Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Экономика эмоциямен емес, фактімен өлшенуі тиіс Болатбек Нәжметдинұлы

Экономика эмоциямен емес, фактімен өлшенуі тиіс Болатбек Нәжметдинұлы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Қазақстанда «үздіксіз дағдарыс» туралы айтылатын әңгімелер көбіне нақты экономикалық процестерді көрсетпейтінін айтып, жағдайды эмоциямен емес, фактілер арқылы бағалауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, қоғамдық талқылауда жиі қойылатын сұрақтардың бірі – егер елдің жалпы ішкі өнімі 6 пайыздан астам өсіп жатса, неге азаматтардың басым бөлігі бұл өсімді күнделікті өмірде сезінбейді деген мәселе. Болатбек Нәжметдинұлы мұндай күмәннің түсінікті екенін атап өтіп, оған жауап беру үшін «ұрандарға емес, нақты деректер мен болып жатқан процестердің ауқымына қарау қажет» екенін айтты.

«Дағдарыс туралы айтқанда, өзімізге адал жауап беруіміз керек: біз дағдарыс деп нені айтып отырмыз? Экономика – бұл есептегі жай сандар емес, миллиондаған адамның нақты әрекеті. Егер эмоцияға емес, фактіге сүйенсек, елде ауқымды даму процестері жүріп жатқанын көруге болады», – деді депутат Facebook  парақшасында жариялаған жазбасында.

Негізгі мысалдардың бірі ретінде ол тұрғын үй құрылысын келтірді. Соңғы бес жылда Қазақстанда 1,1 млн отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл халық санына шаққанда 3 млн-нан астам адамды құрайды. Оның айтуынша, бұл шамамен 20 мың тоғызқабатты үй – іс жүзінде халқы Астана немесе Алматыдан да көп жаңа мегаполиспен тең.

«Бұл – құрғақ статистика да, есеп үшін жасалған әдемі сан да емес. Бұл – бүгінде адамдар тұрып жатқан нақты үйлер мен пәтерлер. Егер осы азаматтардың барлығын бір жерге жинасақ, еліміздегі ең ірі мегаполистермен салыстыруға болатын қала пайда болады», – деп атап өтті Әлиев.

Депутат құрылыс саласы мультипликативтік әсерінің арқасында экономиканың ең қуатты драйверлерінің бірі екенін айтты. Бұл сала жұмыс орындарын ашып, құрылыс материалдары өндірісін, логистиканы, мердігерлік қызметтерді және шағын бизнесті ынталандырады, соның нәтижесінде айналасында тұтас экономикалық экожүйе қалыптасады.

«Құрылыс – бұл бір ғана сектор емес. Бұл – ондаған саланы бір мезетте іске қосатын тізбек. Зауыттар мен көліктен бастап шағын бизнес пен қызмет көрсету саласына дейін. Экономиканың нақты өмірде өсуі деген – осы», – деді ол.

Әлиевтің айтуынша, экономикалық әсер тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін де тоқтамайды. Әрбір отбасы пәтерін жабдықтауға кірісіп, жиһазға, тұрмыстық техникаға, жөндеу жұмыстарына және күнделікті қажеттіліктерге қаржы жұмсайды. Тіпті, ең төменгі бағалаудың өзінде бір пәтерге шамамен 10 млн теңге шығындалады, бұл жалпы алғанда 10-11 трлн теңгеден астам тікелей шығынды және оған ілеспе салаларды есептегенде бұдан да үлкен айналымды құрайды.

«Мына қарапайым дүниені түсіну маңызды: ақша аспаннан түспейді. Адамдар оны өз еңбегімен, өндірісте, бизнес арқылы немесе жалдамалы жұмыс істеп табады. Салық төлейді, содан кейін ғана бұл қаражатты жұмсап, экономиканы қайта іске қосады», – деді депутат.

Әлиев жаппай құрылыс үшін аса маңызды саналатын инфрақұрылым мәселесіне де жеке тоқталды. Оның айтуынша, тұрғын үй салу мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, жолдарды, инженерлік желілерді және тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелерін дамытпай мұны жүзеге асыру мүмкін емес.

«Үй – бұл тек қабырға ғана емес. Бұл – су, жарық, жылу, көлік, мектептер мен ауруханалар. Біз миллион пәтер туралы айтқанда, күн сайын қолдауды қажет ететін тұтас қалалық жүйелер туралы айтып отырмыз», – деді ол.

Депутаттың дерегінше, мұндай тұрғын үй қоры тәулігіне жүз мыңдаған текше метр суды, мыңдаған мегаватт электр энергиясын тұтынып, мыңдаған тонна тұрмыстық қалдық шығарады. Бұл энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігімен тікелей байланысты.

«Сондықтан энергетика, оның ішінде атом электр стансалары туралы әңгіме – саяси ұран емес, бұл салқынқанды экономикалық есеп және орнықты даму мәселесі», – деп қосты Болатбек Нәжметдинұлы.

Қазақстанды Орталық Азиядағы көрші елдермен салыстыра отырып, депутат соңғы жылдары өңірдегі бірде-бір мемлекет Қазақстанмен салыстыруға келетін көлемде тұрғын үй сала алмағанын атап өтті.

Сөз соңында ол экономикалық өсімнің болуы проблемалардың жоқ екенін білдірмейтінін, алайда тарихи салыстыру тұрғысынан даму динамикасы анық көрінетінін айтты.

«Дағдарыс болады, қиындықтар бар. Бірақ егер жағдайды 5, 10 немесе 15 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырсақ, айқын айырмашылық бар. Ел дамып келеді, сын-қатерлерге тап болып отырғанына қарамастан, алға қарай ұмтылуын жалғастыруда», – деп түйіндеді депутат.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары