Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Драматургиядағы дара даңғыл

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Димаш шекарашылар ортасында

Димаш шекарашылар ортасында

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл кездесуге шекарашылар туралы түсіріліп жатқан «Таймас» көркем фильмі арқау болып тұр. Фильм желісі адам мен иттің арасындағы адал достыққа құрылған. Бір күні иесінен қапияда айырылған қызметтік ит өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Сол сәтте бөлімшеге Шекара қызметінің Қызметтік кинология орталығынан офицер келеді. Оның да тағдыры ауыр еді. Өзіне адал қызмет еткен төрт аяқты серігін жоғалтқан шекарашы қызметтен кетуге бел буған болатын. Алайда тағдырдың тосын сыйы офицер мен шекарашы итті жолықтырып, араларында ерекше байланыс орнатады.

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды

Байынкөл өзенінің бойында орналасқан шекара бөлімшесінде күн-түн демей еңбек етіп жатқан түсірілім тобының мақсаты – адам мен ит арасындағы шынайы достық пен адалдықты дәріптеу. Осындай қарбалас жұмыс үстіне келген Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымға сәттілік тілеп, қолдау білдіруді азаматтық парызы санағандай әсер қалдырды.

Көрші Қытай елінде өткен «I аm a singer» байқауында топ жарған Димаш Құдайберген бүгінде Қазақстанды күллі әлемге таныстырып, өзінің өшпес өнері арқылы ұлт мәдениетін ұлықтауды жалғастырып келеді. Халықтың ұлы болған Димашты департамент бастығы полковник Талғат Талипов бастаған офицерлер мен сарбаздар құшақ жая қарсы алып, сұхбаттасты, естелікке суретке түсті. Отан алдындағы борышын ел шетінде, жел өтінде атқарып жүрген сарбаздардың сауалдары кездесуге ерекше мазмұн берді. Димаш та олардың бірде-бір сұрағын жауапсыз қалдырған жоқ.

«Майкл Джексон кейде түн ортасында студиясына жүгіріп баратын болған. Себебі келген шабытты жоғалтып алғысы келмеген. Ол мұны Құдайдың берген сыйы деп қабылдаған. Мен де болашақта Алланың қалауымен сондай ерекше шабыт келсе, Отан туралы, еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылар туралы ән жазуым мүмкін. Бұл кез келген уақытта болуы ықтимал. Сондай сәт туса, мен де оны қалт жібермеймін», деді әнші.

Осы сөздерден кейін шекарашылар мен шығармашылық топтың ризашылық көңілі ду қол шапалаққа ұласты.

Димаш Құдайбергеннің «Көкжиектен асқан үн» жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады

Туған жердің шетінде өткен тағылымды кездесудің соңында Димаш Құдайберген бөлімшенің тілек кітабына жүрекжарды лебізін қалдырды. Ол фильмнің басты кейіпкері Таймастың жанында тұрып, бас режиссер Ғалым Асылов жетекшілік етіп жатқан «Таймас» көркем фильмінің халық ықыласына бөленетініне сенім білдірді. Сондай-ақ түсірілім тобына сәттілік тіледі. Шекарашылар бұл күнді ұзақ уақыт ұмытпайтыны анық.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметі

Алматы облысы бойынша департаменті.      

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 13:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see137

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see133

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see128

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see127

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see126

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see126

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see124

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see124

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see124

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see123

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see121

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see121

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see121

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see118

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see117

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see117

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see115

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see114

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see111

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары