Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

БҰҰ форматындағы саммит: Экология Орталық Азияны біріктіретін фактор

БҰҰ форматындағы саммит: Экология Орталық Азияны біріктіретін фактор

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Саммит аясында RES 2026 EXPO көрмесі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Бұл саммиттің басты ерекшелігі БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңы ретінде іске қосылуында жатыр. Аймақ елдері Қазақстанның бастамасына лайықты үн қосу арқылы Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды халықаралық деңгейде бекітілген ресми құжаттар мен міндеттемелер арқылы жүйелі түрде шешуге дайын екендерін көрсетіп отыр. Басқаша айтсақ, бұған дейінгі екіжақты, үшжақты өзара келісімдердің ауқымын БҰҰ стандартына сай уағдаластықтар арқылы кеңейту, нығайту мүмкіндігі туындады. Су тапшылығы, климаттың құрғақтануы, Арал дағдарысы сияқты өзекті экологиялық сын-қатерлер аймақ елдерінің арасында қайшылық туындататыны туралы түрлі болжам айтылып қалатын. Бұл саммит экология Орталық Азияны керісінше біріктіретін фактор бола алатынын меңзейді. Сондықтан өңір елдері де, сарапшылар да бұл саммитке бір реттік көрме ретінде емес, институционалдық шешім алаңы ретінде қарап отыр.

Саммиттің БҰҰ платформасында өтетіні екі маңызды месседжден хабар береді. Біріншіден, аймақтағы экологиялық мәселелер енді жергілікті деңгейдегі емес, жаһандық қауіп ретінде қарастырыла бастады. Екіншіден, бұл процестерге халықаралық ұйымдар мен ірі донорлар жүйелі түрде тартылмақ. Осылайша Қазақстан экология тақырыбын аймақтағы елдердің ішкі саясатынан шығарып, халықаралық келіссөздер деңгейіне көтеріп отыр.

Фото: Энергетика министрлігі

Осындай саммитті Астанада өткізу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді. 

— Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы ел су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену секілді экстремалды табиғи құбылыстарға душар болып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін өңір елдерінің ортақ күш-жігері мен белсенді халықаралық қолдау қажет. Дегенмен, менің ойымша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары теңгерімді әрі инклюзивті сипатын сақтап, елдердің даму жолындағы сұраныстарына сай болуға тиіс. Климаттық өзгерістермен күреске жұмылу мақсатында Сіздерді келесі жылы сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірге Астанада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитке шақырамын, — деді Мемлекет басшысы былтыр өткен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ конференциясында.

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасы Джим Скеа ұйымның Орталық Азияға осындай ауқымды құраммен алғаш келіп отырғанын айтады.

— Әрине, аймақта ортақ мәселелер мен сын-қатерлер бар. Астана алаңында тәжірибемізді бөлісуге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Ахуал қаншалықты күрделі болса да елдер проблемаларды өзара талқылау керек. Экологияның ар жағында энергетика, қауіпсіздік және геосаясат бар. Бұл оңай емес екенін түсінеміз. Бірақ климаттың өзгеруі сияқты жаһандық проблеманы шешкіміз келсе, бірлесіп әрекет ету қажет. Әйтпесе, нәтиже де шашыраңқы болады, — дейді Джим Скеа.

Расымен де, саммиттің маңызына келсек, үш деңгейде қарастыруға болады: геосаяси, экономикалық және технологиялық.

Геосаяси контекст

Су тапшылығы, шөлейттену, трансшекаралық өзендерге тәуелділік — Орталық Азия елдерінің қай-қайсысы үшін де сезімтал сын-қатер. Бұған дейін экология аймақ көлемінде табиғат мәселесі ретінде қарастырылып келсе, бұл жолы аймақтық тұрақтылық факторы ретінде қарастырылмақ. Саммит аясында мемлекет басшылары Арал мәселесіне қатысты кеңестің жиынын өткізеді. Бұл экологияның саясат деңгейіне толық көтерілгенін көрсетеді.

Қазақстанның бұл саммитті ұйымдастырудағы мүддесі — өзін кезекті бір халықаралық диалогтің модераторы ретінде көрсету емес, «жасыл бастамаларды» өңірлік интеграция құралына айналдыру.

Фото: Су министрлігі   Экономикалық өлшем

RES 2026 EXPO көрмесіне 30-дан астам мемлекет, 300-ден астам компания, 20 мыңнан астам қатысушы жиналмақ. Бұл классикалық көрмеден гөрі инвестициялық платформаға көбірек ұқсайды.

Әсіресе Green Invest Forum форматы нақты келісімдер жасалатын алаң ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан жасыл экономикаға көшу процесін декларативті деңгейден нақты капитал тарту кезеңіне ауыстыруға көшті. Басқаша айтсақ, жасыл бастамалар теориялық талқылаулардан практикалық диалог деңгейіне көшкен.

Технологиялық трансформация

Көрме жаңа энергиядан бастап су менеджменті, smart city, қалдықтарды өңдеу, экотехнологиялар, ESG қаржыландыру, агротехнологиялар мен жасыл құрылысқа дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтып, «төмен көміртекті экономикаға» өтудің кешенді шешімдерін ұсынады. Қазақстан осы трендтерді Орталық Азия деңгейінде жергіліктендірудің жолын табуды ұсынып отыр.

Мысалы, су ресурстарын басқару — Орталық Азияның ішкі тұрақтылығын анықтайтын өзекті мәселе. Бұл мәселеде өңір елдері Француз даму агенттігімен технология алмасуға мүдделі. Ал экология мәселесі жан-жақты ескерілген smart city шешімінде Қытай технологиясының бәсі басым. Орталық Азия елдері осындай озық технологияларды сатып алып, тұтынатын аймақ бола ма, әлде біртіндеп трансформациялауға көше ме? Технологияны тұтыну бар да, игеру бар. Тұтыну қысқа мерзімде оң әсер көрсеткенмен, ұзақ мерзімде тәуелділікке әкелуі мүмкін. Ал игеру — қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімде де жаңа сапаға көтерілудің тетігі. Соңғысына қол жеткізу үшін аймақ елдеріне жеке-жеке талпынбай, біртұтас нарық, экожүйе ретінде әрекет ету қажет. Саммит — осы қажеттілікті іске асырудың практикалық қадамы.

Фото: «Қазсушар»

Жаһандық экология дегенде ESG-стандарттар мен «жасыл» қаржыландыру бірінші орынға шығады. Ал ESG-стандарт сияқты трендтегі талаптар дамушы елдердің алдына қосымша шектеулер тосуы мүмкін. Орталық Азияға да экологиялық талаптардың экономикалық өсімді баяулататын стандарттарға айналмағаны маңызды.

Орталық Азияға ортақ сынақ

Бұлардың бәрі — RES 2026 EXPO көрмесінің іскерлік бағыты. Ал экология тек технократиялық мәселе ғана емес — мәдени құбылыс та. Экологиялық құндылықтар іскерлік орта мен нақты экономикада ESG-стандарттар күйінде орнықса, қарапайым халық арасында мәдениет ретінде қалыптасу керек. Көрменің мәдени бағыты (эко-сән, кинофестиваль, арт-көрме) осы мақсаттағы бастамалар мен шешімдерге арналған.

«RES 2026 EXPO» алаңы арқылы Қазақстан өзіне өңірлік «жасыл хаб» ретінде инвестиция мен технология тартуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа көршілес елдермен бәсекелесу арқылы емес, күш біріктіру арқылы қол жеткізуге мүдделі. Ол мүдденің қаншалықты баянды болатыны жарияланған жобалар қалай іске асырылатынына, аймақ елдерінің жалпы саяси еркіне байланысты.

Бұл саммитте қабылданған шешімдер мен келісімдер декларация күйінде қалмау үшін көрме алаңына UNEP, TotalEnergies, EDF, Veolia, Schneider Electric, LONGi, China Construction Bank сияқты ірі халықаралық ұйымдар мен энергетика, экология, қаржы және технология салаларындағы жетекші компаниялар тартылған. Мұндай ірі халықаралық ойыншылардың қатысуы көрменің артында айтарлықтай капитал мен технологиялық ресурстар тұрғанын, саммиттің инвестициялық және саяси ықпалы бар платформа бола алатынын білдіреді.

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Серік Оразғалиев бұл саммиттің осыған дейінгі басқосулардан айырмашылығына тоқталды.

Фото: Серік Оразғалиевтің жеке мұрағатынан

— Өңірлік экологиялық саммит бастапқыдан бір реттік іс-шара ретінде емес, тұрақты диалог пен үйлестіру алаңы ретінде қолға алынған болатын. Мемлекет басшылары бірлескен декларация қабылдап, БҰҰ агенттіктерімен бірлескен бесжылдық іс-қимыл бағдарламасы бекітіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2023 жылғы 19 желтоқсандағы қарарымен осы форматты ресми түрде мақұлдап, саяси салмағын арттырған. Үкімет өкілдерімен қатар бизнес, ғылыми қауымдастық пен даму институттарының қатысуы өңірлік жобалардың нақты портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Менің ойымша, саммит нәтижесінде өңірдің қажеттіліктеріне бейімделген жасыл қаржыландыру тетіктері құрылуы мүмкін. Сондай-ақ, Орталық Азияға өңірлік климатқа мониторинг пен ерте ескерту жүйесі қажет. Бұл саммит соның негізін қалай алады, — дейді профессор.

Түйіндесек, саммит арқылы тартылатын инвестициялар мен технология трансферті, іске асатын инфрақұрылымдық жобалар Орталық Азияның экономикалық моделін өзгертуі мүмкін. Сондықтан саммитті салмақты басқосу ғана емес, Орталық Азияның дамуға деген ұмтылысын уақытпен сынайтын тест деуге болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 10:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары