Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Демография және миграция: Қостанайда ауыл аудан тұрғындары азайып барады

Демография және миграция: Қостанайда ауыл аудан тұрғындары азайып барады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кері кеткен демография

Ұлттық статистика бюросының дерегіне жүгінсек, облыстың демографиялық көрсеткіші бірнеше жылдан бері төмендеп келеді. 2022 жылдың 1 қаңтарында өңірде 835,7 мың халық болса, ал 2025 жылдың 1 желтоқсанында 821,8 мың адам тікрелген. Демек, төрт жылға жетпейтін уақытта тұрғындар саны 14 мыңға азайған.

Халық санының кемуі моноқалалар мен аудандарда айтарлықтай білінеді: Арқалықта 38,9 мыңнан 36,1 мыңға, Лисаковскіде 35,2 мыңнан 34,3 мыңға, Рудныйда 123,8 мыңнан 123,2 мыңға дейін түскен. Аймақтағы аудандардың басым бөлігінде (Амангелді, Жангелді, Сарыкөл, Әулиекөл, Жетіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл, Наурызым т.б.) жағдай осындай.

Ал облыс орталығы – Қостанай қаласында, керісінше, демографиялық өсім тұрақты. 2022 жылдың басында шаһарда 261,4 мың бұқара болса, 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 276,8 мыңға жеткен. Жалпы, облыста демографиялық жағынан оң көрсеткіш көрсетіп отырған жалғыз жер осы Қостанай қаласы ғана.

Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Миграцияның әсері

Өңірде халық санының азаюына басты себеп – көші-қон. 2021 жылы 5 708, 2022 жылы 4 923, 2023 жылы 3 553, 2024 жылы 5 128 адам облыстан көшіп кеткен. Ал 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тағы 3 383 тұрғын қоныс аударған.

Аймаққа көшіп келіп жатқан ел-жұрттың да саны аз емес. Мәселен, 2021 жылы 23,9 мың, ал 2024 жылы 39,7 мың кісі Қостанай облысына қоныс аударған. Алайда келіп жатқандардан гөрі кетіп жатқандардың үлесі басым. 2024 жылы өңірден 44,8 мың адам қоныс аударған.

Демек, Қазақстанның ішкі миграциясы Қостанай облысына да әсерін тигізіп отыр. Аталған өңірден кеткендер еліміздің басқа аймақтарына, көбіне ірі экономикалық орталықтарға барады. Ал халықаралық миграция, соның ішінде ТМД және алыс шетелдерге көшу фактілері айтарлықтай көп емес.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Өкінішке қарай, облыс аумағынан көбіне жастар кетеді. 15-19, 20-24, 25-29, 30-34 жас аралығындағы жастар үдере көшіп жатқаны мамандарды алаңдатып отыр.

– Бұл жас категорияларының қай-қайсысында да өңірге көшіп келгендерден көшіп кеткендердің саны әлдеқайда көп. Тіпті, 35-44 және 45-49 жас аралығындағы қоныс аударып жатқан азаматтардың да саны азаймай тұр. Демек, аймақ жастардан, студенттерден, жұмыс істеуге қабілетті азаматтардан, экономикалық және кадрлық тұрғыда өрге сүйрейтін мамандардан айрылып жатыр, – деп жазылған Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Сарапшылар не дейді?

Демограф, PhD Шынар Төлешованың сөзінше, Қостанай облысында халықтың көшу көрсеткіші соңғы 5 жылда тоқтаусыз артып келеді.

Фото: Ш.Төлешованың жеке мұрағатынан

– 2020-2024 жылдарда Қостанай облысынан 24 386 адам қоныс аударған. Оның 6 453-і алыс-жақын шетелдерге, ал 17 933-і еліміздегі басқа аймақтарға көшкен. Осылайша, Қостанай облысы бұқарасының саны азаюында ішкі миграция басты рөл ойнайды, – дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, өңірден кеткендердің 90%-ы Астанаға, ал 8%-ы Алматыға қоныс аударады. Сол себепті, Астана халқының санын көбейтіп отырған негізгі демографиялық донорлардың бірі Қостанай облысы болып отыр.

Ал халық аймақтан неге көшеді деген сұраққа келсек, мәселе әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі. Шынар Төлешова ең алдымен жұрт жақсы жұмыс, жоғары жалақы іздеп, қоныс аударатынын айтады.

– Ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы еңбек нарығында сұраныс төмен. Онда негізгі сала – ауыл шаруашылығы, табысы мардымсыз. Ал мегаполистерде әртүрлі салада жақсы мүмкіндіктер бар. Ыңғайлы жұмыс кестесімен қызметке тұрып, мол кіріс түсіруге болады. Сондықтан көпшілік, әрине, өзіне тиімдісін таңдайды, – деп есептейді маман.

Миграцияның бұдан да өзге факторларын санамалап айталық. Үлкен қалаларда – сапалы медицина мен білім беру мекемелері қолжетімді, инфрақұрылым дамыған, әлеуметтік-мәдени тұрғыда жетілуге әлеует зор. Сондай-ақ, кей жағдайда жасамыс кісілер студент атанған немесе шаһарда орныққан балаларының артынан көшіп барады. Сарапшының сөзінше, миграция – табиғи үдеріс. Оны біржола тоқтату мүмкін емес. Бірақ көші-қонды баяулатып, жағдайды реттейтін амалдар да бар.

– Мемлекет және жергілікті атқарушы органдар өңірлерді өмір сүруге жайлы жерге айналдыруы керек. Инфрақұрылым сапалы, қызметтер қолжетімді болса, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалса, жұрт аймақтардан үлкен қалаларға ағылмас еді. Әсіресе, өндіріс және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың басты салаларында жалақыны көтеру керек. Өйткені, жұмысшылар жұмыс ауыр, ал айлық аз болғандықтан, кетіп жатады, – деп түсіндірді Шынар Төлешова.

Мамандардың пікірінше, өңірлер барлық салада жан-жақты дамыса, халық өзінің де, отбасының да болашағы үшін алаңдамайтын еді де, көшуді ойға да алмас еді.

Жергілікті атқарушы органдар мәселені шеше ала ма?

Осы сұрақты Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдаған едік. Жауапты мамандар жағдайды талдап, мән-жайдан хабардар болып отырғанын айтады.

– Өңірде кадр тапшылығы мәселесі жөнінде болжам жасап, бірқатар жұмысты қолға алдық. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің дерегінше, 2025-2035 жылдар аралығанда Қостанай облысына шамамен 148 мың кадр керек болады. 2026 жылдың өзінде 13 мың маман қажет, – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, басқарма берген мәліметке сенсек, кадр тапшылығы экономиканың басты секторларында білінбек. Жорамал бойынша, ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен ісі, өндіріс, құрылыс, транспорт және сауда, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарында маман жетіспеуі ықтимал. Ең алдымен, тракторист, дәнекерлеуші, жүк көлігінің жүргізушісі, ағаш шебері, электроментер, санитарлық техник, сылақшы, аспаз т.б. жұмысшы мамандықтарға сұраныс күрт артады. Бір қызығы, қазір де мұндай жұмыстарға ұсыныс көп. Соған қарамастан, жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендемей тұр.

Фото: freepik.com

– 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы нәтиже бойынша, жұмыссыздық деңгейі 4,5%. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш ептеп түсіп келеді. 2022 жылы 4,9%, ал 2024 жылы 4,7% болды, – деп жазылған басқарма хабарламасында. 

Жұмыссыздықтың үш жылда 0,4%-ға төмендегені ауыз толтырып айтатындай жетістік емес. Алайда жергілікті атқарушы орган өкілдері қол қусырып қарап отырмағанын көрсетеді.

Қостанай облысында тұрғындарды ұстап қалып, білікті мамандарды тарту үшін мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған. Негізгі көмек – жұмысқа орналастыру. Сонымен бірге, нарықта сұраныс жоғары мамандықтар бойынша қысқамерзімді оқу ұйымдастырылады, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі және жеке бизнесін бастағысы келгендерге грант беріледі.

Одан бөлек өңірде «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Күміс жас» тәрізді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олар тәжірибе жинауға, біліктілікті арттыруға және жұмысқа орналасуға септігін тигізеді. Ведомство дерегінше, былтыр 47 мың адам осындай жобалардың арқасында еңбекке араласқан.

Өзге өңірлерден Қостанай облысына жұмыс істеуге келген азаматтар да қолдаудан құр алақан емес. Оларға көшу, пәтер жалдау шығындары төленеді. Сондай-ақ, баспана алуға 1 625 АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі.

Өңірде жастарды қайтіп алып қаламыз?

Қостанай облысы Білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын 7 мың азамат кәсіптік-техникалық білім алады. Колледж түлектерінің 88%-ы жұмысқа орналасады. Бұл республикадағы орташа статистикадан жоғары екен.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ведомство дерегіне жүгінсек, 2025 жылы 11-сыныпты аяқтаған түлектер саны 11%-ға артқан. Олардың 95%-ы оқуын одан әрі жалғастырып жатыр.

– Түлектердің басым бөлігі жоғары білім алуға ұмтылады. Ақылы негізде оқудың үлесі жоғарылап келе жатыр. Өйткені, мемлекеттік оқу гранты шектеулі. Оған іліге алмағандар да жоғары білімді маман атануға ынталы, – дейді мамандар.

Сонымен қатар, сарапшылар мамандық таңдауда тепе-теңдіктің жоқтығына алаңдайды.

– Талапкерлердің педагогикалық, экономикалық және заңгерлік салаларға қызығушылығы зор. Ал өңір экономикасына ең қажетті медицина және ауыл шаруашылығы мамандықтарына тапсыратын түлектер аз, – дейді Білім басқармасының өкілдері.

Облыстың ең өзекті мәселесі

Жұмыспен қамту бағдарламалары жүзеге асып, білім беру саласы дамып жатқанымен, Қостанай облысынан халықтың өзге өңірлерге көшуі толастар емес. Ал шекаралық аймақта бұқара санын азайтпау – мемлекеттік маңызы бар іс. Ол үшін өңірдің экономикалық-әлеуметтік әлеуетін күшейту қажет екені анық.

Еске салайық, бұған дейін елімізде демография бойынша алғашқы ұлттық баяндама әзірленетіні хабарланған еді.

                                                                                           Алпамыс Файзолла

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 16:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары