Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Дрон дәуірінің дидары

Дрон дәуірінің дидары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазір әскери дрондар мемлекеттің Қарулы күшінің әлеуетін байқатады. Өзінің бейімделгіштігімен ерекшеленетін ұшқышсыз аппараттар барлау, тікелей шабуылдау, әуе қорғанысын бұзу, тіпті стратегиялық инфрақұрылымды жоюға қауқарлы. Ал осы заманауи технологияны басқаратын кәсіби операторлар елімізде қалай даярланып жатыр?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұшқышсыз ұшу ап­параттары ұрыс­ даласында бірнеше он­жыл­дықтан бері қолданыла­ды. Түрлі сипаттағы мін­дет­терді мүлтіксіз орындайтын бұл құрылғылар бүгінде әлем елдерінің армиясында қару-жарақ арсеналын толықты­рып тұр. Бастапқыда көпші­лігі оны нашар қаруланған топтарға қарсы операцияларға ғана қолайлы көрді. Кейінгі 10–15 жыл бедерінде әуелде Си­рия мен Қарабақтағы шие­леністерден бастап, Украина, Таяу Шығыстағы шайқастардың барлығында заманауи әскери дрондар өз күшін дәлелдеді.

Себебі ұшқышсыз аппарат­тардың құны арзан әрі адам шы­ғынын азайтып, опера­ция­ны барынша қауіпсіз етеді. Сонымен қатар нақты уақыт режімінде қашықтан бақылау мүмкіндігі бар. Заманауи құ­рылғылар тек қорғанумен емес, қажет болған жағдайда ки­бершабуыл жүргізумен де айналысады. Қарсыластың жү­йелерін бұғаттап, деректерді жою сынды бірқатар әрекетті әп-сәтте іске асырады. Оның үстіне қанатты қырағылардың техникалық мүмкіндіктері де күн санап жетілдіріліп, барынша сенімді, функционалды әрі жойқын қаруға айналып келеді.

Қазақстан Қарулы күштері де бұл бағыттағы үдерістен тыс қалған жоқ. Ахуалды жіті бақылаған еліміз ұшқышсыз ұшу аппараттарының қарқы­ны мен қарымына жиі сараптама жасап отырады. Қазіргі таңда әскери сапта ресейлік Orlan-10, қытайлық Wing Loong, израильдік Skylark, АҚШ-тың RQ-11 Raven және түркиялық Anka сынды аппараттар бар. Сонымен қатар отандық үлгідегі дрондар да құрастырылады. Олар ішкі қажеттіліктің басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

– Бұл технологиялар әртүр­лі тапсырмаларды орындай­ды, соның ішінде жүк жеткізу, жаралыларды іздеу, эвакуа­циялау, табиғи және техно­гендік сипаттағы төтенше жағ­дайлардың салдарын жоюға көмектеседі. Ұшқышсыз жүйе­лер Қарулы күштерде ауқымды міндеттерді атқарады. Атап айтқанда, оларға мемлекет­тік шекараны күзету, соққы беру операциялары, сондай-ақ радиоэлектрондық күрес, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, эко­логиялық қауіпсіздік пен байланысты қамтамасыз ету секіл­ді түрлі қызметтер жүктелген. Бір ұшқышсыз құрылғыны құ­растыруға кететін уақыт оның түріне және маманның даярлық деңгейіне байланыс­ты өзгереді. Кәнігі оператор үшін квадрокоптер типіндегі дронды жинаудың стандартты уақыты шамамен 3–6 сағатты құрайды, ал жаңадан бастағандар үшін бұл үдеріс 1–2 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Құрас­тырылғандары әртүрлі маневрлер, ауа райының құбыл­малы жағдайында, күн­діз-түні сынақтан өтеді, – деді Қарулы күштер Бас шта­бының Ұшқышсыз авиа­ция­лық жүйелерін дамыту және қолдану департаменті бас­ты­ғының орынбасары, полковник Әмір Қасенов.

Демек, цифрлық қақтығыс­тарда жедел әрекет ету, жаудың тактикасын алдын ала болжау, кибер және гибрид соғыстарға дайын болу үшін технологиядан бөлек, операторлар да мықты болуы қажет. Бұл бағытта әскери қызметшілерді оқыту Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары мен колледж базасында жүзеге асырылады.

Одан бөлек, ел армиясында дрон операторлары әртүрлі әскер түрлерінде, соның ішінде Әскери-теңіз күштерінде де да­йындалады. Маңғыстауға сапар барысында осы мамандардың әлеуетін бақылаған едік.

Әскери-теңіз күштері бас қолбасшы­сы басқармасы бас штабының роботтан­дырылған жүйелерді қолдану жөнін­дегі аға офицері подполковник Григорий Се­ливановтың айтуынша, мерзімді қыз­мет­тегі сарбаздарды оқыту барысында ұш­қышсыз жүйелерді басқарудың бастапқы дағдылары үйретіліп, заманауи қару түрлері туралы жалпы түсінік беріледі.

– Арнайы жаттығу кезінде дронды басқару, оны қауіпсіз ұшыру мен қондыру, камера арқылы жерді бақылау, алынған ақпаратты талдау үй­ретіле­ді. Бүгінде алдыңғы шеп­тегі ең кең таралған зама­науи аппараттардың бірі – FPV-дрондар. Оларға орна­тыл­ған камера бейнені нақ­ты уақыт режімінде опера­тор­дың көзілдірігіне немесе экранына жеткізіп, оны дрон­мен бірге «ұшып келе жат­қандай» әсерге бөлейді. Осы ерекшелігіне байланысты FPV (First person view) «бірінші тұлға көзімен көру» деп аталады. Бұл қанатты техниканың басты артықшылығы – қол­жетімділігі мен басқарудың қарапайымдылығы. Соның әсе­рінен операторларды қысқа мерзімде даярлауға болады. Әсіресе жастар тез бейімделеді. Күн сайын 3–4 сағат жаттығу жасаған адам бірнеше апта ішін­де оны еркін меңгеріп шығады, – деді Г.Селиванов.

Бізге көрсетілген оқу сыныптарында операторлар тек симулятор арқылы емес, шағын оқу дрондарының көмегімен де машықтанады. Мұнда әскери қызмет­шілер басқару пультін қолға алып, VR-көзілдірікке ұқсас құрылғыны тағады да, ұшқышсыз техниканы көрші бөлмеде арнайы қойылған жасанды кедергілер арасынан дәл әрі шебер жүргізуге тырысады.

Жалпы, FPV-дрондар 7–10 ша­қырым қашықтыққа дейін ұша алады. Арнайы антенна арқылы қашықтығын 15 шақырымға дейін арттыруға болады. Бір жақсысы, бұл заманауи аппаратты бір рет немесе қайта-қайта қолдануға да болады. Ол үшін дронға тек жүк тастау жүйесі орнатылады.

– Егер жеке нысанаға ба­ғытталса, оған жақындап, граната тастаған тиімді. Ал броньды техника не окоптар болса, онда камикадзе (нысанаға жеткенде өзін-өзі жарып жіберетін бір реттік ұшқышсыз аппараттар) ретінде қолданған дұрыс.
FPV-дронның көлеміне қа­рай оны қол гранатасымен де, танкіге қарсы гранатометінің оғымен де жабдықтауға болады, – деді аға офицер.

Осылайша, нысанаға дәл бағытталған жалғыз дронның өзі қарсыластың бір топ әскери қызметшісін, автокөлігін немесе танкін жоюға қабілетті. Барлығы оператордың кәсі­би­лігіне байланысты, ал бұл шебер­лік арнайы оқу сыныптарында шыңдалады. Алаңда осы салаға енді қадам басқан жас операторлардың бірімен тілдестік.

– Былтыр наурызда әскер­ге шақырылдым. Борышымды өтеген соң, осы бағытта қыз­метімді келісімшарт негізінде жалғастыруға бел будым. Қа­зір ұшқышсыз аппараттарды басқарудың теориясын мең­геріп жатырмын, практикада да байқап көрдім. Техникаға жақын болған соң ба, үйрену қиынға соқпады. Дегенмен дронды басқару – дәлдік пен жедел шешім қабылдауды талап ететін үлкен жауапкершілік. Осындай дайындық мені қа­зір­гі заманғы ұрыс жағдайына мүмкіндік береді, – деді Әсет Жақсығалиев.

Ұшқышсыз аппараттар авиа­цияда да белсенді қолда­ны­лады. Мәселен, Ақтаудағы авиабазада бізге қытайлық Wing Loong-1 дроны таныстырылды. Бұл қанатты қырағы 6 шақырымға дейін биікке көтері­ліп, сол жерден бір тәу­лікке жуық барлау жүргізе алады. Сонымен қатар алыс қашықтыққа ұшып, бомба, зымырандармен жерүсті нысандарына соққы беруге қабілет­ті. Ұшқышсыз аппаратты оператор басқарады, ол дроннан 200 шақырымға дейінгі қа­шықтықта орналасуы мүмкін.

Бүгінде армиямыз заман талабына сай трансформациялану кезеңінен өтіп жатыр. Еліміздің оқу-жаттығу полигондарында шыңдалған, технология тілін меңгерген жас операторлар мен аспанда сап түзеген цифрлық құралдарымыз айбынды Қарулы күштеріміз­дің берік қалқаны десек, артық айтқандық емес.

Соңғы жаңалықтар

Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды

Елорда • Бүгін, 16:55

Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?

Партия • Бүгін, 16:24

Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті

Оқиға • Бүгін, 15:50

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті

Мереке • Бүгін, 15:05

5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады

Қазақстан • Бүгін, 14:44

7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды

Теңге • Бүгін, 14:36

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

Ата заң • Бүгін, 14:25

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді

Қоғам • Бүгін, 13:45

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

Тағайындау • Бүгін, 13:19

«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі

Айбын • Бүгін, 13:00

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті

Партия • Бүгін, 12:49

«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді

Партия • Бүгін, 12:29

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Сұхбат • Бүгін, 12:15

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары