Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Егіс науқаны межелі мерзімде аяқталды

Егіс науқаны межелі мерзімде аяқталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сурет: primeminister.kz

Науқанның уақтылы жүргізілуіне Үкімет тарапынан қабылданған мемлекеттік кешен­ді қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқан­да, шаруаларды қажетті материалдық-техника­лық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс алқаптарының құрылымын әртарап­тан­дыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілердің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге басымдық берілді.

Қабылданған шаралар егіс жұмыстарының тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Биыл елдегі жалпы егіс алқабы 23,8 млн гек­тарды құрады, бұл өткен жылғы көрсет­кіш­тен 180 мың гектарға артық. Барлық аймақ­та жаппай егіс жұмыстары басталғанға дейін ылғалды сақтау, егіс алдындағы өңдеу, көктемгі жер жырту жұмысы жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келсек, дәнді дақылдар – 14,6 млн гектар, майлы да­қылдар – 4,2 млн гектар, мал азықтық дақыл­дары – 1,2 млн гектар, мақта – 166 мың гектар, көкөніс дақылдары – 120 мың гектар, картоп – 126 мың гектар, бақша дақылдары – 84 мың гектар, қант қызылшасы – 22 мың гектар көлемді алды.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашы­лығы еңбеккерлерінің форумында берген тап­сыр­­масына сәйкес, Үкімет тарапынан егіс нау­қандарын ерте қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл тетік егіншілерге қажетті қаржы ресурстарын алдын ала тартуға, тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техниканы ең тиімді бағамен уақтылы сатып алуға, сондай-ақ егіс жұмыстарын жүргізуге сапалы дайындалуға жол ашады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің маусымдық баға өсіміне тәуелділігі төмендейді. Егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде өткізу қамтамасыз етіліп жатыр.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім­дер қабылдау бұрынғыдан ерте – былтыр қазан айында басталды. Жалпы, биыл көктем­гі және күзгі дала жұмыстарын жылдық 5% жеңіл­дікпен қаржыландыру мақсатында 750 млрд теңге бөлу жоспарланған. Былтыр да осы көлемде қаржы бөлініп, 8,5 млн гектарға егін егілген. Осы желі негізінде 4,8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы сомасы 573 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл 6,8 млн гектардан астам алқапта егін егуге мүмкіндік берді.

Кепіл базасы жеткіліксіз фермерлерге қарыз сомасының 85%-ы мөлшерінде мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасының енгізілгені негізгі көмек болды. Былтыр осы құрал аясында 283 млрд теңге несие сомасына 1 633 кепілдік берілді. Биыл республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 16 млрд теңге қарас­тырылды. Науқан аясында 273 млрд теңге көлеміндегі несиеге 1 733 кепілдік берілді.

Енді қаражатты фермерлерге дейін жеткізуді Аграрлық несие корпорациясы, Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйым­дары, өңірлік инвестициялық орталық­тар, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар іске асырады.

Еліміздің негізгі астық егетін өңірлері дәстүрлі түрде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары болып қала береді. Азық-түлік қауіпсіздігі көбіне осы аймақтардағы егіс жұмыстарының нәтижелеріне байланысты. СҚО-да егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Егіс құрылымын әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар алқабы 2,9 млн гектарға дейін оңтайландырылды. Бұл ретте жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса назар аударылып отыр. Майлы дақылдар алқабы екінші жыл қатарынан 1 млн гектарға жеткізілді. Жемшөп дақылдары 405 мың, картоп 8,6 мың, көкөністер 1,4 мың гектар алқапты алды.

Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы техникасы паркі қарқынды түрде жаңартылып жатыр. Биыл бұл көрсеткішті 8,5%-ға дейін жеткізу жоспарланған. 90 млрд теңгеге 3,5 мың техника сатып алу қарастырылған, оның ішінде 29,9 млрд теңгеге бүгінде 770 данасы сатып алынды.

Ақмола облысында жалпы егіс алқабы 5,6 млн гектарды құрады. Әртараптандыру аясында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар­дың алаңы 184,6 мың гектарға, яғни 4,5 млн гектарға дейін қысқартылды. Соның есебінен анағұрлым сұранысқа ие бағыттар кеңейтілді. Майлы дақылдар егісі 220 мың гектарға ұлғайтылып, көлемі 715 мың гектарға жетті. Ал мал азықтық дақылдар 34,1 мың гектарға артып, 370,7 мың гектарды құрады. Картоп пен көкөніс тиісінше 8,6 мың гектар және 1,5 мың гектар аумаққа орналастырылды.

Егістік жұмыстармен қатар өңір жоғары логистикалық әрі индустриялық әлеуетін де көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстың астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа 1,9 млн тонна астық жөнелтілді.

Аршалы ауданында жылына 3 млн тоннаға дейін шикізатты өңдейтін ірі астықты терең өңдеу зауытын салу – өңдеу саласын дамы­тудағы маңызды қадам болмақ. Кәсіпорын­да натрий глутаматы, лизин және басқа да өнімдер өндіру жоспарланған. Жоба «Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd.» компания­сымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жүзеге асыру кезеңі 2026–2028 жылдарға жоспарланған, инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайды. Жоба алғашқы кезеңде 1 мыңға дейін, толық қуатқа шыққанда 3 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы техникасы белсенді жаңарып жатыр. Биыл жаңарту деңгейін 8,5%-ға дейін жеткізу жос­пар­­ланып отыр. Қаңтар-мамыр айларын­да өңір шаруалары жалпы құны 38,4 млрд тең­гені құрайтын 789 бірлік техника сатып алды.

Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны­ның жалпы көлемі 5,2 млн гектар деңгейінде жос­пар­ланды. Әртараптандыру аясында би­дай үлесін қысқарту есебінен майлы дақыл­дар­дың алқабы 887 мың гектарға, дәнді-бұр­шақ­ты дақылдар 212,3 мың гектарға, картоп 7,5 мың гектарға, біржылдық шөптер 107 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Науқанды жүргізу үшін 1-3 сыныптағы кондициялық тұқымдардың 514,2 мың тоннасы пайдаланылды. Сондай-ақ литрі 281 теңгеден аспайтын жеңілдетілген дизель отынының 73,3 мың тоннасы бөлінді.

Қостанай астықтан ұн өңдеуде республи­кадағы көшбасшы орнын сақтап келеді. Облыс­тың үлесіне еліміздегі ұн өндірісінің 30%-ы тиесілі. Өңірде жылдық қуаттылығы 2 млн тоннаға дейін жететін 35 диірмен кеше­ні жұмыс істейді. 2024–2025 жылдары ас­тық өң­деу саласында жалпы құны 9,3 млрд тең­гені құ­райтын 4 инвестициялық жоба іске қосыл­ды. Ал 2027–2028 жылдары жылы­на 415 мың тонна бидайды терең өңдеу қуаты бар «Qostanai Grain Industry» зауыты мен «Tobol center kz» кешенінің құрылысы жоспарланған.

Президент тапсырмаларына сәйкес, биылғы егін егу науқанында жоғары табысты әрі стратегиялық маңызы бар дақылдарға басымдық берілді. Нәтижесінде, майлы дақылдардың егіс алқабы 74 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 4 млн гектардан асады. Ал мал азықтық дақылдарға 3,3 млн гектардан астам жер бөлініп, олардың алқабы 237 мың гектарға кеңейтілді.

Сонымен қатар бидай егістігі алқаптарын кезең-кезеңімен оңтайландыру жұмысы жүйелі жүргізілді. Нәтижесінде, бидай егісінің көлемі 12,1 млн гектарға дейін қысқартылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 125 мың гектарға азайды.

Үкімет республикадағы оңтүстік өңірлерге ерекше назар аударып жатыр. Мұнда ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптары жүйелі түрде оңтайландырылды. Су пайдаланудың нақты теңгерімі негізге алынып, егіс құрылымы су ресурстарын пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкестікте бекітілді.

Республикада күріштің егіс алқабы 20,2 мың гектарға қысқартылды. Мақта шаруашы­лығында су үнемдеу бағытына арналған технологиялық өзгеріс жүзеге асырылды. Атап айтқанда, дәстүрлі суару әдістерін 12 мың гектарға қысқарту есебінен, тамшылатып суару технологиясы енгізілген мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғайтылды.

Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттарын ескере отырып, көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отынын бөлді.

Үкімет фермерлерге жанар-жағармай материалдарының құнын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Операторлық шығындарды қоса есептегенде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 281 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл елдегі жанармай құю стансаларындағы орташа бөлшек бағадан 15%-ға төмен. Қазір бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы – литріне 330 теңге.

Бекітілген жеткізу кестесіне сәйкес, жалпы көлемі 402,3 мың тоннаны құрайтын жос­пар аясында аграршылар 324,8 мың тонна дизель отынына келісімшарт жасап, төлем жүргізген. Бұл – жалпы жоспардың 81%-ы. Іс жүзінде өңірлерге 300,9 мың тонна немесе жеңілдетілген отынның жалпы көлемінің 75%-ы жеткізілді.

Жоғары өнімділікке машина-трактор паркінің техникалық дайындығы себеп болды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қарамағында 133,9 мың трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш, 188,5 мың топырақ өңдеу құралы болды. Егістік алқаптарында 70 мамандан­дырылған орталық сервистік қызмет көрсетті.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өткен кезеңде егіншілер шамамен 25 мың бірлік заманауи техника сатып алып, техникалық парктің  жыл сайын жаңару деңгейін 6,5%-ға жет­кізді. Алдағы егіс науқаны қарсаңында Мем­лекет басшысы Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігіне техника паркін жаңғырту қар­қынын жеделдету міндетін жүктеді. Осы мақ­са­тта Үкімет отандық машина жасау сала­сын дамытуға бағытталған өзара байланысты қол­дау бағдарламаларының кешенін іске қосты.

Солардың бірі – жоғары сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы қаржыландыру бағдарламасы. Мем­лекет басшысының тапсырмаларына сәй­кес, бағдарламаны қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайтылды. Егер өткен кезеңде отан­дық өндірістегі техниканы лизингке алуға бюд­жеттен 250 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл мақ­сатқа кемінде 300 млрд теңге бағыттау жоспар­ланып отыр.

Қабылданған шаралар аграршыларды егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары өнімді техникамен қамтамасыз етіп қана қоймай, сабақтас өнеркәсіп салаларының дамуына да қосымша серпін беруіне жол ашты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары