Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Су добының үздіктері

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Тізімді заңсыз жылжытқан : Отбасы банк қызметкерлерді жұмыстан шығарды

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Еділ Жаңбыршин жаңа заң жобасы жөнінде: Басты мақсат газды үнемдеу және қауіпсіз пайдалану

Еділ Жаңбыршин жаңа заң жобасы жөнінде: Басты мақсат газды үнемдеу және қауіпсіз пайдалану

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Заң жобасында газды есептеу мен мониторинг жүргізу үшін «ақылды» есептегіштерді енгізу, бюджет есебінен салынған газ инфрақұрылымын ұлттық оператор QazaqGaz-ға тегін өткізу тәртібі, жеке газ тарату компанияларының жұмысын реттеу және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қорғау шаралары қарастырылған. Осы өзекті тақырыпқа тереңірек тоқталу үшін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршинді әңгіме тарттық.

– Депутат мырза, жалпы көгілдір отын саласына қатысты заңнамаға түзетулер енгізу қандай қажеттілік туды? Қолданыстағы заңда бұл саланың қандай қырлары толық қамтылмаған?

– 2023 жылы Парламенттің VIII сайланымының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арзан газды өндірісте де, тұрмыста да бақылаусыз әрі ұқыпсыз пайдалануға жол беруге болмайтынын атап өтті. Бұл жағдай өткеннің еншісінде қалуға тиіс.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 2024 жылдың басында Парламент Мәжілісінің депутаттары газбен жабдықтау және газды ұтымды тұтыну мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған тиісті заң жобасына бастамашылық етті. Аталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және газды ұтымды тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында газды үнемді пайдалануға арналған тетіктер, газды есепке алуда цифрлық аспаптарды енгізу, бюджет есебінен салынған газ құбырларын беру рәсімін оңайлату, тауарлық газды жеткізу тізбегіндегі «өнімсіз» делдалдарды алып тастау, сондай-ақ газ саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған өзге де шаралар көзделген.

Өздеріңіз білесіздер, заңнама экономикалық, әлеуметтік және технологиялық процестердің қазіргі заманғы талаптарына сай болуға тиіс, сондықтан ескірген нормаларды жедел түрде жаңартуды қажет етеді.

– Еділ Терекбайұлы, заң жобасына депутаттар бастамашы болып, 2024 жылы Парламентте таныстырды. Мәжіліс бірінші оқылымға дейін бір жылдан аса уақыт бойы түзетулермен жұмыс істеді. Қандай да бір даулы мәселелер кездесті ме?

– Иә, сіз дұрыс айтасыз, заң жобасын депутаттар бастамашы болып, 2024 жылы Парламентте таныстырған болатын. Сол уақыттан бері біз 16 отырыс өткіздік, онда тауарлық газды үнемді тұтынуды ынталандыру, газды есепке алуда «ақылды» есептеу құрылғыларын орнату арқылы цифрлық есеп енгізу, жеке газ тарату ұйымдарын мемлекеттік реттеу, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылытуға сұйытылған мұнай газын сату тәртібін реттеу және басқа да түзетулер қарастырылды.

Заң жобасының ұзақ қаралуына себеп – депутаттар тарапынан сұйытылған мұнай газы нарығында газ құю бекеттерінің санын реттеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қосымша жаңа нормаларды енгізіліп, басқа да маңызды түзетулер ұсынылды. Заңнама талаптарына сәйкес, депутаттардың концептуалды ұсыныстары мен түзетулеріне Үкіметтің пікірі қажет. Ол уақыт алатын процесс. Сондықтан уақыт созылды. Жалпы жұмыс тобында даулы нормалар болған жоқ. Жұмыс барысында нақты әрі конструктивті талқылаулар өтті, олар өз шешімін жұмыс тобының отырыстарында тапты.

– Бұл құжатта жеке газ тарату ұйымдарының қызметіне мемлекеттік реттеу күшейіп, олардың жұмысына жаңа талаптар енгізілгені қызмет көрсету нарығына қалай әсер етеді?

– Қазіргі таңда елімізде шамамен 30 газ тарату ұйымы бар, олар тұтынушыларды газбен қамтамасыз етеді. Дегенмен соның ішінде кейбіреулері басқа газ жеткізуші компаниялардың желілеріне қосылған, нәтижесінде бір газ құбыры арқылы екі газ жеткізуші компания жұмыс істеп, соңғы тұтынушыларға «қос тариф» қолданылатын жағдайлар туындайды. Мұндай жағдайлар еліміздің кейбір аймақтарында кездеседі (Қостанай, Алматы облыстары, Астана және Алматы қалалары). Бұл тек соңғы тұтынушы, яғни халық үшін қиындықтар туғызады.

Ұсынылып отырған заң жобасында біз осындай компанияларға магистральдық газ құбырына міндетті қосылу талаптарын енгіздік. Бұл бір газ құбыры бойынша екі газ жеткізуші компанияның жұмыс істеуін тоқтатып, «қос тарифтің» қолданылуына жол бермейді.

Сонымен қатар қазіргі таңда бұл компаниялар халықты және басқа да тұтынушыларды газбен қамтамасыз ететінін, сондай-ақ жобаны әзірлеу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге уақыт қажет екенін ескере отырып, заң жобасында аталған жұмыстарды орындауды 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру нормасы көзделген.

– Түзетулерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бюджеттің қаражаты есебінен салынған тауарлық газбен жабдықтау нысандарын ұлттық оператор – «QazaqGaz» компаниясына тегін тапсыра ма?

– Әкімдіктер жыл сайын бюджеттік қаражат есебінен халықты газбен қамтамасыз ету мақсатымен газ құбырларын салады. Құрылыс аяқталғаннан кейін заңнама талаптарына сәйкес оларды тиісінше күтіп-ұстау қажет, себебі бұл тұрғындардың қауіпсіз газбен қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты әкімдіктен газбен жабдықтау нысандарын пайдаланушы ұйымдардың балансына өткізеді.

Алайда, тапсыру процедурасында бюрократия көп, бұл процесс ұзаққа созылады. Газ құбырын тапсыру үшін алдымен әкімдік оны Қаржы министрлігіне, одан кейін «Самұрық-Қазынаға», соңында QazaqGaz бен оның еншілес компанияларына беруге тиіс. Әр кезеңде бірнеше рәсімдерді орындау қажет, соның ішінде әкімдік шешімін шығару, квазимемлекеттік компаниялар арқылы акцияларды шығару, мүлікті бағалау және басқа да шаралар ескерілген. Бұл процесс үш жылдан астам уақыт алады.

Сондықтан осы процедураны жеңілдетіп, бюрократияны азайту үшін газбен жабдықтау нысандарын жергілікті атқарушы органдардан тікелей QazaqGaz компаниясына белгілі тәртіппен тапсыруды ұсындық.

Сол үшін Ұлттық экономика министрлігіне газбен жабдықтау нысандарын QazaqGaz-ға тегін беру ережелерін әзірлеу бойынша тиісті өкілеттіктер берілді.

Жалпы, бұл шара тапсыру мерзімін 1 жылға дейін қысқартуға, әкімдік балансында ұзақ уақыт бойы «қабылданбай тұрған» нысандар мәселесін шешуге және желілерді сапалы техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тауарлық газды үнемді тұтыну мәселесіне келетін болсақ, бұл бағытта қандай нақты шаралар қарастырылған? Ол тұтынушылардың қандай категорияларына қатысты болады? Күні ертең халық оны дұрыс қабылдай ма?

– Бұл өзгерістер бірінші кезекте халықтың игілігі үшін қолға алынып отыр. Газ ресурстарын үнемді пайдалану үшін заң жобасында бірнеше шара ұсынылған. Атап айтатын болсам, тауарлық газды тұтыну нормаларын енгізу. Қазіргі таңда тауарлық газды тұтынуды бақылау көрсетіп отырғандай, мысалы, жылы аймақтағы 200 шаршы метрлік үй мен қатаң климаттағы 200 шаршы метрлік үйді салыстырсақ, жылы аймақтағы үй газды көбірек тұтынады. Бұл газды үнемді пайдаланбауды көрсетеді. Сол себепті тұрмыстық тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары климаттық жағдайлар мен жылу беру маусымының ұзақтығын ескере отырып белгіленеді. Мұндай сараланған тәсіл электр энергетикасы және су беру салаларында қолданылып келеді.

Сонымен қатар «ақылды» газ есептегіш құрылғыларын орнату. Қазіргі таңда газ жеткізуші компаниялар шамамен 2,1 млн тұтынушының механикалық есептегішінің көрсеткіштерін үйлеріне барып немесе фотоға түсіртіп мессенджерлер арқылы алады. Заң жобасы механикалық есептегіштерді «ақылды» есептегіштерге ауыстыруды қарастырады, олар деректерді қашықтан жеткізу функциясымен жабдықталады. Бұл дәл әрі ашық есеп жүргізуге, адам факторының ықпалын болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ рұқсатсыз қосылымдар мен тұтыну аномалияларын нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді. Тұрғындардың қолданып отырған механикалық есептегіштері газ жеткізуші компаниялардың қаражаты есебінен ауыстырылады. Ал, жаңадан салынатын цифрлық есептегіштер тұрғындардың өзі есебінен болады.

– Осы құжатта тағы қандай өзгерістер бар?

– Оның бәрін бір сұхбатта қамтып шығу қиындау болар. Айталық, құқықтық және заңнаманы қолдану тұрғысынан нақтылау енгізу үшін «коммуналдық-тұрмыстық» және «өнеркәсіптік» тұтынушылардың ара-жігін ажыратуды ұсындық. Біз оларды газды есепке алу шегіне қарай бөлуді қарастырып отырмыз. Атап айтқанда, сағатына 65 м³ дейін тұтыну – коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы, 65 м³-тан артық болса, өндірістік тұтынушыға жатады. Бұл бұрынғы заң нормаларын түсіндірудегі әртүрлілік мәселесін жоюға бағытталған, ал халыққа арналған тарифтер мен тұтыну нормаларын бекіту тәртібі өзгермейді.

Сұйытылған мұнай газының елдегі тапшылығын ескеріп, газ құю станцияларының саны құзыретті мемлекеттік органдардың бекіткен әдістемесі арқылы есептеліп, әр өңірге нақты саны айқындалады және соған сәйкес газ құю станцияларын салу және оларға жер телімдерін беру жергілікті атқарушы органның келісімімен іске асады. Сонымен қатар еліміздегі 3000 мыңнан астам автогаз құю бекетінің 90 пайызының резервуарлары жер үстінде орналасқан. Дәл осындай станцияларда 2025 жылы Түркістан және Атырау облыстарында жарылыстар болып, азаматтарымыз қаза тапты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа автогаз құю станциялары үшін резервуарларды жер астына орналастыру міндеттеледі. Ал, жұмыс істеп тұрған станциялар үшін 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін оларды жер астына көшіру жөнінде өтпелі кезең белгіленді.

– Еділ Терекбайұлы, мазмұнды сұхбатыңыз үшін рахмет!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see113

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see112

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see112

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see112

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see111

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see111

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see110

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see110

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see110

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see109

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see107

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see107

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see106

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see106

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see106

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see105

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see105

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see105

Тізімді заңсыз жылжытқан : Отбасы банк қызметкерлерді жұмыстан шығарды

10 Тамыз 2026 15:08see103

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары