Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Экология: саммит сабақтары

Экология: саммит сабақтары

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Су тапшылығы, мұздықтардың еруі, топырақтың тозуы, Арал мен Каспий тағдыры, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу, парниктік газды азайту, бір сөзбен айтқанда, табиғаттың бүкіл тауқыметі қамтылды десек, қателеспейтін шығармыз. Бірақ мұның бәрі жылдар бойы жырлап жүрген түйткілдер ғой. Ең басты сауал: саммиттен қандай сабақ аламыз? Орталық Азияға ортақ проблемаларды тағы бір мойындап, шешімін кейінге шегереміз бе әлде нақты нәтиже шығарамыз ба?

Жалпы, экология мәсе­лесі – сала-сала, қат-қабат әңгіме. Тауды қопарып, тас­ты жарып, жерді қазып, өзен-көлді бұғалықтап, таби­ғат­ты өз ырқына көндіріп үй­рен­ген адамзат сол ашкөз­ді­гі­нен зардап шегіп отыр. Ғы­лы­ми-техникалық төңкеріс жа­ра­тылыстың тепе-теңдік заңын бұ­зып жіберді. Ойланбай істе­ген ойранның соңы азынаған ащы желге, улы жаңбырға, ор­ман-тоғайдың мезгілсіз қу­рауы­на, судың тартылуына, қор­шаған ортаның азып-то­зуы­на, халықтың әртүрлі дерт­ке шалдығуына әкеп соқты. Осы проблеманың бел орта­сын­да біз де бармыз. Қазақстан Эко­логиялық тиімділік индексі (EPI) бойынша 180 елдің ара­сын­да 47,8 балмен 72-орында тұр. Жақсы көрсеткіш деп мақ­тау­ға ұяласың, жаман көрсеткіш деп даттауға намыстанасың. Бір жағынан, ТМД-да көбінен көш ілгеріміз, Орталық Азиядан да, Ре­сейден де озықпыз. Екінші жа­ғынан қарасақ, 100 балдан жи­наған 47,8 ұпай – әлемдік стан­дартта «қанағаттарлық» де­ген баға. Бұл сан бағытымыз дұ­рыс болса да, қарқынымыз әлі де баяу екенін айғақтайтын диагноз сияқты. Әрине, эко­ло­гия жалғыз шауып бәйге алатын жарыс емес. Қоршаған ортаны қорғау жекелеген мемлекеттің қо­лынан келмейді. Экология мә­селесін әрісі жаһандық, бері­сі аймақтық деңгейдегі ауыз­бір­шілік арқылы ғана шешуге бо­лады. Астанада өткен сам­мит­тің негізгі мақсаты да осы еді.

Мамандардың дере­гін­ше, соңғы жарты ға­сыр­да әлемдегі аң-құс попу­ля­циясы 69 пайызға қысқарған. Саммитте Биологиялық әр­түр­лілік туралы конвенцияның ат­қарушы хатшысы Астрид Шо­макер жануарлар мен өсім­діктердің 1 млн-дай түріне жойылу қаупі төніп тұрғанын ха­барлады. Осы олқылықтың ор­нын толтыру жолында Қа­зақ­стан сирек кездесетін сұң­қарлардың, Тұран жол­бары­сы­ның, Пржевальский жылқы­сы­ның популяциясын қалпына кел­тіруге кірісті. Тұқымы тұ­з­дай құри жаздаған ақбөкендер қайта көбейіп, 4 млн-ға жуық­тады. Жер бетіндегі киіктердің 99 пайызы қазір қазақ дала­сын­да жортып жүр. Барыстар саны екі есе ұлғайып, 190-ға жетті. Са­м­­­миттің пленарлық отыры­сын­да Қасым-Жомарт Тоқаев био­алуан­түрлілікті сақтау эко­ло­­гия­лық саясатымыздың ба­сым бағыты екенін мәлімдеді. Биыл наурыз айында Үкімет 2026-2035 жылдарға арналған био­әртүрлілікті сақтау және тұрақ­ты пайдалану тұжырым­дамасын бекітті. Экологиялық саммит ая­сын­да Орталық Азия елдері­нің сала министрлері «Аймақ­тың тұрақты дамуы үшін таби­ғат­пен үйлесімділік» атты ай­мақ­тық декларацияға қол қой­ды. Ал өсімдіктер дү­ние­сін қор­ғау – өз алдына бө­лек мін­дет. Егер Жердің жаралу тари­хын 24 сағатқа сыйдырсақ, адам­зат баласы екі-ақ секунд бұ­рын пайда болыпты. Бірақ осы екі секунд ішінде плане­та­дағы орманның жартысын отап үлгеріпті. Жыл сайын 10 млн гектар ағаш кесіледі, яғни Португалия көлеміне тең орман алқабы жойылады деген сөз.  Ал Қазақстан бұл бағытта көпке үлгі болып, ағаш егіп жатыр. Пре­­­­зиденттің айтуынша, бес жылда 1 млн гектардан аса ау­мақ­қа 1,6 млрд түп көшет егіл­ген. 2027 жылға дейін көгал­дан­­дыру көрсеткішін 2 млрд түп­ке жеткізу жоспарланған. Ең бастысы, экологиялық заң­на­ма қатайтылды. Өйткені жа­­байы табиғаттың жауы – адам. Осы ретте бір мысал еске тү­се­ді. 1986 жылы Украинада АЭС жарылып, радиоактивті тү­тін жүздеген шақырым жерді лас­тағаны белгілі. Содан бері Чер­нобыль аймағында ешкім тұр­майды. Алайда анау-мынау қо­рықтарда ұшыраспайтын жан-жануарлар өсіп-өніп жа­тыр. Қызыл кітапқа енген аю, бизон, сілеусін, бұғы-марал, кер­­құлан секілді түз тағылары осы апат аймағында емін-еркін өмір сүреді. Неге? Радиациямен уланған жерде табиғаттың екін­ші тынысы ашылғаны қалай? Жауап біреу-ақ: себебі онда адам жоқ.

Арал қасіреті – XX ғасырда адам қолымен жасалған ең ірі апат­­тың бірі. Халықаралық Арал­­ды құтқару қоры құрыл­тайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев теңіздің эко­логиялық ахуалына алаңдаушы­лық білдірді.

– Арал маңайындағы кли­мат айтарлықтай өзгеріске ұшы­рады: жаздағы ауа темпе­ра­турасы орта есеппен 2-2,5 градусқа көтерілді, құрғақ­шы­лық күшейіп, қыс суық бола түс­ті. 100 шақырым шеңберінде жауын-шашын көлемі азайды. Құмды дауыл жиіледі. Аралқұм шөлінен жыл сайын ондаған млн тонна тұз, құм, түрлі хи­мия­лық зат атмосфераға кө­те­рі­леді. Олар әлемнің ең шалғай түк­пірлерінен, мәселен, Сол­түстік Мұзды мұхиттан табы­лып, алыс аумақтағы топырақ­қа, экожүйеге және адамдардың ден­саулығына зиян келтіріп отыр. Теңіз табанынан ұшқан тұзды шаң Тянь-Шань мен Памир мұздықтарына дейін жетті, – деді Президент.

Рас, жағымды жаңалық­тар да жоқ емес. Қазір Сол­түстік Аралдың 36 пайызға жуы­ғы қалпына келтіріліп, теңіз­дегі су көлемі 18,9-дан 23,5 тек­ше шақырымға дейін ұлғай­ды. Соның арқасында Арал маңындағы балық шаруа­шы­лы­ғы, жалпы әлеуметтік-эко­но­микалық жағдай жақсарды. «Арал» геопаркі құрылды. Жо­ба мақсаты – Арал теңізінің та­биғи-экологиялық және та­ри­хи мұрасын сақтау. 2021 жыл­дан бері құрғаған теңіз табан­ы­на 1,1 млн гектар жерге сексеуіл егілді. Шөлді жерде қасқайып өсе­тін бұл өсімдік топырақты бе­кітіп, құм көшкінін тоқтата­ды, шаң-тозаңның тарауына тосқауыл болады. 

Саммитке қатысқан Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Робб Батлердің пікірінше, Арал теңі­зі маңында қатерлі ісік пен рес­­­­­пираторлық аурулар көп бай­қалады. Балалардың ане­мия­мен ауыру статистикасы өзге өңірлермен салыстырғанда 2,5 есе жоғары.

– Сондықтан ДДСҰ ар­нау­лы жол картасын іске қосады, ток­сикологиялық орталық құ­ры­лады, – деп сүйіншіледі Робб Батлер.

2006 жылдан бері Каспий дең­гейі де екі метр төмендепті. Кей жерде теңіз жағалауы 30-35 ша­­қырымға дейін шегінген. Арал­дың тағдырын қайтала­ма­сын десек, бүгіннен бастап да­­был қағуымыз керек. Мемле­кет басшысы саммитте бұған да назар аударды.

– Қазақстан Каспий теңізі­нің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдар­ла­ма қабылдау жөнінде бастама кө­терді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйыт­қы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ын­­ты­мақтастықты дамытуға ық­пал етеді. Барша мүдделі ха­лық­аралық тараптарды таби­ғат­тың осынау асыл қазынасын сақ­тау жолында күш-жігер бірік­тіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қол­данылуына жол беруге бол­май­ды. Оған қатаң тыйым са­лы­нуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ғасыр соңына дейін теңіз деңгейі 18 метрден түсіп кетуі мүмкін деп болжайды ға­лым­дар. Шын мәнінде, жол беру­ге болмайтын жорамал. Сон­­­дықтан «Арал теңізі сал­ғыр­ттықтың салдары қандай қасіретке әкеп соғатынын еске салып тұрады» деген Прези­дент­тің ескертуімен келіспеске амал кем.

Ресми мәліметке сүйен­сек, Қазақстанда 31,6 млрд тонна қоқыс бар. Оның 70 пайызы өндірістік қалдықтар болса, қалғаны – тұрмыстық қалдықтар. Саммитте көтеріл­ген көп мәселенің бірі – осы қалдықтарды басқару, яғни оны табиғатқа зарар тигізбей жою немесе қайта өңдеу. Қазір бізде қоқыстың 27-30 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдерде бұл көр­сеткіш 40-50 пайыз мөл­ше­рінде. Дегенмен 2015 жылғы ста­тистика 2 пайыз болғанын ес­керсек, нәтиже жаман емес. Эко­логия және табиғи ресурс­тар министрлігінің жоспарына сәйкес, 2030 жылы мұны 40 пайызға жеткізу көзделген. Қо­қысты қайта өңдеуде халықтың эко­санасы да маңызды рөл ат­қарады дейді мамандар. Себебі қоқыс үйде сұрыпталмаса, та­мақ қалдықтары қағаз бен плас­тикті ластайды. Ластанған ши­кізатты өңдеу өте қиын екен. Демек, «өз үйім» дегенді «өз пәтерім» деп қана түсінетін мен­талитеттен арылмайынша, қо­қыс полигондарынан жақын ара­да құтылмаймыз. Айт­пақ­шы, экологиялық саммит қар­саңында маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев маң далада шашылып жатқан пакеттердің ара­сында жайылып жүрген түйе­лерді дронмен видеоға тү­сі­ріп, желіге жариялады. Жер­гі­лікті әкімдік сол күні ғана қи­мылдап, тазалық қызмет­те­рін жұмылдырыпты. Осының өзі сөз бен істің, жоспарлау мен жү­зеге асырудың арасында қан­дай алшақтық бар екенін анық аңғартады.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 15:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары