Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

Халық үніне құлақ асу басты міндет

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрады

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Қазақстан Түркияға астық пен сиыр еті экспортын ұлғайтуға дайын

Б​атыс Қазақстан облысында​ су қоймасы 58 жыл жөнделмеген

Екі жарым мың шақырым жолды атпен жүріп өту ерлік пе, еріккендік пе

Екі жарым мың шақырым жолды атпен жүріп өту ерлік пе, еріккендік пе

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Олар Қорғас шекара бекеті арқылы өтіп, бір айға жуық уақытта Алматыға жеткен еді. Бүгінгі таңда олар Қарағанды облысының аумағында келе жатыр. Сапардың жалпы аралығы 2 500 шақырымынан асады.

Атажұртқа атпен сапар шеккен қандастар жайлы хабарды естіген жолдағы жұрт алдынан шығып күтіп алып, дастархан жайып, ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр. Ауыл тұрғындары «Қыз Жібек пен Төлеген қай жерге жетті?» деп делебесі қозып, ілесе шапқысы келіп, елеңдеп отыр. Жолаушы жұбайларға кездесе алмаған жұрт әлеуметтік желіде тілегін жаудырып, ақ жол тіледі.

Желідегі пікірлердің басым бөлігінде атты жұпқа жақсы баға берілген, дегенмен ішінара бұл сапарды «еріккеннің ермегіне» балағандар да кезігіп қалып жатыр.

Фото: Kazinform

«Құдайы қонақ» ұғымын тірілткен сапар

Шынында, осындай алыс жолды бүгінгі таңда атпен жүріп өту — ерлік пе, есерлік пе? Қазақ елі неге сонша атты жұбайларды тайлы-тұяғы қалмай ерекше ықыласпен қарсы алып жатыр? Бұған дейін Алтай, Тарбағатайдан шығып, Астанаға жаяулап не велосипедпен жеткен қандастарымыз болды. Бірақ оларға жұрт дәл осылай дүрлікпеген еді.

Жылқы — қазақтың жаны. Қазақ халқының айрықша қадір тұтатын серігіне айналған, қасиеті қанына сіңген жануар екенін білеміз. Қазақ ат десе, ішкен асын жерге қояды. Жылқының дүбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы, сірә, жоқ.

Жер бетінде жаратылысынан «табаны жер иіскемеген» бір бекзат халық болса, сол қазақ болуы керек. Осы ат-көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады, алып аумаққа иелік етті.

Сол кешегі бабалар жүріп өткен жолмен ұлттық киім киіп, атпен жолға шыққан жұбайлар кешегі көшпенді батыр бабаларымызды көз алдымызға әкелгендей, тегіміздің тереңінде, қанымыздың түбінде тұнып жатқан көшпенділерге ғана, қазақ халқына ғана тән рухымызды оятқандай.

Халқымызда «Жеті өзеннен өтіп, жеті белді асып құда бол» деген сөз бар. Туыстар бір-бірін осылай атпен қыдырады: жиені нағашы жұртына, күйеуі қайын жұртына, қызы төркініне дегендей. Алыстан келе жатқан жолаушылардың алдынан жұрт айран, шалап, қымыз алып шығып, шөлін қандыратын, «құдайы қонақ» деп қойын сойып, төрінде күтетін.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Жолаушы жұбайларды күтіп алып жатқан жұрт халқымыздың сол қонақжай қасиеті өлмегенін көрсетті. Әлеуметтік желідегі жұрт «құдайы қонақты күту осылай болатынын» жазып жатыр. Солардың бір парасы былай жазылған:

— «Бүкіл қазақтың қанын қыздырып, рухын оятқандай болды», «Ат үсті — әулие» дейді қазақ, сан жылдар өтсе де, қазақты аттан, атты қазақтан айырып, алдындағы асынан, астындағы атынан айырса да қазақтың рухы өлген жоқ, өлмейді де»;

— «Жас жұбайлардың қазақ еліне деген саяхаты керемет. Айтып жүрерлік, есте қалатын тірлік болды», «Тарихта қалатын тарихи оқиға болды. Қазақтың жүрек жұтқан батыр ұлы мен қызы, керемет, бақытты болыңдар!»;

— «Қазақ деген қандай текті халық еді, ботам тұрмақ, атам танымайтын жанды да құшақ жая қарсы алып алатын кең пейіліңнен айналдым! „Құдайы қонақты“ күту деген осылай болады».

Қариялар неге жылады, ел көңілі неге толқыды?

Кешегі Қыз Жібек пен Төлегендей жұптары жарасып, алыстан атпен келе жатқан жас жұбайларды күтіп алып, тізгінін ұстаған қариялардың көз жасына ерік беріп, егіліп жылағанына да көпшілік куә болды. Қариялар неге жылады?

Мүмкін, қазақтың астындағы атын тартып алып, жігерін жасытып, рухын өлтірген кешегі кер заманның кесірін еске алған болар; мүмкін ат үстінде жүрген жастық шағы еске түскен болар; мүмкін ұлан-ғайыр даланы атпен аралап келе жатқан жастардың ерлігіне сүйсінген болар.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желідегі жұрт та осы қариялардай толқығанын, көздеріне жас алғанын жазып жатыр:

— «Нағыз қазақтың байырғы өмірін сағынған қария, жас кезінде сол тұрмысты өзі де көрген, мына жұбайларды көріп сол қазақы қалыпты көріп, содан егіліп тұр, қайран қасиетті қария»;

— «Көненің көзі, тарихтың куәгері. Дария кеуде, тау мүсін, қарттар аман-сау жүрсін»;

— «Қазақты аттан түсіріп, рухын алып қойды. Атқа мінген адам ержүрек, рухты болады. Балаларымызды үйге қамамай, атқа мінгізіп үйретуіміз керек, мектеп бағдарламасына енсе, тіпті жақсы болар еді»;

— «Бұл жерде терең ұлттық ар-намыс, батырлыққа деген шексіз құрмет, ұрпаққа деген үміт ақсақалды егілтіп тұр. Аман болыңыз, ақсақал! Міне, ақсақал! Қарта ойнап, арақ ішіп, қыздарға көз салып жүрген шалсымақтар көрсін»;

— «Қазақша киініп, бұрын өткен жастық шағымызды еске түсірдіңдер, Алла сендерге ұзақ өмір берсін. Міне, анық қазақ жігіті мен қызы. Оранған қыздар, қай жерден бұрынғы қазақ қыздарының оранғанын көріп тұрсыңдар? Бүгінгі оранып алатын қыздар осыны көрсін, үлгі алсын!»;

— «Жаным атам, қазағымның басына түскен талай сойқан есіне түсіп, бір жағынан қазақтың рухы кеудесіне сыймай жас болып шығып жатыр-ау…»;

— «Мен де тура атамдай көңілім босап кетті-ау, қазағым деп көз жасын төктіңіз-ау. Әр қазағымыз осындай бауырмал болса ғой, шіркін»;

— «Көзіме жас тоқтамай, жылап көріп отырмын. Аман-есен болыңыздар!» — деп жазды әлеуметтік желідегілер.

Еріккеннің ермегі ме?

Бір қарап отырып, бүгінгі дамыған XXI ғасырда бейбіт заманда алыс жолды атпен жүріп, арып-тозып уақыт өлтірудің не керегі бар деп ойлайсың. Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың бұл сапарын «мағынасыз бос жүріс» деп бағалайтындар да бар.

— «Атқа мініп шапқылап, той-думан жасай бергенше қазақтың балаларын білімге баулып, білімді насихаттап, қазақтың болашағын ойлау керек қой. Бізді өркендететін тек ғылым-білім»; «Осыдан 100 жыл бұрынғы жабайы тірлікті өтірік аңсағанды қойған дұрыс-ау. Атқа мінем, атпен жүрем, өгіз арбамен жүрем деген қазаққа әрқашан жол ашық. Ешкім тосқауыл қойып отырған жоқ. Әр заманның өзінің тағдыр-талабы, қалыптасқан әдет-ғұрпы болса керек!» деген пікірлер де жазылып жатыр.

Әлемде әр адамның жан қалауы әртүрлі болары сөзсіз. Кейде адамның ақылына сыймайтын өмірді, өзгеше әлемді аңсайтын ерекше құштарлықтар болады. Альпинистер қар бораған шыңда ажал күтіп тұрғанын білсе де өрмелеуден қорықпайды, теңізшілер ажал үйірген ақжал толқындардың барын біле тұра теңізге шығады. Сол құштарлықтан өзінің жан қалауын табады.

Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік альпинист Наталья Наговицына Қырғызстандағы Хан-Тәңірі шыңында қаза тапты. Натальяның күйеуі Сергей Наговицын 2021 жылдың жазында осы шыңда қаза болған. Бұл ерлік пе, есерлік пе? Бұл оқиғаны ақтағандар да, даттағандар да жетерлік.

Альпинист Анатолий Букреевтің: «Мен үшін таулар — айқас аренасы емес, ғибадатхана. Ол жерде адам өзі-өзімен және Құдаймен оңаша қалады» деген сөзі бар. Сол секілді бүкіл тірлікті жиып тастап, кең далада ешбір алаңсыз атпен саяхаттаған да бір керемет шығар.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

«Жарты жармақ дәметпейміз ешкімнен, ел көрейік, жер көрейік деп келдік»

Алтай мен Арқаның арасын атпен жалғаған ерлі-зайыпты Қуанбек пен Жайна — Қытайдың Тарбағатай өңірінің тумасы. Олар 12 жыл бұрын отбасын құрған, екі ұлы бар. Қуанбек мал шаруашылығымен және ат баптаумен айналысады, ал Жайна косметика саласында бизнес жүргізеді.

Қос саяхатшы бабалардың ат үстіндегі өмір салтын бүгінгі күнмен сабақтастыруды мұрат еткен. Олардың айтуынша, бұл жоба — тек спорттық немесе мәдени сапар ғана емес, екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталған символикалық шара.

— Біздің басты мақсатымыз — ел көріп, жер көріп, саяхаттау арқылы ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, ат жалында өскен қазақтың мықтылығын, көшпенділердің сән-салтанатын паш ету. Ұлан-байтақ даланы ат тұяғымен дүбірлеткен батыр бабаларымыздың рухын сезініп, бүгінгі жастарға төзімділік пен ерліктің үлгісін көрсеткіміз келеді. Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға аз да болса үлесімізді қосуды мақсат тұттық. Кеше алыстағы ағайын бір-бірін көруге зар болған, туыстарына бара алмаған күндер өтті. Бүгін барыс-келіс жақсарды, осы бейбіт заман үшін алғыс айтамыз, — дейді жолаушы жұбайлар.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Атты саяхатшылар бұл сапарға ешкім демеушілік жасамағанын және ақша табуды мүлде мақсат етпегенін айтады.

— Демеуші болуға ұсыныс жасаған компаниялар болды. Біз олардан бас тарттық. Себебі ойға алған шынайы ниетімізді, арманымызды ақшаға байлап, сапардың мазмұнын өзгерткіміз келмеді. Олардың жарнамасын жасап, әуелгі мақсатымыздан айнығымыз келмеді. Ат жалында өскен қазақпыз, ат баптап жарыстарға қатысып тұрамыз. Жазда Қытайда әлемнің жеті мемлекетінің аттары қатысқан 500 шақырымдық үлкен марафон өтті. Осы додада мен мінген «Баққоңыр» атты тұлпарым І орын иеленсе, Жайна тізгіндеген тұлпар 80 аттың ішінен VI орыннан көрінді. Бірінші орынға 200 мың юань (15 миллион теңге шамасында), алтыншы орын алған атымызға 17 мың юань (1 275 000 теңге) және 8 мың юань (600 000 теңге) қосымша қаражат берілді. Осы еңбегімізбен тапқан қаражатты өзіміздің қиялымыздағы, арманымыздағы іске жұмсағымыз келді. Қазақ елінен ат сатып алу, жол шығынын барлығын өзіміз көтеріп келеміз. Әлеуметтік желілерде де ақша алу функциясын қоспадық және халыққа «біздің атымыздан ақша жиналмасын, алаяқтарға алданып қалмаңыздар» деп ескертіп келеміз. Қайталап айтқым келеді, біз ешкімнен дүние дәметпейміз. Қайрат Құлмұхаммед ақынның сөзімен айтсам: «Жарты жармақ дәметпейміз ешкімнен, ел көрейік, жер көрейік деп келдік». Тек алыстағы ағайынның ыстық ықыласын, ақ сәлемін алып келеміз. Мүмкін болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына кездескіміз келеді, сол жақтағы қандастардың ақ пейілі, ақ сәлемі ретінде қазақтың жолы бойынша астымыздағы ақбоз атымызды ол кісіге сыйлағымыз келеді, — дейді Қуанбек Түсіпханұлы.

Алыс сапарды атпен бағындырып келе жатқан жұбайлар жолдың азабын елдің ықыласы ұмыттырып жібергенін айтады.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

— Сапарға шығарда «ол жақтағы қазақтар бұрынғы салт-дәстүрді ұмытқан, мына жүрістеріңді түсінбейді» деген секілді әртүрлі әңгімелер естідік. Бәрі керісінше болды. Шекарадан өткелі жолдағы елдің ыстық ықыласы, пейілі, мейірі бізге тілекші болып, барын беріп, жоғымызды толықтап, жүгіріп жүрген ізгі ниеті бізді ерекше тебірентті. Тіпті орыс, түрік секілді өзге ұлт өкілдері де бізді естіп, алыстан іздеп келіп, азық-түлік беріп, көмектесіп жатыр. Жол бойы тілеулес болып, қолдау көрсеткен барша ағайынға алғысымыз шексіз. Бұл — бір отбасының емес, тұтас ұлтымыздың сапары болғандай әсер қалдырып жатыр. Сапардан алған әсеріміз өте керемет: әсем табиғат, қонақжай ел, жолдағы көрікті жерлерді көріп, білгенімізді түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап келеміз. Артта қалған алыстағы ағайын да хабарласып, елдің ықыласына риза болып сәлем жолдап жатыр, — дейді жұбайлар.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бейбіт заманның батырлары 

Біз ұзақ сапарды атпен жүріп келе жатқан жастар туралы және бүгінгі қазақ жылқыларының шыдамдылығы жөнінде ойын білу үшін белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, публицист, «Құлагер» ескерткішінің авторы Сәдібек Түгелге хабарласқан едік.

Фото: Kazinform

— Мен бұл жастарды бүгінгі бейбіт заманның батырлары деп айтамын. Соншама алыс жерді атпен жүріп өту оңай жұмыс емес. Әсіресе қарындасымыз нағыз қазақ қызының қайсарлығын көрсетті. Қазақ еліне сәлем беріп, елді, жерді көрсем деп келе жатқаны — ерекше құптарлық, қуанышты жағдай, бүгінгі жастарға үлгі болатын іс. Бұл жұбайларға үлкен рахмет айтамын.

Мен ең бірінші «қазанат» деген сөзді әкемнен естіген едім. Сонда айтатын: «Мынау ұлан-ғайыр даланы біздің бабаларымыз арқалы қазанаттардың күшімен қорғады. Біз қазанаттарға қарыздармыз» дейтін. Сондықтан да халқымыз «ат — ердің қанаты, қазақтың жаны» дейді. Міне, сол ат үсті мәдениетімізді дәріптеуде осыдан артық қандай еңбек керек? Елдің рухын оятып, дәстүрімізді жаңғыртып жатыр. Бұл сапарды нағыз ерлік деймін. Елімізде бұрын ат үстіндегі марафондар көп өтетін. Жастардың бұл ұзақ марафоны еліміздің ат спортына, алыс-жақын жарыстардың өтуіне қозғаушы болады деп ойлаймын, — дейді Сәдібек Түгел.

Жазушы сонымен бірге жұбайлар мініп келе жатқан аттардың нағыз қазанат тұқымы екенін атап өтті.

— «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек» демекші, жігіттің астындағы тұлпары сенімді болғанда ғана осындай ұзақ жолға шыға алады. Бұл жылқылар сол қазанаттардың тұқымы. Әлемде жылқының 300-ден астам тұқымы бар, солардың ішінде ең мықтысы — біздің қазанат. Әлемде жылқыны тұңғыш қолға үйреткен — біздің бабаларымыз екені де даусыз. «Шеге тағаны ұстайды, таға атты ұстайды, ат ерді ұстайды, ер елді ұстайды» дегендей, жылқы халқымыздың сенімді серігі болды. Әкем марқұм айтатын: «Бұрынғы нағыз жігіттер екі жағдайда ғана көзіне жас алған, басқа уақытта етінен ет кесіп алсаң да жыламайтын. Бірінші — тұтқиылдан жау шауып, қарындасын барымталап кеткенде, екінші — қанатына айналған, серігіне айналған астындағы тұлпарына оқ тигенде көзіне жас алған», — дейтін еді. Бұл қазақ пен жылқының қаны бір, жаны бір екенін көрсеткендей. Жастар мініп келе жатқан аттары сүрінбей, діттеген жеріне аман жетсін. Халыққа серпін беріп, ішкі жан дүниесін қозғап, рухын оятатын осындай тың идеялар керек. Бұл, бір жағынан, еліміздің ұлттық дәстүрі мен ат үсті мәдениетіне байланысты туризм саласын дамытуға жол ашады. Қазақтың көрікті жерін атпен саяхаттау — ерекше идея болар еді, — дейді Сәдібек Түгел.

Жолаушылар шекара талаптарына сай Қорғасқа дейін мініп келген аттарын сол жерде қалдырып, бергі беттен екі ат сатып алған болатын. Алыс жолға шығатын тұлпарларды қалай таңдап алғаны туралы саяхатшы Қуанбек Түсіпханұлы айтып берді.

Фото:Кейіпкердің жеке мұрағатынан

— Бұл аттарды алдын ала келіп, өзім таңдап алғанмын. Мүмкіндігінше аттардың көп мінілген, көнбістігіне қарадым. Күнделікті жем-шөбін өзім реттеп беріп, демалысын, мінез-құлқын қадағалап келемін. Қазір күніне 50 шақырым мөлшерінде жүреміз, кейде діттеген жерімізге қарай ұзарып кететін күндер болады. Аттар сенімімізден шықты, қазақ жылқысының мықты екенін дәлелдеп келеді. Жақсы жүрісімен, шыдамдылығымен біздің сенімді серігіміз, қанатымыз болып келеді, — деді ол.

Бұл Қуанбек пен Жайнаның бірінші алыс сапары емес. Қол ұстасқан қос ғашық 2021 жылы Шыңжаңнан жолға шығып, 4 000 шақырымдай жолды атпен жүріп өтіп, Бейжіңге барған екен.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі атбагелір жастардың жылқыдан алыстап бара жатқанын айтып дабыл қаққан еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see148

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see121

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see118

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see118

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see115

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see113

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see113

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see113

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

15 Қазан 2025 12:44see112

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see112

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see111

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

15 Қазан 2025 13:28see111

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

15 Қазан 2025 11:15see110

Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрады

15 Қазан 2025 15:54see109

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

15 Қазан 2025 08:42see109

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

14 Қазан 2025 18:36see109

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

15 Қазан 2025 04:58see109

Қазақстан Түркияға астық пен сиыр еті экспортын ұлғайтуға дайын

15 Қазан 2025 16:35see109

Б​атыс Қазақстан облысында​ су қоймасы 58 жыл жөнделмеген

15 Қазан 2025 11:16see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары