Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Егіс науқаны ерекше бақылауда

Егіс науқаны ерекше бақылауда

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурс­тары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, астық егетін негізгі облыс­тардың басшылары баяндама жасады.

Премьер-министр биыл 10 ақ­панда Үкіметтің кеңей­тілген отырысында Президент берген тапсырмалар аясында аграрлық маусымды сапалы өткізуге барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру көлемін былтырғыдай 1 трлн теңге деңгейінде қалдырдық. Оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қаралған. Мемле­кет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатары­нан қомақты қаражат бөлініп жатыр. Фермерлер үшін жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделіп отыр», деді О.Бектенов.

Отырыста Ауыл шаруашы­лы­ғы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарына дайын­дық барысы туралы баяндап, биылға арналған егіс алқап­тарының құрылымы әртарап­тандыру қағидаты негізінде қайта қаралғанын жеткізді. Оның ай­туынша, биыл жалпы егістік көлемі 23,8 млн гектарға жуық­тап, жоғары сұранысқа ие майлы, азық­тық және жүгері дақыл­дары­ның үлесі ұлғаяды, ал бидай алқаптары қысқартылады. Егін науқанын уақтылы жүргізу үшін жеңіл­детілген несиелеуге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланды. Шаруалар сапалы тұқым, тыңайт­қыш, жанар-жағармай және техникамен қамтамасыз етіліп жатыр. Сонымен қатар ми­нистрлік су үнемдеу технологиясын ен­гізу, техниканы толықтай әзір ету, тұқым сапасын бақылауды кү­шейту арқылы аграрлық маусымды тиімді өткізуге басымдық беріп отырғанын атап өтті.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көктемгі егіс нау­қанына жанар-жағармаймен қам­тамасыз ету шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айт­ты. Оның сөзінше, ақпан-мау­сым аралығына арналған кестеге сай 402 мың тонна дизель отыны бөлініп, оның бағасы нарық­тағы деңгейден едәуір төмен белгі­ленген. Отын жеткізу үдері­сінің ашықтығын арттыру мақса­тында арнайы бояу, жеке ПИН-кодтар мен электрондық шот-фактура жүйесіндегі виртуалды қойма тетігі енгізілген. Министр кейінгі жыл­д­ары аграршыларға жыл са­йын жүздеген мың тонна дизель бөлініп келе жатқанын, жет­кізу жұмыстары ведомствоның тұрақ­ты бақылауында екенін жеткізді.

Алдағы вегетациялық кезеңге дайындық жөніндегі кешенді жоспарды Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов таныстырды. Оның сөзінше, оңтүстік өңірлерде су тапшылығы тәуекелдері әлі де сақталып отыр. Гидрологиялық модель есептеулеріне сәйкес Арал-Сырдария және Шу-Талас бассейндерінде су көлемі көп­жылдық нормадан төмен болуы мүмкін. Осыған байланыс­ты су алу лимитін қатаң сақ­тау, ылғалсүйгіш дақыл­дар­дың егіс алқаптарын шектеу ұсыныл­ды. Министрлік суару инфрақұ­ры­лымын жаңғырту, каналдарды тазалау, жаңа суқоймаларын салу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын арттыруды бастады. Фермерлермен су беру шарттары толық цифрлық форматқа көшіп жатыр. Сонымен қатар судың «қара нарығын» жою мен су ресурстарын тиімді бас­қару мақсатында бақылау мен инспекциялық іс-шаралардың күшейтілетіні айтылды.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Үкімет отырысында бірқатар өңір әкімдері көктемгі дала жұ­мы­сына дайындық бары­сы жөнінде есеп берді. Түркістан облы­сының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде егіс көлемі 919 мың гектарға дейін ұлғайып, мақ­та, жүгері мен майлы дақылдар алқаптары кеңейтіліп жатқанын айтты. Су үнемдеу технологиясы қосымша 50 мың гектарға енгізі­ліп, көктемгі науқан мерзімінде басталған. Қызылорда облысы­ның әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тапшылығына байланысты күріш алқаптары қысқартылып, оның орнына жүгері мен өзге де суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық берілгенін жеткізді. Жамбыл облысында егіс көлемі 623,3 мың гектар деңгейінде жос­парланып, 10 мыңнан астам техника дайындалған. Ал жүгері­­ні терең өңдеу бағытындағы ірі жобалар іске асырылып жатыр. Пав­ло­дар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде егіс алқабы 1,7 млн гектарға дейін ұлға­­йып, тұқым қоры мен техника паркі толық дайын екенін, қайта өңдеу саласында жаңа инвестиция­лық жобалар қолға алынғанын атап өтті. Ал Қостанай облысында 5,1 млн гектарға егін егу жоспарланып, жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету, техника жаңарту мен қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы айтқанда, өңір басшылары егіс құрылымын әртараптан­дыру, су ресурстарын үнемдеу және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану арқылы көктемгі науқанды уақтылы өткізу басты назарда екенін айтты.

Отырыс қорытындысында Премьер-министр Энергетика министрлігіне көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігін айтты. Ведомствоға сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыс әкімдіктерімен бірле­сіп, арзандатылған отынның тиіс­ті көлемде жеткізілуін қатаң бақы­лауға алу тапсырылды. Әкімдіктер бір апта ішінде өңірлік операторлар туралы толық әрі өзекті мәлі­мет­терді ұсынуы қажет. Бөлін­ген жанар-жағармайдың талан-таражға түсуіне жол берген тұлға­ларға қатысты құқық қорғау органдары барынша қатаң шаралар қабылдауы керек.

Мемлекеттік қолдаудың тиімді­лі­гіне де ерекше назар аударыл­ды. Бұл ретте қолдау жауап­кер­шілі­гі жоғары әрі жұмысы­на адал ди­қандарға ғана көрсеті­луге тиіс. Егіс алқаптарын әртарап­тандыру жұмысы биыл да жалғаса­ды. Көбірек табыс әкелетін, әсіресе экспортқа шығатын, нарықта жоғары сұранысқа ие дақылдар­дың егіс алқаптарын кеңейтуге басымдық беріледі.

Егін егу кезінде агротехнология талаптарын қатаң сақтап, тыңайтқыштарды уақтылы себу және өсімдіктерді зиянкестерден қорғау құралдарын қолдану қажеттігі атап өтілді. Бұл шаралар болашақ егіннің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болмақ.

Биыл тыңайтқыштарды себу жоспары ғылыми негізі бар норма­ның 73%-ынан астамын немесе 2,3 млн тоннаны құрайды. Ауыл ша­руашылығы және Өнеркәсіп ми­нистрліктері егіншілерді қажет­ті көлемде сапалы әрі қол­же­тімді ты­ңайтқыштармен қамтама­сыз етуі қажет. Бұл ретте өзіміз­дің отан­дық өндірістің тыңайтқыш­тары­на басымдық беру көзделіп отыр.

Тағы бір өзекті мәселе – ауыл ша­руашылығы техникасының әзір­лігі. Ол қазір шамамен 80%-ды құ­райды. Жаппай егіс жұмысы бас­тал­ғанша бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу – негізгі міндет.

Сонымен қатар әкімдіктер­ге цифрлық технологияларды кеңінен пайдаланып, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына тұрақты бақылау жүргізу, шаруаларды құрғақшылыққа төзімді технологияларға көшуге ынталандыру бойынша түсіндіру жұмысын күшейту жүктелді.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға несие алу үдерісін цифрландыру, арзандатылған отынның жет­кізілуін бақылау, вегетациялық кезеңде егінге қажетті сумен қам­тамасыз ету, ауа райының өзге­руіне жедел бейімделу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімінің көлемін ұлғайту бойынша индикаторларды орындауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі мен өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарының уақтылы жүргізілуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын», деді О.Бектенов.

Ал жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді. 

Соңғы жаңалықтар

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

Туризм • Бүгін, 08:25

«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»

Сұхбат • Бүгін, 08:20

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Қоныс аударушыларды қолдайды

Қоғам • Бүгін, 08:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Жадымызды жаңғыртқан сайыстар

Мирас • Бүгін, 08:05

Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер

Саясат • Бүгін, 08:02

Ілиястың Қызылордадағы іздері

Көрме • Бүгін, 08:00

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Елорда • Бүгін, 02:45

Ғылым қалашығында қоныс той

Қоғам • Кеше

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Аймақтар • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see132

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see123

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see119

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see118

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see118

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see117

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see117

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see117

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see117

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see116

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see115

130 мыңға тарта әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері Құрылтай сайлауына қатысты

23 Тамыз 2026 10:15see115

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see114

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see114

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see114

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see113

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see113

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see113

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары