Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Экосананы қалыптастыру мүмкіндігі

Экосананы қалыптастыру мүмкіндігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Эколог мамандар елімізде Президент бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асып жатқанын еске салды. Бұл – еліміздің экология мәселесін жақсартуға бағытталған маңызды акция. Осы іс-шара арқылы Шымкентте көптеген тазалық жұмысы атқарылды. Соның нәтижесінде көшелер, саябақтар, арық-атыздар мен өзен-көл жағалаулары қоқыс­тан тазартылып, шаһардың келбеті жақсара түсті.

ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова жиын бары­сында қоршаған ортаны қорғаудың, таби­ғатты аялаудың маңыздылығын атап өтті.

«Табиғатты күтіп ұстау – баршамыз­дың ортақ міндетіміз. Қоршаған орта – бізге берілген аманат. Сондықтан оның тазалығына бәріміз де жауаптымыз. Кез келген мемлекеттің келешегі экономикасына, әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты болса, экология да сондай маңызды рөл атқарады. Елімізде экология мәселесіне ерекше көңіл бөліп жатқаны қатты қуантады. Соның бірі – «Таза Қазақстан» акциясы. Бұл іс-шараға талай жас қатысты. Әсіресе еріктілер көп үлес қосты. Еріктілер қозғалысы елімізде жүйелі жолға қойылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер ісінің жандануына айрықша мән беріп, үлкен қолдауын көрсетті. Ерікті жастар – қуатты еңбек күші. Сол әлеуетті экология мәселесін шешуге, «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты өткізуге пайдалану керек. Қоршаған ортаны жақсарту бағытында Шымкентте қыруар іс тындырылды. Акция қолға алынғалы бері қала іші кәдімгідей тазарып қалды. Іс-шара түрлі сенбіліктер арқылы тұрғындарды ортақ мақсат пен мүддеге біріктірді. Акцияны жүзеге асыру қаншалықты маңызды болса, азаматтардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру да соншалықты маңызға ие. Әсіресе жастардың санасын өзгертіп, туған жеріне жанашырлық сезімін оятудың пайдасы мол. Себебі табиғатты аялап ұстау адамның өзіне байланысты. Әркім өзінің аумағын тазалап жүрсе, кәсіпорындар міндет, талаптарын тиянақты орындаса, ешқандай экологиялық мәселе туындамас еді. Сондықтан экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастырудың үлкен пайдасы бар деп білемін. Мемлекеттің болашағы жастардың қолында деп жатамыз. Сол себепті кейінгі ұрпақ экологиялық тұрғыдан тәрбиелі, са­уатты болса, елімізді жарқын келешек күтіп тұр. Экологиялық акциядан бөлек, Шымкентте табиғи ортаны жақсартуға бағытталған игі жұмыстардың куәсі болып жүрміз. Қала әкімдігі жаңа саябақтар мен гүлзарлар салып, бұрынғы ескілерін мемлекет қарамағына алып, үлкен жаң-ғыртудан өткізгені нағыз пайдалы еңбек болып тұр. Осы жағынан жергілікті атқарушы биліктің ісіне өте жақсы деген баға беруге болады», деді жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

Жалпы, аталған қоғамдық ұйымның мүшелері – ерікті жастар сөзден  іске көшіп, бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысып келеді. Екі жүзге жуық іріктеуден өткен ерікті жас осы ұйымның құрамында көптеген экологиялық акцияға қатысып, туған жердің гүлденуіне үлкен үлесін қосып жүр.

Қазіргі уақытта қалдықтарды қай­та өңдеу, қоқысты сұрыптау – күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Осы орайда танымдық кездесуде эко-тренер және экологиялық білім беру саласындағы сарапшы Владислав Голярко да жастар үшін қызықты сабақ өткізіп, олардың экологиялық сауаты мен мәдениетінің артуына көп септігін тигізді. Өз кезегінде жас-тар іс-шара барысында саябақты тазалап, өздерінің игі істерімен көпке үлгі көрсетті.

Осы тұста айта кету керек, қалада эко­сананы қалыптастыру бағытында тағы­лымды іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Оларды ұйымдастыруға жастар ресурстық орталығы көп еңбек сіңіріп жатыр. Әсіресе қала әкімдігі бастамасымен және экологияға жанашыр жастардың қолдауымен мектеп пен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар мен экскурсиялар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Табиғат аясындағы басқосуда қалалық экология департаментінің өкілі Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстар, ауаны ластамау, қалдықтарды қайта өңдеу, заңсыз қоқыс орындарын анықтаудағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндама оқып берді. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Сол арқылы онлайн бақылау жүргізіледі. Департамент өкілі мәлімдегендей, заң талаптарына сай келмеген бірқатар кәсіп­орын бүгінде өз жұмысын тоқтатқан. Бұл орайда маман жастарды қаланы таза ұстауға, табиғатты аялауға шақырды. Ол экология тұрғысында Шымкенттің мақтауға тұрарлық тұстары көп екенін жасырмады. Әсіресе шаһарды көпшілік «жасыл қала» деп те атайтынын тілге тиек етті. Ал мұндай атақ-дәреженің өздігінен келмейтіні белгілі. Мегаполисті жасыл аймаққа айналдыру жолында әкімдіктің тынымсыз еңбегі мен іскерлігі айқын байқалады. Маманның пікірінше, Шымкент қала мәртебесін алғалы аумағы бірнеше есеге кеңейді. Мегаполиске тән инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында бос жатқан, көп жерінде жаңа шағын аудан­дар пайда болды. Одан бөлек, қаншама мектеп пен басқа да әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бірақ соған қарамастан қала әкімдігі экология мәселесін естен шығарған жоқ. Жаңадан салынған тұрғын үй кешендері аймағына ағаш көшеттері егіліп, шаһарды жасыл желек тұтастай көмкеріп тұр. Сол жаңадан бой көтерген шағын аудандар айналасында сәулеттік өнердің көркем стиліндегі саябақтар пайда болып, тұрғындарды шексіз қуанышқа бөледі. Маманның пайымынша, осы­ның барлығы да мегаполистің қорша­ған ортасын жақсартуға, экологиялық мәселесін шешуге зор септігін тигізіп отыр.

Экология департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қала аумағында 438 255 автокөлік тіркелген. Оның ішінде жеңіл автокөлік 379 132, ауыр жүк көліктері 32 594, автобус 6 309, мотоцикл 1 487 дананы құрайды. Бұдан бөлек, күн сайын шаһарға Түркістан облысынан автокөліктер ағылып келеді. Олардан бөлінетін көмірқышқыл газы экологияға кері әсерін тигізері хақ. Сондықтан ауаға таралатын зиянды газдарды азайту – тиісті мамандар үшін алдағы күннің еншісінде тұрған басты міндеттің бірі. Сонымен бірге департамент сынақ зертханасында қаланың бойынан ағып өтетін Қошқар ата, Қарасу, Бадам, Сайрамсу өзендеріне және Қосдиірмен, Тоғыс, Текесу, Шымкент, БМК каналдарына жылына 2 рет мониторингтік жұмыс жүргізеді. Биылғы бес айда өзен-арна суларынан 96 сынама алынып, 1 418 талдау жұмысы атқарылды.

Сондай-ақ жауапты мекеме Экология және табиғи ресурстар министрі мен мегаполис әкімі бекіткен «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» аясында полиция департаментімен бірлесіп, көлік шығарындыларын бақылайтын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Осындай рейдтің бірінде 43 автокөлік тексеріліп, оның оншақтысынан көліктен шығатын түтін нормадан асып кеткені анықталған. Соның нәтижесінде патрульдік поли­ция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 334-бабына сәйкес 6 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды.

Қала ауасының тазалығын «Қаз­гидромет» мекемесіне қарасты 7 арнайы тірек бақылап отырады. Бұл мониторингтік іс-шараның маңызы зор. Өйткені шаһарда индустриалды аймақтар ашылып, онда кәсіпорындар көбейіп келеді. Сонымен қоса автокөліктердің де саны жылдан-жылға артып жатыр. Олардан бөлінетін зиянды қалдықтар тиісті мөлшерлемеден тым асып кетпеу үшін қадағалаушы мекеме бақылауды үнемі назарда ұстайды. Статистикалық мәлімет бойынша, департамент биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында 28 тексеру жұмысын жүргізіп, 38 әкімшілік іс қозғаған. Нәтижесінде, 88,6 млн теңге айыппұл салынып, оның 70 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.

Экология департаменті шаһардың әкімшілік аудандарында рұқсатсыз, бей-берекет тасталған қоқыс үйінділерін анықтаумен айналысады. Осыған байланысты ұйымдастырылған рейдтік іс-шараның бірінде мекеме мамандары Абай ауданында 5, Әл-Фараби ауданында 2, Еңбекші ауданында 11, Тұран ауда­нында 2 қоқыс үйіндісін анықтаған. Бүгінгі таңда олар толықтай жойылып, санитарлық тазалау нәтижесінде қалдықтар залалсыздандырылды. Мұнан өзге санитарлық-экологиялық жағдайды тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген жа-уапты тұлғаларға қатысты прокуратура тарапынан тиісті шаралар қабылданып, бәрі де жауапкершілікке тартылды.

Эколог мамандардың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне дұрыс көңіл бөлінбесе, түбі өлкенің экожүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал оның зардабы ұзақ уақытқа созылады. Сол үшін табиғатты осы бас­тан аялап үйрену керек. Бұл міндетті орындау үшін адамды жастайы­нан экологиялық мәдениетке тәрбиелеп, өсіру қажет. Осы орайда экологтер мектептің оқыту бағдарламасында балаларды қалай табиғатқа жанашыр етіп тәрбиелеуді үйрететін сабақтар болу керектігін айтады. Тек орта білім жүйесі емес, арнаулы және жоғары оқу орындарында да студенттердің экологиялық сауатын ашатын арнайы дәрістердің оқытылуы маңызды деп есептейді мамандар. Экологтердің пікірінше, жер бетінде тіршіліктің бастапқы күйінде сақталып қалуы қоршаған ортаның қаншалықты қорғалғанына байланыс-ты. Адам – экожүйенің бір тізбегі. Егер табиғат бүлінсе, экожүйемен бірге адамзат та зардап шегеді. Сол себепті экологиялық мәселе әрдайым мемлекеттің стратегиялық бағдары мен жоспары болып қала береді деген пікірде сала мамандары. Бұл тұрғыда елімізде үлкен жобалар сәтті жүзеге асып жатқаны белгілі. Соның ішінде Шымкентте де экологиялық бағытта қыруар тірлік тындырылып жатыр. Мәселен, қала аумағынан ағып өтетін өзендердің жағалаулары тазаланып, абаттандырылып, халық демалатындай жағдай жасалып қойған. Мамандардың пайымынша, бұл біріншіден шаһардың туризм саласын дамыту, қауіпсіздік мәселесін шешу, мәдени келбетін жақсарту мақсатында атқарылған жұмыс болса, екіншіден, өзен суларының мөлдір тазалығы жерас-ты суларының бүлінбеуіне тікелей әсер етеді. Себебі алып шаһардың жерасты су қорын таудан ағып кеп жатқан өзендер­дің тіршілік нәрі құрайды. Бұл орайда өзен жағасындағы қоқыстарды тазар­тып, оларды залалсыздандыру бағытында қала әкімдігінің атқарып жатқан орасан зор еңбегін айрықша атап өткен жөн. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұл жұмыстардың тоқтаусыз жалғасатын­дығы аян.

«Жалпы, Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік экологиялық бақылау қызметін жүзеге асырады. Мекеме өз міндеті аясында қала тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдарды қарайды. Сонымен қоса әлеуметтік желідегі жарияланымдарға тиісті жауаптар береді. Тіпті соған байланысты арнайы шаралар қабылдайды. Өз кезегінде департаментке келіп жатқан өтініш хаттар негізінен тұрғын үйлер арасында мал ұстау, көршілердің қоқыс қалдықтарын өртеуі, монша, темір қабылдау пунктерінің қызметі, түнгі мез­гілде қала аумағында жағымсыз иістің пайда болуы, су, топырақтың бүлінуі, өндіріс орындарының ауаны шамадан тыс ластауы, қоқыстардың бей-берекет шашылуы, контейнердегі, көше бойын­дағы күл-қоқыстың уақтылы алынбауы, кәріз суларынан шығатын жағымсыз иістер секілді арыз-шағымдардан тұрады. Бізге жолданған өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлік нысанына жатпаса, тұрғын үйлер алабына барып, сол жердің халқымен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», дейді экология департаментінің мамандары.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see163

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see161

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see155

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see154

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see151

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see149

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see146

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see141

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see139

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see138

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see133

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see132

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see129

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see120

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see119

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

29 Тамыз 2026 18:37see114

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see114

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see111

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see111

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары