер тұлғаның есімі мен ол басқарған шаруашы­лықтардың жетістігі – бүгінгі дамыған заманның ауыл шаруашылығы мамандары үшін еңбекқорлық пен мемлекетшілдіктің жарқын үлгісі.

Кез келген мемлекет үшін адам фак­торы бірінші орында тұрады, еңбек адамының рөлі де ерекше. Талмай еңбектенген адам ғана шынайы бақытқа кенеледі. Біз әкемізді шынайы бақытқа кенелген адам деп білеміз. Ол кісі марапат үшін еңбек еткен жоқ, бірақ оның маңдай терімен келген әрбір жетістігі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, кеудесіне жарқыраған ордендер мен медальдар тағылды. Мемлекеттік марапаттарды таққан сәттегі әкеміздің жүзіндегі қара­пайымдылық пен жауапкершілік сезімі әлі күнге көз алдымызда. Еңбек адамы қа­шан­да құрметке лайық. Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қос­қан үлесі жоғары бағаланып, Бүкіл­одақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын және күміс медальдарын иеленді. Есімі Қазақстанның «Құрметті Алтын кітабына» енді. Еліміздің ауыл шаруашылығын дамытудағы қажырлы еңбегі үшін 1971 жылы Алдаберген Бисенұлына Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, кеудесіне «Алтын жұлдыз» тағылды.

Елге жасаған еңбегін мәңгі есте қал­дыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы №1021 қаулысымен Жалағаш ауданы, Аққұм ауылындағы №38 орта мектепке Соци­а-листік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Алдаберген Бисенұлының есімі берілді. Бүгінде білім ордасында шәкірт­терге үлгі-өнеге болатын еңбеккер тұлғаның мұражайы жұмыс істейді. Алдаберген Бисенұлының аңызға айналған еңбегін, өнегелі істерін, пайым-парасатын Сыр бойы қаламгерлері шығармаларына арқау етті. Еңбек еріне ақиық ақын-жазушылар дастандар мен очерктер арнады. Бұл Әкеміздің еңбегін көрген, ықыласын сезген, қамқорлығына бөленген адамның ыстық ықыласы, жүрекжарды сөзі болса керек.

Шүкір, Алла, заманым еркін бүгін,

Бүркемейді сәулелі көркін күнім.

Көп алдында сөйлеймін ашық-жарқын,

Өйткені тәуелсізбін, серпіндімін!

 Ана сүтін алаңсыз арда емген,

 Жүрегінің жылуын жанға берген,

 Құдіретін еңбектің елге ұқтырып,

 Тыныстап жатыр Сырда Алдаберген.

 Жөнім бар бүгін менің мақтанатын,

 Ешкіммен болған емес бақталасым.

 Ағаны ел есіне салдым, тағы,

 Келер ұрпақ жүрсін деп жаттап атын!

Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Итен Қарымсақұлы «Жүрек жазбалар» атты кітабында еңбек адамына деген шынайы құрметін осылайша өлең жолдарымен жеткізген. Әкеміз Алдаберген Бисенұлының өнегелі өмірі мен халыққа сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа рухани мұра болып қалды. Ол туралы «Өрлеу жолында» (1979 ж.), «Нар тұлға» (1996 ж.), «Өнегелі өмір» (2004 ж.), «Өмір – өзен» (2005 ж.), «Рухқа тағзым» (2006 ж.), «Тұғырлы тұлғалар» (2012 ж.), «Тарих тағылымы» (2014 ж.), «Батырлар басқарған ауыл» (2015 ж.), «Қалдырған ізің мәңгілік» (2017 ж.), «Ел ардақ­тылары» (2018 ж.) атты естелік кітаптар жазылып, деректі фильм түсірілді.

«Ер есімі – ел есінде». Биыл 20 мамырда Қызылорда қала­сындағы Әбділда Тәжібаев атын­дағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сыр елінің аяулы перзенті, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Тұғыры биік тау тұлға» атты еске алу кеші өтті. Кешке мемлекет және қоғам қайрат­керлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ғалымдар мен жастар қатысты. Қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Шакизат Төребаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанов, ардагер-журналист Еркін Әбілов қатысып, әкеміз Алдаберген Бисенұлының өнегелі өмірі, биік парасаты, еселі еңбегі мен қадыр-қасиеті, тағылымды мұрасы туралы ой-пікірлер мен естеліктерін айтты. Ақын Ға­зиза Әбілда ардақты азамат Алдаберген Бисенұлына арнаған арнау өлеңін оқыды. 

Бүгінде ортамызда болса, 100 жастың асқаралы белесіне шығатын әкеміз еңбекте ғана емес, отбасында да үлкен мектеп қалыптастырды. Аяулы да, ардақты анамыз Зүбайра Сейілқызымен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұл-қыздарын білім алуға және елге қызмет етуге баулыды. Ұлағатты ұядан ұшқан перзенттері бүгінде әке аманатына адал, ел мақтаған аза­маттарға айналды. Қазір әр салада егемен еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Бірі – ғалым, қоғам қайраткері, екіншісі – болашақ ұрпақты тәрбиелеген ардақ-ты ұстаздар. Енді бірі – еліміздің эко­номикалық тірегі саналатын мұнай саласының маманы. Ең бастысы, әкеміздің қасиетті қара шаңырағы мен кәсіби жолын жалғап, ауыл шаруашылығы саласында аграрлық секторды дамытуға үлес қосып жүрген перзенттері де бар. Бұл – ұрпақ сабақтастығының, әке мектебінің өмір­шеңдігінің жарқын дәлелі. Әкенің артында қалған өнегелі ісі мен елге жасаған риясыз қызметі – бүгінгі және келешек жас ұрпақ үшін де таусылмас ғибрат мектебі, елге қызмет етудің шынайы үлгісі болып қала бермек. 

Гүлсім БИСЕНОВА,

Сәрсен Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан университеті, ғалым-ұстаз

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 05:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары