Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Дала дидары: әлеует пен әрекет қабысса, ауыл түлейді

Дала дидары: әлеует пен әрекет қабысса, ауыл түлейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сондықтан ол әрдайым мемлекет назарында. Президент ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне бүкіл елді өркендету деп қарайтынын мәлімдеген еді. Соңғы он жылда саланың жалпы өнімі 2,5 есеге, яғни 3,3 триллионнан 8,3 триллион теңгеге дейін артты. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыру міндеті қойылды. Бұл биік мақсат кадр тапшылығының тар өткеліне тіреліп тұр.

Өсім мен өзгеріс

– Мал шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану қа­жет. Байтақ даламыздың бар­лық аймағында жыл он екі ай бойы мал бағуға болады. Әрине, малды бағып, өсіру, оның санын көбейту – оңай шаруа емес, өте күрделі жұмыс. Мем­лекет тиісті қолдау көрсе­­­теді. Мақсат – мал басын еселеу. Сол арқылы Қазақстанның ха­­­лықаралық нарыққа ет жеткізуші ірі ел ретіндегі мәр­тебесін бекіте аламыз! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруа­­шылығы еңбеккерлерінің ІІ форумында.

Ресми статистикаға сенсек, бұл са­лада біраз жетістік байқалады. 2026 жыл­дың қаңтар-наурызында мал ша­­­­руашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша І тоқсанда мал мен құстың союға өткізілген көлемі өткен 2025 жыл­ғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға – 407,6 мың тоннадан 421,6 мың тоннаға дейін өсті. Сиыр сүтінің өндірісі – 3,6%-ға немесе 629,8 мыңнан 652,7 мың тоннаға дейін, ал тауық жұ­мырт­қасы – 9,5%-ға немесе 1 млрд 21 миллионнан 1 млрд 117,6 млн бірлікке дейін ұлғайды. 

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына жүгінсек, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бір жыл ішінде үй құстары саны 48 млн 626 мыңнан 47 млн 899,2 мыңға дейін азайды. Бұған қарамастан басқа мал түрлеріне қатысты оң динамика бар: қой мен ешкі саны 22 млн 650,7 мыңнан 23 млн 173,3 мыңға дейін, ірі қара мал саны 8 млн 895,7 мыңнан 9 млн 155,7 мыңға дейін, жылқы саны 4 млн 444,6 мыңнан 4 млн 758,6 мыңға дейін, шошқа саны 526,9 мыңнан 544,7 мыңға дейін көбейді. Әрине, Президент тапсыр­ғандай, мал саны еселеп өскен жоқ, бірақ қарқыны жаман емес. 

Ауылдың қалаға айтар назы

Әйткенмен, салада қордаланған мәселе де жетерлік. Салдарынан ондаған мың ферма жабылып қалды. Ұлттық статбюро хабарлауынша, 2024 жылы елде 270 мың шаруа қожалығы болса, 2025 жыл қорытындысында 245 мыңға дейін кеміген. АШМ мұны фермалардың іріленуімен түсіндіріп, алаңдауға негіз жоғын айтады. Қалай болғанда, 30 жыл­дан астам кезеңде шаруа қожалықта­рының саны алғаш рет осынша көпке азайыпты және бұл үрдіс екінші жыл қатарынан тіркелді. Ауыл шаруашылығы министрлігі агробизнестің кооператив­терге бірігіп жатқанын, тиімділігі төмен фермалардың жабылып қалғанын мәлімдеді. 

– Фермерлік қожалықтардың саны 14,4 мың бірлікке азайды, ал заңды тұлғалардың саны артты. Қалыптасқан динамика аграрлық сектор құрылы­мындағы сапалы өзгерісті айғақтайды. Агробизнестің шоғырлануына, коопе­рацияның дамуына, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға ба­ғытталған үрдіс өрбіді. Мұны агро­өнер­кәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштерінің өсуі дәлелдейді. Атап айтқанда, 2025 жыл қорытындысында ауыл шаруа­шылығы өнімінің жалпы көлемі 5,9% өсіп, 9,8 триллион теңгеге жетті, – деп түсініктеме берді министрлік.

Осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген қарағандылық шаруа қожалығының өкілі Ерлан Қожабайдың айтқан уәжі – тек бір фермердің мұңы емес, тұтас бір саланың жанайқайы іспетті. Кәсіпкердің пайымдауынша, жоғары салық, жем-шөп пен азық-жем бағасының тым аспандап кетуі ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтардың еңсесін түсіріп тұр. Бұған мал індеттері және білікті маман тапшылығы секілді шешімін таппаған түйткілдерді қоссаңыз, ауыл адамының бүгінгі ауыр жағдайын бағамдау қиын емес. 

– Ауыл кәсіпкерлері қажиды. Біразы бизнесін тоқтатып, қалаға көшіп кетіп жатыр. Ауылда мал бағатын адам қалмай барады. Жастардың да көңілі бұл кәсіпке аумайды. Олар үшін мал бағу – ауыр, машақаты көп, лас жұмыс. Қаладағы жарық өмір, жеңілдеу қызмет тартып тұрады. Ұзақ жыл шопан болған бір танысым бар. Енді зейнетке шықты. Балаларына «ісімді жалғастырыңдар» десе, олар бас шайқапты. «Жоқ, әке. Сіздің қанша жыл бейнет кешкеніңізді көрдік. Бар жиғаныңыз қарыздан аспады» депті. Менде де жұмысшы тапшы. Заманауи құрал-жабдықтың арқасында ғана күн көріп отырмыз. Мысалы, сиырды аппаратпен сауамыз. Бірақ қой қырқу, малды тері ауруларынан, эктопаразиттерден қорғау үшін шомылдыру секілді түрлі науқанда жұмыс күші жетпей қалады. Көмектесетін жан жоқ, – деді фермер.

2024-2026 жылдар аралығында ауылдан қалаға 111,2 мың адам көшіп кеткен. Күніне шамамен 135 адам­нан кетіп отырған. 2026 жыл­ғы сәуірде 20 532 240 қа­­­зақ­­стандықтың тек 7 414 712-сі ауылда қалды. Яғни, бұ­рындары ауыл мен қала халқы азды-көпті тең болса, бүгінде қалалықтар саны екі есеге жуық көп. Е.Қожабай тағы бір мәселені көтерді: «қалалық» кәсіптей көрінетін ІТ-ма­мандары ауылға да қажет. Мы­салы, егін салып, мал өсі­ретін кейбір шаруашылық дронмен бақылауды енгізіп жатыр. Бірақ оны басқаратын, баптайтын, сынса жөндейтін майталманды қаладан ауылға алдырту қиын. Бұл аграрлық мамандық саналмайтындықтан ауылдық квотаға да ілікпейді екен.

Қолдаудың қисынды тетіктері

Ауыл шаруашылығы – экономи­каның қозғаушы күші ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де нысаналы шебі. Алайда сала ең заманауи техника мен озық тех­нологияны игергенмен, оны жүргі­зетін, дала төсіндегі еңбектің қадірін білетін білікті маман тапшы болса, істің ілгері басуы екіталай. Үкіметтегі ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін тұлға, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жастар арасында агросектордың тартымдылығын арттыру және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында жүйелі іс-шаралар кешені іске асырылып жатқанын жеткізді. Осы мақсатта Үкімет 2026 жыл басында «Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекітті. Кез келген стратегиялық құжаттың өміршеңдігі ондағы қарапайым еңбек адамының әлеуметтік көңіл-күйімен өлшенетіні мәлім.

Сол себепті вице-премьердің түсіндіруінше, біріншіден, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру шаралары қарасты­рылған. Атап айтқанда, біріншіден, жұмыс орындарын субсидиялау механизмін бақташылар мен шопандарға қолдану, осы мақсатта тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Сонда олардың жалақысының жартысына дейінгісі бюджеттен төленеді және фермерлерге түсетін жүктеме азаяды. Немесе олар жалақыны бұрынғы деңгейде қалдырып, бюджеттік субсидия есебінен айлық көлемін арттыра алады. Бұл – еңбек адамының табысын еселеуге, шаруашылық шығынын азайтуға ба­ғытталған оңтайлы қадам.

Екіншіден, көшпелі мал шаруашы­лығында жұмыс істейтін, яғни қиянда мал бағатын қызметкерлер санаттарын зиянды еңбек жағдайларында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесіне қосу мүмкіндігі қарастырылу үстінде екен. Тиісті өзгеріс қабылданса, онда шалғайдағы жайлауда мал өсіретіндер зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген қазақстандықтарға тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемді (АӘТ) ала алады. Бұл төлем берілуі үшін адам 55 жасқа толуға және оған 7 жыл бойы кәсіптік зейнетақы жарналары аударылуға тиіс. 

Бұдан бөлек, мал шаруашылығының адымын аштырмай тұрған тағы бір проблема – мал дәрігерлерінің жетіспеуі. Кейбір өңірде ондаған ауылға жалғыз ғана ветеринар қызмет көрсетеді екен. Осы орайда Серік Жұманғарин ветеринария мамандарының еңбек­ақысын арттыру мақсатында 2023-2025 жылдары жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 29,6 млрд теңге бағытталғанын еске салды. 

– Соның нәтижесінде ветеринария­лық дәрігерлердің орташа жалақысы 119,7 мыңнан 271,5 мың теңгеге дейін өсті. 2026-2028 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттен жыл сайын 12,2 млрд теңгеден бөлу қарастырылған. 2023 жылдан бастап ветеринария мамандарына І және ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін тиісінше 35% және 50% үстеме­­­ақы­лар белгіленді. Сондай-ақ екі лауа­зым­дық айлықақыдан кем емес мөлшерде сауықтыру жәрдемақысын төлеу қа­рас­тырылған, – деді вице-премьер. Ең­беккердің қазіргі өмірі мен қарттық ша­ғын қадірлі әрі қолайлы ету  мемле­кеттің экономикалық қуатын ғана емес, оның моральдық келбетін де айқындайды.

Кадр қайтсе, қадірлі болады?

Мұның сыртында 2025 жылғы 9 қа­зандағы отырысында Республикалық бюджет комиссиясы Парламент де­путаттары бастамашы болған «Кейбір заңнамалық актілерге ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басын қаржыландыруды тұжырым­дамалық түрде қолдады. Құжат вете­ринария саласындағы мамандардың еңбекақысын одан ары арттыруға ба­ғытталған. Жыл сайынғы еңбек дема­лысымен бірге сауықтыру жәрдемақысын төлеуді, ғылыми дәрежесі бар ветери­нарларға 17 АЕК (ғылым кандидаты) және 34 АЕК (ғылым докторы) мөлшерінде қосымша ақы белгілеуді, сондай-ақ қосымша ынталандырушы үстемеақыларды енгізуді көздейді. 

Еңбек министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенінде 63 мың адамға деген кадр қажеттілігі туындайды. Оның 88%-ы – жұ­мысшы және төмен білікті кадрларға тиесілі, жоғары білімі бар мамандардың үлесі  12%-ды (шамамен 7,6 мың адам) құрайды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы бағыттарында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жыл сайын артып келеді. 

«Ауыл шаруашылығы және био­ресурстар» бағытында 2025-2026 оқу жылына 3 018 грант (2024 жылы – 2 951), «Ветеринария» бағытында 1 451 грант (2024 жылы – 1 178) бөлінді. Ауыл жастарының аграрлық жоғары білімге қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық квота 30-дан 35%-ға дейін ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан 50 балға дейін төмендетілді. 

С.Жұманғариннің айтуынша, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттары бойынша мемлекеттік білім гранттары санын ұлғайту ұсынысы депутаттардың қатысуымен 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім тапсырысын бөлу жөніндегі республикалық комиссия отырысында қаралады. Мұның бәрі – ауыл баласының туған жерінде еңбек етуіне жол ашатын жеңілдіктер. Білім гранттарын көбейту  мәселенің бір жағы ғана, бастысы – сол жас маманның ауылға оралып, тұрақты жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылым мен тұрмыстық жағдайдың жасалуында. Қазіргі талап бойынша ауыл квотасымен оқығандар бітірген соң кемінде 3 жыл ауылда қызмет етіп, біліміне бюджеттің шығынын еңбегімен өтеуге тиіс.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев ауылдағы шаруалармен кездесулерде агросектордағы ең өзекті әрі күрделі мәселенің бірі ретінде олардың кадр тапшылығын атайтынын жеткізді. Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың же­тіспеушілігі бар.

– Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, ең­бекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіз­­­­­дігімен тікелей байланысты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің арасында жұмыс берушісі зейнетақы жарналарын аудармайтын азаматтар саны айтарлықтай көп. Ертең олар лайықты зейнетақысыз қалуы мүмкін. Бұл мәселелерді шешкен маңызды. Жұмыс берушілерден міндеттемелерін толық орындауын талап еткен, бақылау тетіктерін күшейткен жөн. Ауыл шаруашылығы саласына мамандар­ды тарту және оларды тұрақтандыру мақсатында кешенді әрі жүйелі өзгерістер енгізу қажет, – деді депутат.

Тұрақты өндіріс пен сапалы өнім – халықтың әл-ауқатын айқындайтын іргелі өлшемнің бірі. Жаһандық азық-түлік дағдарысы белең алған заманда елдің тамақпен өзін-өзі қамтамасыз етуі – тәуелсіздіктің басты тірегі. Ауыл шаруашылығындағы әрбір оң өзгеріс, әрбір қорғалған маман – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты­лығының кепілі.

Елдос СЕНБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 06:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары