Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Лондондағы Мисс Кәусар

Әр бала бақытты болуға лайық

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Келешек мектептері жобасы аясында 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Жаһандық саммитте Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Палата төрағасы қазір біз халықаралық құқықтың беделі әлсіреп, қақтығыстар шиеленіскен, экономикалық дағдарыстар белең алған күрделі әрі тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатқанымызды алға тартты.

Ерлан Қошанов мұндай алмаға­йып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсетінін атап өтті. Парламент­ара­лық диалог мемлекеттер арасын­дағы құрмет пен сенімді, ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық құқықтың мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан жиынға арқау болған «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы бүкіл әлем парламентарийлеріне жолдаған үндеу екенін айтты.

– Қазақстан әрдайым Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды, ашық әрі сындарлы диалогті, жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Бұл – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәйекті іске асырып келе жатқан еліміздің сырт­қы саясатының іргелі қағидаттары. Мемлекетіміз белсенді түрде бейбіт­шіл саясат ұстанып келеді. Астана мен Алматы бірнеше рет келіссөздер алаңына айналғаны өздеріңізге мәлім. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиялары құрамында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отыр, – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Қазақстанның бітімгершілік контингенті Голан биігіндегі атысты тоқтату режімін сақтауға, жағдайды тұрақтандыруға үш жылдан бері атсалысып келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде Орталық Азия өңірдегі үйлесімді және көпвекторлы дипломатияның үлгісін көрсетіп келеді. Аймақтағы елдердің арасында шекара мәселесі толық реттеліп, гидроэнергетика, көлік, логистика салаларында ортақ ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. Сол жұмыстың бәріне Қазақстан Парламенті тікелей атсалысып жүр.

Бұдан бөлек, Қазақстан Орнықты даму саласындағы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бәрін сапалы орындауға тырысып келеді. Парламентте Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуын бақылау жөніндегі арнаулы комиссия жұмыс істейді.

Сонымен бірге Қазақстан азық-түлік пен су қауіпсіздігіне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жайттарына ерекше көңіл бөліп отыр. Келесі аптада Астанада БҰҰ-ның қолдауымен Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл форумда су ресурстарын басқару, «жасыл» экономикаға көшу және өңірдегі тұрақ­тылықты нығайту жөніндегі тәжірибелік шешімдер ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс төрағасы бүгінгі пікірталастың негізгі түйіні әділет ұғымы екеніне ерекше мән беріп, қазір бүкіл әлемде әділдікке деген сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бұл ең алдымен, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарға қатысты.

– Осы сұранысқа жауап ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті және прогрессивті Қазақстан құруды өз мандатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Бұл мақсатты іске асыру үшін елімізде ауқымды саяси реформалар қолға алынды. Таяуда референдум арқылы жаңа Конституция қабылдануы – мемлекеттік институттарға, Президент реформалары бағдарына деген сенімнің дәлелі. Ата заңның бүкіл мәтінінде адам мүддесі бірінші орынға қойылды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат Конституция деңгейінде айқындалды. «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» арасындағы теңгерім бекітілді. Осы реформалар аясында біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы әріптестеріне елдегі реформалармен бірге Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар туралы да айтып берді. Парламент жаһандық өзгерістерге сай Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы арнаулы заң қабылдады. Бұл құжаттарда жасанды интеллектіні пайдалану кезіндегі ашықтық, қауіпсіздік, жауапкершілік қағидаттары бекітілген. Ерлан Қошанов атап өткендей, заңды әзірлеу барысында технологиялық прогресс пен азаматтардың құқығын қорғау арасындағы теңгерім де барынша сақталды.

Жиын қорытындысында Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған әлемнің түкпір-түкпірінен келген Парламент спикерлерімен кездесіп, Ассамблея жұмысына белсене атсалысқаны үшін баршаға зор алғысын білдірді.

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесуде Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақ Ассамблеясын өткізу арқылы Ыстанбұл өз тарихында төртінші рет әлемдік парламентаризмнің жаһандық астанасына айналып отырғанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында олар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Тараптар екі бауырлас елдің басшылары арасындағы мызғымас достық пен сыйластық баршаға үлгі екеніне назар аударып, көшбасшылардың уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асыратынын айтты.

Қос спикер партияаралық әріптестікке де көңіл бөліп, сауда-саттық, инвестиция, өнеркәсіп, көлік-логистика, туризм салаларындағы ықпалдастық жайын сөз етті.

Ал қырғыз әріптесімен кездесу бары­сында Ерлан Қошанов Марлен Мама­талиевті Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан бауырлас елмен парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға үлкен мән беретініне тоқталды.

Тараптар Парламентаралық ынтымақ­тастық кеңесі, достық тобы мен бейінді комитеттер аясындағы жұмысты ілгерілетуге келісіп, сауда-экономика, мәдениет, білім берумен қатар, шекара және көлік-транзит саласындағы іс-әрекетті кеңейту мәселелерін ортаға салды.

Сондай-ақ Мәжіліс спикері әріптесіне елімізде іске асып жатқан Президент реформалары туралы мәлімет берді.

Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Чан Тхань Манмен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан бұл елмен ықпалдастықты барлық салада күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге айрықша көңіл бөлініп отыр.

Тараптар қазіргі күрделі кезеңде парламенттік дипломатияның әлеуетін барынша пайдалануға шақырып, 152-Ассамблея ашық әрі сындарлы диа­лог арнасында өткенін және ортақ мақсаттарға жол ашқанын атап өтті.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері форум алаңдарында Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан парламенттері төрағалары­мен парламентаралық диалогті терең­дету мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері делегацияларының басшылары жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақстан депутаттары негізгі сессия­дан бөлек, орнықты даму, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған тұрақты комитеттердің отырыс­тарына қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді

Парламент • Кеше

45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі

Аймақтар • Кеше

Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды

Күрес • Кеше

Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?

Қоғам • Кеше

Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды

Парламент • Кеше

FIRST Championship: Еліміздің 17 командасы халықаралық инженерлік бәйгеде бақ сынайды

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 07:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see117

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see112

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see111

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see110

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see109

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see109

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see109

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see109

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see108

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see108

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see107

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see106

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see106

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see106

Әр бала бақытты болуға лайық

30 Мамыр 2026 13:44see105

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see104

Келешек мектептері жобасы аясында 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

30 Мамыр 2026 14:14see103

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see102

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

30 Мамыр 2026 19:06see102

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары