Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

AMANAT : Сырдағы саябақ қайта түлейді

AMANAT : Сырдағы саябақ қайта түлейді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қызылорда қаласында соңғы жылдары құрылыс жұмыстарының қарқыны жоғары. Сәт сайын сәні мен салтанаты келіскен зәулім ғимараттар мен әлеуметтік маңызы зор нысандар сап түзеп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Аймаққа жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүргізіл жатқан  құрылыс нысандарының жұмысынан танысты. Оның ішінде халық қалаулылары облыс орталығында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағындағы жұмыстарды көзбен көрді. 

Негізінен Сырдың бас шаһарындағы басты нысанның іргесі 2007 жылы қаланған болатын. Саябақтың жалпы аумағы – 81.85 гектарды құрайды. Алғашында халықтың тынығуына арнап салынған саябақтан уақыт өте келе бірқатар кемшілік байқалады бастады. Соған орай 2024 жылы нысанды қайта  жаңғырту қажеттілігі туындады. Демалыс орнын қайта жаңғырту жобасын «Alem Quryly AQ» серіктестігі жүзеге асыруды қолға алды. 

Жалпы Президент саябағын абаттандыруға 14 млрд теңге бөлінген. Жобаға сәйкес мұнда 300 орындық балалар лагері мен ботаникалық бақ салу көзделген. Сонымен қатар аллеялар, субұрқақтар, амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары, workout аймақтары, фудкорт, велосипед және жүгіру жолақтары, сахна, сарқырама каналдары, баскетбол және футбол алаңдары бой көтеретін болады. Аталған аумақта іргесі қаланатын балалар лагеріне 6,02 гектар жер бөлініп, әкімшілік ғимарат, іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 тұрғын корпус, қонақ үй типіндегі шағын ғимарат салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, 5 дәстүрлі киіз үй, ашық бассейн, шағын футбол алаңдары және өзге де демалыс нысандарымен қоса, инвестор қаржысы есебінен 150 нөмірлі «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі және тоғыз қабатты 15 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сапар барысында Мәжіліс депутаттары мұны өңір тұрғындары үшін қауіпсіз, әрі заманауи демалыс орнын қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Фракция мүшесі Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, соңғы екі жылда өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынса, жүзге жуық нысан қайта жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ,жалпы құны 6 млрд теңгеге аумағы 2,41 гектар болатын ботаникалық бақ салынып жатыр. Бақта әлемнің түрлі аймақтарына тән өсімдіктер отырғызылмақ. Бұған қоса, қаладағы Астана шағын ауданынан Президент саябағына дейін Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

«Барлығын көзбен көріп, таныстық. Балалар лагерінің салынуы өте қатты қуантып отыр. Себебі өңірде жыл бойы жұмыс жасайтын тынығу лагері жоқ. Ботаникалық бақ та алдағы уақытта экологиялық аймақ тұрғындарының таза ауада тыныстап, денсаулығын нығайтуыға ықпал ететіні сөзсіз»,- деді Мархабат Жайымбетов. 

Келесі кезекте депутаттар «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты жаңа автовокзалға барып, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында іске қосылған «Эко такси» қызметінің жұмысымен танысты.

Мұрат Әбенов бұл жобаның маңыздылығына тоқталып, отандық «Апару» жүйесіне негізделген такси қызметін өзге өңірлерге де енгізу қажеттігін айтты. Оның сөзінше, бұл жүйе жүргізушілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етіп, табыстың ел ішінде қалуына мүмкіндік береді.

«Қазір біз Парламентте «Яндекс» такси қызметін көтеріп жатырмыз. Бұл бағытта көп сын айтылады. Бұл такси қызметі пайызын өте жоғары алады 25 пайызға дейін. Жүргізушілердің денсаулығын тексермейді, айлық жалақысын бермейді. Зейнетақы  жарнасын, әлеуметтік төлемдерін төлемейді. Сақтандырылмаған. Бақылау жоқ. Мұнан түскен қаржының барлығы шет елге кетіп жатыр. Бұл үлкен проблемма. Ал Қызылордада қолға алынып отырған такси қызметі «Апару» Қазақстандық жүйесіне қосылған екен. Әр жүргізуші бір рейс үшін 60 теңге төлейді. Қалған тапсырыстан түскен қаржы жүргізушіге түседі. Яғни үйлестіруші мекемелер арқылы жүргізушінің жалақысы, әлеуметтік төлемдері толық аударылады. Сонымен бірге әрбір жүргізуші күнделікті медициналық бақылаудан өтеді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Бұл қызметтің барлығын мемлекеттік органдар қадағалап отыр. Сондықтан бұл жобаны басқа өңірлерге де енгізіп, отандық жүйені қолдауымыз керек. Сонда түскен қаржы шет елге емес, еліміздің бюджетіне түсетін болады», - деді Мұрат Әбенов. 

Атап өтейік, «Эко такси» 2024 жылдың 30 қыркүйегінде қызметін бастады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 999 млн теңге қаржы бөлініп, «JAC EJ7» маркалы 100 дана электромобиль сатып алынған. Бүгінгі таңда «Эко такси» қызметіне тапсырысты жолаушылар «Жұлдыз такси», APARU және «Яндекс такси» қосымшалары арқылы беруге мүмкіндік алып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 23:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары